11 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы полисахараидтер қысқаша теориялық мәліметтер



бет1/7
Дата03.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#133684
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-зертхана Биохимия 2


11 ДӘРІСКЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
ПОЛИСАХАРАИДТЕР
Қысқаша теориялық мәліметтер. Полисахараидтер дегеніміз- күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан моносахаридтерден құралады. Полисахараидтерге жататындар: крахмал, гликоген, целлюлоза (клечатка), инулин, гемицеллюлоза, пентозалар т.б Кейбір полисахаридтер мукополисахараидтер деп аталады, олар аминосахаридтерден және урон қышқылынан тұрады. Мукополисахараидтерге жататындар: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. Полисахараидтер өте күрделі, олардың құрамына 1000- ға дейін, тіпті одан да көп моносахарид қалдықтары кіреді. Сондықтан олардың молекулалық массасы да өте жоғары, миллион, тіпті одан да жоғары болады.

1. Крахмалдың жалпы формуласы (С6Н10О5)n мұндағы n мөлшері бірнеше мыңға жетеді.Крахмал – өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жем- шөп болатын аса маңызды полисахарид.
2. Гликогеннің де жалпы формуласы (С6Н10О5)n ,бірақ мұндағы n шамасы крахмалдағыдан азырақ. Гликоген жануарлардың полисахарид қоры.
3. Целлюлоза (клечатка) өсімдіктер клеткасының негізгі материалы, оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n . Мұндағы n шамасы бірнеше мың.
4.Гиалурон қышқылы – жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінде кездесетін аса маңызды полисахарид, мұны мукополисахарид деп те атайды.
5.Гепарин – сүтқоректі жануарлардың көптеген ұлпаларында кездесетін мукополисахарид.Гепариннің молекулалық құрылымы сызықты келеді, кезектесіп жалғасатын дисахарид бөліктерінен құралады.
6.Хондроитинсульфаттар - басқа мукополисахарид сияқты дәнекер ұлпасында болады. Хондроитинсульфаттардың молекуласы қайталанып тұратын дисахаридттік бірліктерден (мономерден) D глюкурон қышқылынан және N ацетил D галактозаминнен құралған.
7.Гемицеллюлозалар – өсімдіктер гетерополисахаридтері. Гемицеллюлозалар (грек. геми – жарты, яғни жарты целлюлоза) целлюлозамен салыстырғанда кіші, молекулалық массасы күрделі көмірсулар. Олар крахмалдық емес көмірсулардан құралған, құрамында маннандар, галактандар, ксиландар, урон қышқылдары және лигин болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет