11 сабақ:Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.Қазақстан тың игеру жылдарда. Тақырып:Қоғамдық саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер



Дата10.12.2023
өлшемі14,08 Kb.
#136750
түріСабақ
Байланысты:
Тарих 11 семинар


11 сабақ:Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.Қазақстан тың игеру жылдарда.
Тақырып:Қоғамдық саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер.
Қоғамдық саяси жүйеде 20 жылдардың ортасында қалыптасқан қатаң әкімшіл- әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түскен болатын.Бұл қоғамдық саяси өмірдің барлық саласында көрініс тапты.Мәскеу мен Ленинградта ^Ленинградтық іс^,^Дәрігерлер ісі^ жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы Бекмахановтың ісі ұйымдастырылды.Бекмаханов соғыс жылдарында Кучкин,Греков және тағы басқа тарихшылармен бірігіп Қазақ КСР тарихын даярлады.Кітап 1943 жылы жарық көрді.Алғашқыда еңбек бағаланды бірақ кейіннен сынға алынып,кітаптағы ұлт азаттық көтерілістерге берілген баға қызу әңгімеге жанжалға әкелді.Бекмахановтың 1947 жылы шыққан “Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында“ кітабы да сынға ұшырады.1951 жылы 10 сәуірде Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып,1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға сотталған болатын.Тарихта жылымық кнзеңі болды ол 1954-1964 жылдары болды.1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп,әміршіл-әкімшілдік басқару жүйесі босаңси бастады.Осы кезде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып,партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды.1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралды.1954 жылы Бекмаханов,Сәтбаев еліне оралды.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сыңға алуы үлкен ерлік болғанымен олар орныққан әміршіл әкімшілдік жүйені толық жоймады.Әлі де кінәсіз адамдар түрмеде қалды . 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.Сондай ақ 1930-32 жылдары саяси сауатсыз жүргізілген ұжымдастырудың кесірінен орын алған ашаршылықтан 2,1 миллион адам аштан өлді.Оның ішінде 1,5 миллион адам қазақтар болды және соғыстан кейінгі жылдарда мектептердің материалдың жағдайларын жақсарту,оқу сапасын жақсартуға ерекше мән берген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет