Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің
мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады
Теория мен практиканы байланыстыру принципінегізіне классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек көзі – тұрмыс жəне практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тəрбие əрқашан өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан əулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тəрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен əдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəуелді келеді
Ұнамды көңіл-күй сақтау принципібала табиғатының дамуы мен оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды
Назарларыңызға рахмет!