11-сынып бойынша бақылау сұРАҚтары


Күрделі сөз болмайтын қатарды белгілеңіз



бет3/4
Дата03.10.2023
өлшемі24,96 Kb.
#112859
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
11 нөлдік бақылау

8. Күрделі сөз болмайтын қатарды белгілеңіз.
А)Баспана
Ә)Бытыр-бытыр
Б)Денелірек
В)Денсаулық


9. Түбірі өзгеріске ұшырап біріккен сөздер қатарын табыңыз.
А)Қонағасы, итбалық.
Ә)Сөйтіп, ендігәрі.
Б)Туынды, Сарыөзек.
В)Жүкаяқ, ата-ана


10. Тәуелдік жалғауын меңгеріп тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А)Бұл
Ә)Онысы
Б)Олар
В)Оған


11. Қатыстық сын есімді антонимді белгілеңіз.
А) Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, қош көрдім.
Ә)Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарын құлан жортпас құла дүзге лақтыр.
Б)Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
В)Қайғылы, қуанышты қайран күндер,
Қалай да мен сендерді ұмытпаспын!


12. Моңғол тілінен енген сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А)Сырым жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келіпті.
Ә)Шаң жақындаған сайын аттың шабысы да ширайды.
Б)Қаракөз ханым өлген соң Жиренше үйленбей көп жүріпті.
В)Жарлық алған нөкерлер аймақтарды аралауға аттанды.


13. Баяндауыш қызметіндегі бұрынғы өткен шақты белгілеңіз.
A) Алтын көрсе, періште жолдан таяр.
Ә) Мәдениет сарайына халық көп жиналыпты.
Б) Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.
В) Ексең егін, ішерсің тегін.


14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
Ә) Қызықты кітап.
Б) Мөлдір бұлақ сылдырлайды.
В) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.


15. Жинақтық сан есімнің жұрнағын жалғауға болатын қатарды ажыратыңыз.
A) Келе жатыр бәйгенің ең алдынан Жүз екі() келген ақынның от өлеңі.
Ә) Бір(), сенің бұл ойың жаңалық емес.
Б) Ұзақ жолда екі()і шаршамайды.
В) Бір() сағатқа бас сұқсаң театрға, Басыңызда бір() күн бақыт тұрар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет