№11 Дәріс. Photoshop графиктік программасының арнауы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі

бет1/3
Дата30.09.2023
өлшемі248,31 Kb.
#112005
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
1271777.pptx

№11 Дәріс. Photoshop графиктік программасының арнауы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі

Жоспар

  • Photoshop бағдарламасының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері.
  • Photoshop программаларының терезелерімен танысу

Photoshop бағдарламасының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері.

Растрлік бейнелерді өңдеу

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop –пен бірге ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.

Photoshop өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop -тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез-келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Photoshop жаңарған сайын жұмысқа икемді әрі ыңғайлы болуда. Оны тағы да бір рет дәлелдейтін бір жай - енді ыстық клавишаларды өздігінше өзгертуге және реттеуге мүмкіндік бар. Қолданушы программада берілген ыстық пернелерді жаттамай-ақ өзіне ыңғайлы болған пернелерді түзіп қоя алады.

Тағы бір дәлел болатын жағдай – жаңа Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің түсі мен ол жайлы ақпартаттарды көру, әлбетте сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан ерекшеленеді.

Одан басқа Photoshop-та біріктірілген кескін суреттерді (панорамных изображений) шағаратын жаңа керемет команда пайда болды. Бұл - Photomerge (фото біріктіру) командасы. Бұның көмегімен кез келген суретті көлденеңінен де, тігінен де біріктіріп жаңа кескін алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет