Басқарушының жауапкершілігін неғұрлым айкын сипаттауға мынадай сұрақтар сәйкес келеді. Мұның өзі басқа басшыларды бақылайтын басшы қызметкерлердің барлығына пайдалы болатыны сөзсіз
Басқарушының жауапкершілігін неғұрлым айкын сипаттауға мынадай сұрақтар сәйкес келеді. Мұның өзі басқа басшыларды бақылайтын басшы қызметкерлердің барлығына пайдалы болатыны сөзсіз:
Әрбір орындаушы мұқият таңдап алынды ма?
Қызметкерді атқаратын міндетіне қарай тексеру жүргізілді ме?
Қызметкерді жұмысын орындауға, өзінің кәсіптік даярлығын терендетуге және жалғастыруға баулаутындай қандай шаралар жүзеге асырылды?
Жаңа міңдетті шешер кезде берілген нұсқау жеткілікті негізделген бе?
Қызметкерлердің жұмысты орындауына уақыты жете ме?
Тиісті колайлы еңбек құралдары мен жұмыс орындары бар ма?
Қызметкерлер өз мақсатын біле ме?
Қызметкерлер өзінің жетістіктері мен кемшіліктері туралы ұдайы мәлімет алып тұра ма?
Қызметкерлер өз фирмасы, оның жұмысының маныздылығы, қажетті мәселелері туралы мәлімет алып тұра ма?
Қызметкерге өз жұмысының ерекше қиындығы, кауіптілігі туралы ескертілді ме?
Қызметкерлер рационализаторлық істі дамыту, кәсіпорын, жұмысын арттыру, моральдық және материалдык көтермелеу мүмкіндіктерімен таныс па?
Жұмыс мотивацияға неғұрлым толық мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған ба?
Қатардағы қызметкерлердің басшыға өзінің мәселелерімен және әрекеттерімен пікірлесуіне мүмкіндігі бар екендігін біле ме?
Оған өзінін кәсіпорындағы басқарудың негізгі маңызды бағыттары белгілі ме?
Ол өзінің құқығын және шағым айту тәртібін біле ме?
Ол кәсіпорынның жарнама материалдарымен, жарнама компанпясының мақсаттарымен таныс па?
Қызметтен тыс уақытта фирмада өткізілетін шаралармен таныс па? Қызметкерлер оған арнайы шақырыла ма?