Қосарланған қос байланыстардың орны бойынша изомерия:
Көміртек қаңқасының изомериясы:
Алкиндер және циклоалкендермен классаралық изомерия.
Мысалы, С4H6 формуласына келесі қосылыстар сәйкес келеді:
Құрылымдық изомерия
Қос байланыс жанындағы көміртек атомдарында әртүрлі орынбасарлары (R) бар алкадиендер (алкендердегі сияқты) цис-транс-изомерді көрсетеді.
Алкадиендердің кеңістіктегі изомериясы
Сонымен қатар қос байланыстарды бөлетін σ-байланыс бойынша бұрылу мүмкін. Мұндай бұрылыстар бұрылу изомерлері деп аталады. Қосарланған диендердің кейбір химиялық реакциялары тек белгілі бір бұрылу изомерлерінде ғана жүреді.
Алкадиендердің кеңістіктегі изомерлері
Табиғи көксағыз
Көксағыз табиғи және синтетикалық деп бөлінеді. Табиғи көксағыз, негізінен, көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында кездеседі. Синтетикалық көксағыздар – диен көмірсутектері мен олардың туындыларының полимерлену өнімдері.
Табиғи көксағыз (каучук).Табиғи көксағызды Оңтүстік Америкада (әсіресе Бразилияда) көп өсетін гвея ағашынан алады. “Каучук” сөзі тұрғылықты адамдардың тілінде “ағаштың көз жасы” деген мағына білдіреді. Көксағыз алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды жинап алады. Ауада ақ түсті сүт тәрізді шырын тез қатайып қараяды да, резеңке тәрізді шайырға айналады.