11. Дәріс. Масс-медиа, технологиялар және қоғам


Дәріс. Экономика, жаһандану және еңбек



бет2/2
Дата24.11.2022
өлшемі30,65 Kb.
#52391
1   2
12. Дәріс. Экономика, жаһандану және еңбек
Дәрістің мазмұны - экономиканың мәні мен құрылымын ашу; оның негізгі сипаттамаларын: еңбек нарығы мен жұмысбастылық, ресурстарды, факторларды қарастыру, және экономикалық жүйелерді компаративистік талдау жасау.
Негізгі сұрақтар:
12.1 Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау.
12.2 Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы.
12.3 Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде.
12.1 «Экономика» термині екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ол гректің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (заң) деген сөздерінен құралған. «Экономия» терминін ең алғашқы рет Ксенофонтүй шаруашылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген.
Дербес ғылым ретінде экономикалық теория саяси экономия атауымен пайда болды. Саяси экономия тарихи тұрғыда негізгі кластар мен әлеуметтік топтар арасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастарды зерттеу болып табылатын ғылым ретінде қалыптасты. Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген адамдар мен топтардың материалдық игіліктері мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді.
«Жүйе» терминінің жалпы мағынасы (гректің systema – бөлшектерден құралған тұтастық) белгілі бір тұтастықты құрайтын, бір – бірімен тығыз байланысқан және қатынаста болатын элементтердің жиынтығы дегенді білдіреді. «Экономикалық жүйе» термині талдаудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылады. Бұл мағынада экономикалық жүйе ретінде ең қарапайым құрылымдарды да санауға болады (мысалы, жеке үй шаруашылықтары немесе шаруашылық субъектілер), бірақ бұл термин көп жағдайда макроэкономикалық көзқарас шегінде тұтас ұлттық шаруашылық қызмет ету заңдылықтары қарастырылған кезде қолданылады. Кез келген экономикалық жүйе қоғамдық өндіріс дамуының қандай да бір деңгейін қарастырады, сондықтан әдетте ол екі аспектіде сипатталады: техника – технологиялық – «адам - табиғат» қатынастарын бейнелейді, яғни «өндіргіш күштер» категориясымен бейнеленетін қатынастарды қарастыратын; әлеуметтік – экономикалық – адамдар арасындағы қатынастарды бейнелейтін, «өндірістік қатынастар» категориясымен бейнелетін қатынастарды қамтитын. Құрылымы бойынша өндірістік қатынастар ұйымдық – экономикалық (техникалық - экономикалық) және әлеуметтік – экономикалық деп бөлінеді. Ұйымдық – экономикалық қатынастар адамдар арасында қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға қатысты қалыптасады. Ұйымдастыру формалары болып еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндірістің шоғырлануы (фирмалардың іріленуі), олардың орталықтандырылуы (фирмалардың бірлесуі) болып табылады. Жалпы экономикалық жүйе нақты жағдайда шаруашылық ету тәжірибесінен туындайтын қоғамның ерекше құрылымын бейнелейді.
12.2 Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады. Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығында субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегенімен білгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды.Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді. Икемді нарықтық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы озара әсерлерімен белгіленеді.
Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма - монопсонистің шешіміне өте елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты, еңбек нарығының юнионизациялану дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының нақты көлемін оның тепе-тендік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады. Бұған жатпайтын - моноп-сониялық нарық. Бұл нарықта кәсіподақтар жалақы көлемінің өсуімен бірге жұмыспен қамту дәрежесін де өсіре алады. Дамыған елдердің көбінде заң жүзіңде жалақының минимумы белгіленген. Бұның мақсаты - кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау. Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдык, жалақыға жұмыскерге төленген ақша сомасы жатады, ал нақты жалақы - бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне болсек, нақты жалақы шығады. Нақты өмірде фирмалар мен жұмыскерлердің барлығы қатысатын біртұтас абстракты еңбек нарығы болмайды. Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген локалдық еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар аймақтық, салалық ерекшеліктермен, маманданған топтардың рөлімен, квалификациялық топтармен, жыныс-жастық, ұлттық және т.б. айырмашылыктармен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныстың ауытқу әсері арқасында пайда болатын еңбек ақысының дәрежесінің өзгерістері локалдық нарықтарда (сегменттерде) орын алады және олардың динамикасы ерекше болады. Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық құрылымы ылғи өзгеріп отырады. Осымен бірге жұмысшы күшіне сұраныс өзгеріп тұрады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның модернизациясы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық мамаңдықты жете игеруін тілейді. Әрбір белгіленген мерзімде сұраныс пен квалификациясы жоғары жұмысшы күшінің арасында сәйкестік болмайды. Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сегменті болады: тәуелсіз бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс орындарының нарығы. Біріншілік жұмыс орындарының бірінші сегментінде жоғары дәрежелі және арнаулы орта білімі бар жұмыскерлер, әкімшілдік-басқару персоналы, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік- көмекші персонал, инженерлік-техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтың жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші сегмент арнаулы дайындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған квалификациясы жоқ жұмысшылар, қыз-мет көрсететін жұмыскерлер, қызметшілердің томенгі категориясы жатады. Жекелеген аймақтардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығының регионалдық сегментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымы, ұлттық кұрам жатады. Жұмысшы күшінің құрылымы болмағанда бес сегменттен тұрады. Біріншіден, сонша көп болмаса да жоғары маманданған басқарушы жұмыскерлердің (менеджерлер) тұрақты тобы. Екіншіден, кадрлық жоғары квалификациясы бар жұмысшылар мен қызметшілер. Үшіншіден, құрылымдық кайта құруға және қыскартылуға жататын, өндіріс өнеркәсіп салаларының жұмысшылары. Төртіншіден, қызметтер сферасын қосып есептегенде, еңбек сіңіргіш салалардың жұмыскерлері. Бесіншіден, еңбекшілердің әсіресе осал (әлсіз) категориясы — жастар, қарт адамдар, дене және ой-сана кемшіліктері бар адамдар, жұмыс табудан күдер үзгендер және т.б.
Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы - бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды
Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп көрсетілген. Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек. Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді. Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу. Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.
12.3 Жаһандану адамзат дамуының жаңа факторы және қазіргі әлемнің басымды тенденцияларының бірі. Әлемнің өзгеде елдегі сияқты Қазақстан бұл процестен тыс қала алмауы. Еліміздің экономикасының либералдануының және шетел инвестициясының айтарлықтай жоғарғы дәрежеде тартылуы нәтижесінде Қазақстан жаһандануға тартылды. Үлкен энергетика ресурстарының қорының болуы, құнды табиғи қазбалардың болуы, үлкен аумағының және стратегиялық геосаяси жағдайының болуына орай еліміз әлемдік экономикада сәйкесінше орын алды. Қазақстанда мұнай өндіру қарқыны артуда, әлем рыноктарына оларды жеткізудің коммуникациясы жасалуда, бұл мемлекеттің ресурстарды жеткізіп беруші ретіндегі өз әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылысын көрсетеді. Әлемдік экономикада әр ел өзінің орнын табуы тиіс. Қазақстанның әлемнің экономикалық кеңістігіне енуі Орталық Азиядағы лидерге айналуында. Қазақстан Орталық Азия республикаларының әлеуметтік – саяси және экономикалық өзара әрекеттесуінің басты буыны болып саналады. Ол өзінің экономикалық ықпалын осы аймақта белсенді саясат жүргізіп, кеңейтуге