11 Ә сынып химия 2-тоқсан тжб тапсырмалары Алкадиендердің жалпы формуласы



бет1/2
Дата19.06.2023
өлшемі112,46 Kb.
#102438
  1   2
Байланысты:
11 Ә сынып химия 2-тоқсан ТЖБ


11 Ә сынып химия 2-тоқсан ТЖБ тапсырмалары

1. Алкадиендердің жалпы формуласы:



A) CnH2n +2
B) CnH2n
C) CnH2n - 2
D) CnH2n-6 [1]

2. Алкиндер қанықпаған көмірсутектерге жатады. Ацетилен қатарына тән реакциялардың типін жазыңыз: [1]
3. Диаграммада этилен мен бензолдың орбитальдік модельдері көрсетілген. Бұл диаграммада екеуінің құрылысының ұқсастығы байқалады, дегенімен этиленге қарағанда бензол қосылу реакцияларына қиын түседі.

Себебін түсіндіріңіз:


[1]

4. (a) Бензол берілген заттардың әрқайсысымен әрекеттеседі:



A) C2H5OH, Br2, H2;
B) H2SO4; CH3Cl, Br2;
C) HNO3; Br2; O2
D) C3H7OH, Br2, H2O;

[1]
(b) Таңдаған қатардағы реагенттің біреумен бензолмен әрекеттесу реакция теңдеуін құрыңыз.
________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________[2]
5. Төменде органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын берілген.

Айналымды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін құрыңыз:
1)______________________________________________________
2)_________________________________________________________
3)____________________________________________________________ [3]
6. Батыс Қазақстанда өндірілетін табиғи газды ацетилен алу үшін қолданады. Көлемі (қ.ж.) 70,74 л табиғи газдың құрамындағы метанның көлемдік үлесі 95% құрайды. Егер өнімнің шығымы 60% құрайтын болса, табиғи газдан түзілген ацетиленнің көлемін есептеңіз.

[3]

7. Пайдалы қазбалар қатты, сұйық, газтектес болады. Оларды қолданылу саласы бойынша бес топқа бөледі.
І топқа жататын отын – энергетикалық минералды заттар. Берілген кестені толтырыңыз: [1]

Қатты отын

Сұйық отын

Газтектес отын










8. Мұнай әртүрлі заттардың өндірісінде қолдалынатын өте пайдалы шикі зат болып табылады.
(a) Төмендегі құрылғыны шикі мұнайды фракцияларға бөлу үшін пайдаланылады.
(b) Мұнайды фракцияларға бөлу процесі қалай өтетінін сипаттаңыз. Өзіңіздің жауабыңызда:
•Бұл процестің атауын;
•Бұл процесс қалай іске асырылады;
•Фракциялардың шығуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
Әдетте екі алынатын фракциялардың атауларын жазып енгізіңіз:
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________[5]
(c) Алканның крекинг нәтижесінде екі өнім X және Y түзілді.
СnH2n+2→X+Y
X өнімі бром суын түссіздендіреді ал Y өнімі түссіздендірмейді. Y өнімінің салыстырмалы молекулалық массасы, Mr, 58 тең.
Егер X өнімі броммен әрекетсе, онда Mr 244 тең дибром галогентуындысы өнім ретінде түзіледі.
i.Крекингті жүргізуге қажетті шарттарды белгілеңіз.
_________________________________________________________________________________________________________[1]
ii.Y өнімін анықтаңыз.
_________________________________________________________________________________________________________
Y деген __________________________________________________________
[1]
iii.Бром суын түссіздендіреді деген дерекке сүйеніп, X өнімі туралы қандай болжам жасауға болатынын ұсыныңыз
__________________________________________________________________________________________[1]
iv.X өнімін анықтаңыз және осы қорытынды үшін жоғарыда берілген ақпаратты қалай пайдаланғаныңызды түсіндіріңіз.
X деген _______________________________________________________________________________________________[1]
v.Түсінік __________________________________________________________[1]

9. Кестедегі бос орындарды толтырыңыз:



Мұнай
фракциялары

Фракциялардың
көмірсутектік құрамы

Қолданылуы



Бензин

С6Н14 - С10Н22

Автомобиль, ракета отыны

Газолин

С8Н18 - С14Н30




Керосин

С12Н26 - С18Н38

Реактивті ұшақтардың жанар майы




С14Н30 – С25Н52




Мазут

С20Н42 – С34Н70




10. (a)Қазақстанда электр қуатының 70%-дан астамы көмірден өндіріледі. Көмір жағу салдарынан туындайтын проблеманың бірі - парниктік эффект. Парниктік эффект дегеніміз не?
[1]
(b)Парниктік эффекттің климатқа тигізер әсерін сипаттаңыз:
[2]

Жалпы 30 балл

11 Ә сынып химия 2-тоқсан ТЖБ тапсырмалары











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет