107
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Елубай А., аға оқытушы; Талпакова М., студент
Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ, Қазақстан Республикасы.
Бұл мақалада шетел тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиясының оқу үдерісінде
қолдану мəселелері қарастырылады. Бүгінде ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану түрлі мəселелер тудырумен қатар студенттердің таным сапасын жетілдіруге, оқу
материалдарын меңгеру сапасын арттыруға жəне қолдануға тиімді. Мақалада оқу үдерісіндегі ғылыми
педагогикалық іс-əрекетті дамыту, үздіксіз жетілдіру, тəжірибе жүзінде қалыптастыру, қоғам мен айнала
қоршаған орта арасындағы байланысты қайта құру, білім алушыларда өзіндік жұмыс үлгілері дамыту, тұлғаны
нақтылыққа, жүйелі іс-əрекетке бейімдеу, таным сапасының жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың
маңыздылығы басым қарастырылады.
Кілт сөздер: ақпараттық технологиялар, білім беру, ақпараттандыру, қашықтықтан оқыту, электронды
білім ресурстары.
Еліміздегі саяси жəне экономикалық өркендеудің мəнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық-
мəдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде. Егеменді еліміздің
білімберу жүйесі əлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар, оқытудың əр түрлі
əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-əрекетттерінде шығармашылық
бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын танытаалатын маман етіп тəрбиелеу ісіне ерекше мəн
берілуде.
Шетел тілін оқыту əдістемесін əлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді
жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты
нəтиже - қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі - ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды оңтайлы пайдалану.
Қазақстан
Республикасында
қабылданған
білімді
ақпараттандырудың
мемлекеттік
бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты
білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға
бағытталған. Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сəтті
жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды
қамтамасыз ету əдістемесіне, ғылым мен тəжірибенің өзара байланысына да тəуелді. Бұл ғалымдар
мен педагогтардың, психологтар мен əдіскерлердің, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Білімді
ақпараттандыру – шетел тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына
байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Шетел тілін үйретуде қолданылатын
ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің
қалыптасуына зор əсер етеді.
Тіл үйренушілердің жаңа ақпараттық жəне білімдік ортада табысты іс-əрекет етуі олардың
бойында ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі мен ақпараттық
мəдениеттілігінің үстем болуына байланысты болып келеді. Ақпараттық мəдениеттің деңгейі
тұлғаның ақпараттық кеңістікте өз адамгершілігін анықтау жəне шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі
дамытумен байланысты əлеуметтік маңызды өмір сүру тəсілін көрсетеді. Ақпараттың адам өміріне
қаншалықты əсер етуіне қарай соншалықты оның жеке тұлғалық ерекшелігі, ақпараттық мəдениеті
айқындалады. Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі - білім беруді
ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның əрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мəдениеті мен
ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Білім беруді ақпараттандыру - оқыту мен
тəрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда білім беру
саласының
теориясы
мен
практикасында
ақпараттық-коммуникациялық
технологияның
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану үдерісі.
Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында шетел тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды
игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің
алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады.
Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу
жəне тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
108
пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды
пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мəдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да
саласында адамның шығармашылық əлеуетін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан шетел тілін
үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.
Жалпы "Ақпараттық технология" термині ғылымда XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болған,
оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media),
«оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed
instruction) сияқты ұғымдармен атаған. Шетелдік жəне отандық ғалымдардың зерттеулерін талдай
келе, біз мынадай анықтама ұсынамыз: «Ақпараттық-коммуникациялық технология» дегеніміз -
мəліметтерді əр түрлі деңгейде, əр түрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше
мəрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық
тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу,
шығару жəне тарату əрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік жəне программалық – техникалық
құрылғылар мен əдістер жиынтығы. [1].
Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу жəне басқару қызметінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану, əлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге
көтерілуде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін
енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына
көшу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану -
ғасыр талаптарына сəйкес тəрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып,
шығармашылыққа ұмтылдырады. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең
көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, əдіснамалық тəсілдерді қолданудың
артуына алып келеді. Сондықтан тіл үйренушінің танымдық іс-əрекеттерін күшейтіп, өздік
жұмыстарды сапалы жəне жылдам орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық,
графикалық, видео, мультимедиа элементтерімен оқытудың мүмкіндігі жоғары.
Ақпараттық технологияларды қолдану интерактивтік жəне бейімделу сияқты құнды қасиеттері
бар білім алу ортасын тудырады. Тілдік білім алуды ақпараттандыру тіл үйренушілерге дүниежүзілік
мəдениет байлықтарымен, ақпараттық ресурстармен қатынас жасауға мүмкіндік береді жəне шынайы
мəдени коммуникация үшін жадай жасайды. Жаңа ақпараттық жəне білім алу ортасында тіл
үйренушілердің табысты қызмет етуі олардың ақпараттық-технологиялық құзыретінің қалыптасу
деңгейі мен сипатталады, оның құрамында мəдениа апарат жетекші орын алады.
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асатын, тіл үйренушілердің
мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне бейімделген ақпарат көздерін қамтитын, анықтамалық,
машықтандырушы қызметтерін атқаратын, оқыту, тəрбиелеу, дамыту, тексеру міндеттеріне құрылған
оқытудың бір түрі – қашықтықтан оқыту жүйесі. Қашықтықтан оқыту жүйесі тіл үйренушінің ерекше
танымдық белсенділігі мен қызығушылығына құрылған қатысымдық құзыреттілікке жетелейтін
тұлғалық, нəтижеге бағдарланған оқыту ортасы болады. Бүгінгі қоғам сұранысын ескере отырып тіл
үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қазіргі ақпараттық технологияларды жəне
деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген қашықтықтан оқыту жүйесінің қажеттілігі дау тудырмайды.
Қашықтықтан оқыту жүйесіндетіл үйренушілердің білімін өз таңдаулары бойынша көтеруіне
мүмкіндік беретін оқыту үдерісі жүзеге асырылады. Бұл өздігінен білім алу формаларының бірі
ретінде оқытудың “жеке траекториясын” жасақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі білімнің негізгі шарты
үйренушінің жаңаны, өзіне қызықтыны, өз оқу траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру
екенін ескерсек, қашықтықтан оқыту жүйесінжоспарлауда басты шарт тіл үйренушінің өз бетімен
қатысымдық, танымдық, ізденушілік əрекетке ұмтылысын қамтамасыз ету болуы қажет.
Зерттеушілердің пікірінше, болашақ қоғамдағы əрбір азаматтың міндеті - «мамандардың бүкіл
өмір бойы білім алуы» болады. Бүгінгі білім парадигмасына сəйкес оқытудың басты мақсаты
өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, шетел тілін оқытуды
ақпараттық білімдік ортада жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы тіл үйренушілердің шетел тілінен
қатысымдық дағдыларын өздігінен жетілдіріп отыруды өмірлік дағдыға айналдыруларына ықпал
жасау көзделеді. Тіл үйрету үдерісінде компьютерді қолдану арқылы жасанды өзгетілді орта
тудырылып, өзге тілді қарым-қатынас қамтамасыз етіледі, ақпаратты молынан алуға, өз бетімен тіл
үйренуге жол ашады.
Тіл үйрету жүйесінде қолданылатын электронды білім ресурстарын көбейту, тарату
мүмкіндігінің кеңдігі экономикалық жағынан өте тиімді. Шетел тілін оқытуға арналған электронды
оқу ресурстарының мазмұны неғұрлым бай, жан-жақты болған сайын тіл үйренушінің тілді өз
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
109
бетімен үйренуге деген қызығушылығы арта түседі, танымдық белсенділігі артады, ол өз кезегінде
өздік жұмыс нəтижесінің сапалы болуына əсер етеді. Тіл үйренуші ақпараттық білімдік ортаны
əуелде тек қана өздік жұмысты орындау барысында қолданса, кейіннен белгілі бір деңгейді
тəмамдап, қолына құжатын алып, курстан қол үзіп кетсе де, өз бетімен осы ақпараттық ортаны
қолдану мүмкіндігіне шек қойылмайды. Өздігінен жұмыс істеу дағдысын жетік меңгерген,
ақпараттық білімдік ортадан қана сусындаған тіл үйренуші шетел тілінен білімін өз бетімен үздіксіз
жетілдіріп отыруға бейімделеді.
Тіл үйренушінің өздігінен жұмыс істеуіне ыңғайлы электронды оқыту жүйесін құруда
“компьютер – тіл үйренуші – оқытушы„ үздіксіз байланысын қамтамасыз ететін интерактивтік
ұстанымы, мол ақпарат көлемін модульдік жүйеде, шоғырландыра ұсынуды қамтамасыз ететін
жүйелілік ұстанымы, тіл үйренушінің психо-физиологиялық ерекшеліктерін сəйкес даралық
ұстанымы, уақыт, кеңістік, қозғалыс бостандығын қамтамасыз ететін ізгіліктік ұстанымы, ақпараттық
кеңістіктегі еркін бағдарды қамтамасыз ететін ыңғайлылық ұстанымдары басшылыққа алынады. Тіл
үйренуші мен компьютер диалогы интерактивті терминалдың көмегімен жəне белгіленген ереже
бойынша жүргізілген есептегіш жүйе мен оны пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасуға
құрылады. Өздігінен жұмыс істеуге ыңғайлы электронды білім ресурстарының оқытуға арналған оқу
ортасы дамытушы компьютерлік ойындарға бағдарланған, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық
технологияларға негізделген жəне деңгейлік тапсырмаларға негізделген оқу орталары болып
бөлінеді. Дамытушы компьютерлік ойындарға құрылған оқу ортасы - тіл үйренушілердің өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, шетел тілін меңгеруге жəне сөйлесім əрекетін дамытуға бағытталған
ойындарды қамти отырып, олардың қатысымдық құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін орта.
Толассыз ақпараттар ағымын бүкілəлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар,
ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі -
сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік
технологиялар. Осылардың бəрін қолдануға мүмкіндік беретін қазіргі мультимедиалық
бағдарламалар тіл үйретуді жеделдетуге, оқу уəждемесін көтеруге, сөйлесім əрекетін дамытуға зор
əсерін тигізеді. Сөйлесім əрекетінің кез келген түрінің негізіне көру-есту моторының арасындағы
байланыс жататыны белгілі. Сондықтан тақырыптық жүйеде аудио-бейне əсерлермен ұсынылған
тілдік материал адамның көру, есту сезімдеріне ерекше əсер ете отырып, есте сақтау мүмкіндігін
арттырады.
Қосылып əндер айту, диктордың айтқанын қайталау арқылы дұрыс айтуға дағдыландыру,
мағынасын аша түсетін бейне материалдар, грамматикалық анықтағыштар, сөздіктер т.б. арқылы тың
тақырыпты жан-жақты ұсыну, бос орындарға жауаптар жазу, диктант, мазмұндама жазу, сəйкестік,
балама, ашық, жабық, реттік тест түрлерін орындату, т.б. тəсілдер компьютерлік технологиялардың
арқасында өте жылдам жəне ыңғайлы жүйеде жүзеге асуда.
Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу
үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті əдістемелердің
үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту жəне тексеру модульдерінен тұратын электрондық
бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Шетел тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану
тəжірибесі көрсеткендей, оның нəтижелі болуы көптеген факторларға, оның ішінде негізінен
бағдарламаның сапалы болуына байланысты. Кейбір электронды оқу құралдарында кездестіріп
жүргеніміздей, сурет немесе жазбаша мəтін түрінде ұсынылған ақпаратты тек көру немесе оқу
мүмкіндігі, кей жағдайда дыбысталу, яғни тыңдалым мүмкіндігі ғана берілетін болса, ол қағазда
басылған оқулықтың электронды аналогы ғана болып қала береді. Ал мемлекеттік тілді оқытуда
компьютердің шексіз мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген, сөйлесім əрекетінің барлық түрін
дамытуға əсер ететін, оқыту əрі тексеру модульдерінен тұратын, тіл үйренушінің өз бетімен
қолдануына ыңғайлы, білім беру стандарттары талаптарына толық жауап беретін мультимедиалық
бағдарламалар қажет. Қазақстандық тілдік тұлғаның бойында қалыптасуға тиісті негізгі
құзыреттіліктерді назарға ала отырып, компьютерлік оқыту бағдарламаларына келесі талап тар
қойылады:
1.Тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға барлық қажетті жағдайларды
жасау.
2.Үйренушілердің ақпараттық жəне мəдениеттік білімдерін көтеру.
3.Тіл үйренушілердің логикалық, рефлексиялық ойлауын дамыту.
4.Ақпаратты қортада өзін-өзі мəдени дамытудың психологиялық алғышарттарын қалыптастыру.
5. Оқу уəждемесін арттыру жəне өнімд оқу-танымдық əрекетті дамыту.
6. Шетел тілін өзбетімен автономды түрде оқу технологиясын меңгерту.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
110
7. Мəдениеттер диалогы субъектісінің тұлғасын қалыптастыруға əсер ету.
Шетел
тілін
басқа
ұлтөкілдеріне
оқытуға
арналған
бағдарламаларға
қойылатын
дидактикалықталаптар:
– орнату мен жүйені жаңарту кезіндегі икемділік;
– үйретуді басқарудың икемділігі;
– қайтарымды байланыс;
– оқу үдерісін бақылау;
– ұпай мен рейтинг жинау жүйесі;
– оқу нəтижелерінің мониторингі;
– мультимедиа қолдауы;
– тапсырмалардың сан алуан типтері [2].
Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың өз
бетінше жұмысын жəне олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық
ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы
электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік
береді.
Шетел тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру,
жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді үйретудің сапасына қатаң талап қою, тіл
үйренушілердің өздігінен білім алуын ұйымдастырумен бірге оның нəтижелеріне тұрақты бақылау
жасау. Бақылау жасау – адамның өзінің алдына қойған мақсатына қарай жүзеге асырылатын
əрекетінің дұрыстығын қадағалау, тексеру. Компьютер тіл үйренушінің жауабын бағалайды, келесі
кезекте қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды. Оқу үдерісінде компьютер оқытушы,
электронды интерактивті тренажер, эксперт, іс-əрекет серіктесі, құралы, үйретуші, тексеруші,
бағалаушы қызметтерін атқарады. Шетел тілін оқытуда қолданылатын бақылау, бағалау
тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде
тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке
қол жеткізіледі. Компьютердің мультимедиалық ерекшелігі тест тапсырмаларын алуан түрлі етіп,
сөйлесім əрекетінің барлық түрін қамти отырып, қатысым əрекетіне негіздей құруға мүмкіндік
береді. Шетел тілін ғаламтор арқылы оқыту жүйесінде қолданылып жүрген онлайн-тестілеу
жүйесінің диагностикалық мақсаты – бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мəліметтерді талдау,
қорытынды жасау арқылы тіл үйрету үдерісінің нəтижесін, тіл үйренушінің қатысымдық
құзыреттілігінің деңгейін анықтау болып табылады, ол өз кезегінде кемшіліктер мен жетістіктердің
себептерін айқындауға, тіл үйрету үдерісінің əрі қарай даму болжамдарын жасауға ықпал етеді [3].
Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дəстүрлі əдістемеге
қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына,
қатысымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді əлемдік мəдени құндылықтарға,
ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мəдениаралық коммуникацияға жағдай
жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты
дəлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет.
Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
түрлері арта беретіні сөзсіз. Сондықтан шетел тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды
ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кəсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық
құзыреттіліктерін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.
Əдебиеттер:
1. Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.Педагогика тағылымы.
2.
http://bilimdiler.kz/adistemelik/1753-akparattyk-kommunikaciyalyk-tehnologiyany.html
.
3. Можаева Г.В. Учебный процесс в системе дистанционного образования// Открытое и дистанционное
образование. - 2000.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Достарыңызбен бөлісу: |