тырысуда. Экономикалық жаһандану жағдайында елдердің аумақтық және экономикалық қағидатпен жақындасуы жүреді, Қазақстан осындай кооперацияның бастамашысы болып келеді. Ол ТМД, ЕврАзЭЫ (Еуропа экономикалық ынтымақтастығы), ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы), ЭЫҰ (экономикалық ынтымақтастық ұйымы, бұған Орталық Азия елдерімен қатар, Ауғанстан, Иран, Пәкістан және Түркия қатысады), ТРАСЕКА (Еуроазиатский транскортный коридор: Азербайжан, Армения, Болгария, Грузия, Казахстан, Кыргызстан, Молова, Румыния, Тәжікстан, Түркіменстан, Туркия, Өзбекстан, Украина) және ОЦАС (орталықазия ынтымақтастық ұйымы). Бұның бәрі қатысушы елдердің экономикасының дамуына ықпал етуге тиіс. Қазақстан компаниялары мен банктері Ресей, Грузия, Қырғызстан, Украина және т.б. мемлекеттердің аумағында соңғы жылдары қызметтерін арттырды. Еліміздің әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын түсінуде: 1) аумақ көлемі маңызды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 10 орында. Экономиканың жаһандануы жағдайында еліміздің үлкен аумағы, оның географиялық орналасуы, геосаяси орыны ықпалдасу процесіне тез кіруге ықпал етеді. Ел аумағы Батыс пен Шығыстың түйісінде орналасқан. 2) жан басына шаққандағы ІЖӨ жағынан Қазақстан 67 орында. 3) Алтын және волюта резервы бойынша 53 орында 17 млрд АҚШ доллары көлемінде (2007ж). Бұл халықтың хал – ақуалын және экономиканың тұрақтылығының көрсеткіші. Қазақстаннан кейін 140 мемлекет орналасқан, резервы 10 млн $ АҚШ құайтын елдерде бар. 4) Әлем рыногінде шетелден инвестиция тарту және өз инвестициясын шетелге шығару жағынанда Қазақстан белсенді. Шетелге инвестиция шығару жағынан Қазақстан 52 орында. (2006ж), ал елімізге шетел инвестициясын тарту жағынан 47 орында (2006ж). 5) Шетел инвестициясын Қазақстанның табиғи қазба байлықтары қызықтырады. Республика әлемдік нарықта көмір өңдеу мен экспорттауда 10 елдің қатарына кірді. Темір рудасының қоруы бойынша әлемде 8 – і орында, әлемдік қорда оның үлесі 6% құрайды. Мыстың үлкен қоры бар, елімізде өндірілген мыс шетелдерге экспортталады. Қазіргі кезде Қазақстан астықты шетелге шығарудағы әлемдегі ірі экспортер. Республикада егістік көлемінің шамамен 90% астықтың үлесіне тесілі. ТМД кеңістігінде астық өндіруден Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Қазақстанның астықты жылына экспорттау әлеуеті 5-6 мен тоннаны құрайды. Өндірістің жаңа технологиясын пайдаланудың есебінен Қазақстан таяу жылдары әлемдік нарыққа бидайды шығаруды 12 млн. тоннаға жеткізбекші.
Жаһандану Қазақстанға экономикалық даму үшін көп мүмкіндік береді. Шетел инвесторлары – трансұлттық корпороциялар қаржыны Қазақстан экономикасының негізі – энергетикалық секторға, мұнайгаз саласына салып, экономиканы дамытты. Дүние жүзілік сауда ұйымына Қазақстанның мүше болуы дүние жүзі шаруашылығына ықпалдасуына оң әсерін тигізді. Отандық тауарлардың басқа елдердің нарығына кіруіне жағдай туғызды және еліміздің әлемдік сауда да өз орыны нақты анықтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан басқа да Орталық Азия мемлекеттері сияқты шикізат елі рөлін бірте – бірте төмендетіп келеді, сөйтіп экономиканы индустриальды – инновациялық бағытта дамытуға бет бұрды.
Жаһанданудың Қазақстан Республикасы үшін жағымсыз тұстары да жоқ емес, оған келесі факторлар қатты ықпал етті: 1) жекешелендірумен және экономиканы либералдандырумен байланысты мемлекеттік меншік өте қысқарды; 2) ашықтығы жағынан республика әлемде алғашқы орындардың бірінде тұр; 3) Қазақстан мемлекеттік меншігі денгейі айтарлықтай жоғары Қытай және Ресей мемлекеттерімен шектескен; 4) Қазақстан геосаяси жағынан Шығыс пен Батыстың түйіскен жерінде орналасқандықтан транзиттік жол, онымен жария тауарлармен қатар есірткі және т.б. тауарларды тасмалдау қауіпі бар; 5) Қазақстанның энергетика ресурстары трансұлттық корпорацияларды өзіне тартады және ол ықпалдасу процесін жеделдетеді; 6) үлкен аумақ және халық санының аздығы; 7) коммуникацияның дамуы, экономиканың индустриалдық сипаты, жұрттың жоғары білімдігі жаһандануды, ықпалдастықты күшейтеді.
Жоғарыдағыларды қорыта келіп, жаһандану экономикалық егемендікке, экономикалық қауіпсіздікке және мемлекеттің ұлттық мүддесіне қайшы келетін қауіп – қатері бар. Сондықтан жаһандану дәуірінде экономиканы қорғау қажеттігі туындайды.
Бакылау сурактар:



  1. Жаһандану: плюстері мен минустары.

2. Әлеуметтік, саяси және мәдени процестеріндегі жаһандану ұғымы.
3. Әлемдік экономиканың қазіргі жаһанданудың зерттелуі, оның негізгі жағымды және жағымсыз жақтары.
4. Қазақстанның жаңа геосаяси шындық субъектісі және халықаралық аренада әрекет етуші фактор ретінде қалыптасуы.
5. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасының жалпы сипаттамасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет