11 сынып «Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсан бойынша тжб тапсырмалары



Дата15.12.2023
өлшемі29,34 Kb.
#137966
Байланысты:
11 cын.1 тоқ.ТЖБ




11 сынып «Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсан бойынша ТЖБ тапсырмалары


1.Ұсынылған өлшемдер бойынша шаруашылық қызмет түрлерін салыстырып, кестені толтырыңыз.

Критерийлері

Көшпелі мал шаруашылығы

Егіншілік

«Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі»





«Қоныстану жүйесі»





«Экожүйе»







[6]

  1. ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.




Дәстүрлі (аграрлы) экономика

Жоспарлы (социалистік) экономика

Артықшылығы





Кемшілігі





Қорытынды ой





[5]

  1. Дереккөзді пайдаланып, Ежелгі Отырар қаласының дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін көрсетіңіз.

Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбедегі тиындардың жиыны таңғаларлық. Ол жерде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад, Эмиль (Еміл), Орда әл-Азамның; еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің; қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Заттардың ішінен, әсіресе, күмістен жасалған ұйғыр жазуы бар құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші Азия қалалары шеберханаларының бірінде жасалған белдік айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер. Дереккөз: «Құм жұтқан қалалар: Отырар қалашығы» Әйгерім Бегімбет, 2017ж.

Ұлы Жібек жолының Отырардың дамуына әсері туралы 2 аргумент келтіріңіз.


________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

«Ұлы Жібек жолының Отырар қаласының жойылуына әсері болды» деген пікірге қатысты өз ойыңызды жазыңыз. Дәлел келтіріңіз.


________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [4]


  1. Көшпелі және отырықшы халықтың өзара байланыстарын анықтаңыз.

Көшпелілер отырықшы халықтарға қарағанда өздерінің шаруашылығының бір жақты және бір салалы болуына байланысты сауданың дамуына мүдделі болды...
Көшпелілер үшін әртараптандырылған экономикасы негізінде қосымша өнім өндіру қиынға соғатын. Отырықшы қоғаммен сауда жасау барысында көшпелілер үшін тек егіншілік өнімдері ғана емес, сонымен қатар, қолөнер бұйымдары да қызығушылық тудыратын. Бұл бұйымдарды өздері жасауға талпыныс жасағанына қарамастан көшпелілер өз қоғамының арасында қолөнер өнімдерінің сапалы әрі қажетті көлемде өндіруді іске қоса алмады.
Хазанов А. М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. А.: Дайк-Пресс, 2002. — 604 с. с. 329)



Шаруашылықтағы байланыстары

1.
2.

Сауда байланыстары

1.
2.



Мәдени байланыстар

1.
2.

Қорытынды


[7]
5."Қазақстан-2050" Стратегиясындағы «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм» пайымдауына сүйене отырып, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуына SWOT талдау жасаңыз.

S Күшті жақтары

1.
2.



W Әлсіз жақтары

1.
2.

O Мүмкіндіктері

1.
2.

T Қауіп -қатері

1.
2.



[8]




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет