Саясимінез-құлық – субъектілердің саяси тәжірибеге қатысты бағыты мен әрекетін көрсететін саяси шындық пен өзара іс-әрекеті. Саяси мінез-құлық адам мінез-құлқының жоғары сатысы және бұл түсінік жеке тұлғаларға, топтарға, ұйымдарға қатысты айтылады. Саяси мінез-құлық алға қойылған мақсаттармен реттеледі. Оның мәні, бағыты, құндылығы, сипаты мен ерекшеліктері адамның дүниетанымына тәуелді. Саяси мінез-құлық кең мағында, ерекше қызметті білдіреді.
Жоғары деңгейде - қызмет ретінде басқа адамдардың мүдделері мен талаптарын реттеуге ұмтылу.
Орташа деңгейде - өз мүдделері мен оларды саяси көрсету бағытындағы қызмет.
Төменгі деңгейде - бұл саяси жүйенің құндылықтары мен ережелерін игеру барысындағы қызмет.
Жоғарғы деңгейдегі саяси мінез-құлық кәсіби-саясаткерлерді, бірінші кезекте оның көшбасшыларын сипаттайды.
Саяси мінез-құлықтың формалары Саяси мінез-құлықтың екі негізгі формасы бар – саяси қатысу және саяси нигилизм. Біріншісі әр түрлі формада көрінуі мүмкін және саяси процесс актерлерінің сайлауға қатысу, мемлекетік қызметші болу, наразылық білдіру, саяси ұстанымын білдіру сияқты нақты саяси әрекеттерінде көрінеді.
Апатиялық мінез-құлық, немқұрайлық немесе нигилизм, керісінше, қоғамдық өмірге, қоғамдық істерге араласпай, саяси оқиғаларды елемей, саясатқа қатыспауымен сипатталады.
Саяси нигилизмнің ең көп таралған түрі – абсентеизм, ол сайлауға қатыспау. Оның азаматтар арасында таралуына бірқатар факторлар әсер етеді: қазіргі саяси жүйеге деген сенім, саяси мәдениеттің деңгейі, сайлау рәсімінің заңдылығы.
Саяси институттарға деген сенімнің жоғалуы, саяси жүйенің тиімділігінің төмендеуі, саясаттан гөрі күнделікті тірлік пен жеке мәселелерді шешуге мәжбүрлейтін әлеуметтік-экономикалық проблемалар пассивті саяси мінез-құлыққа әкелуі мүмкін.
Саяси ғылымдағы типология бойынша саяси мінез-құлықтың екі негізгі түрі бар: ашық (саяси әрекет) және жабық (саяси әрекетсіздік немесе енжарлық).