11-сынып. Жмб. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер». 1-нұсқа


-сынып. Бақылау жұмысы №2 «Динамика негіздері»



бет11/21
Дата13.10.2022
өлшемі110,04 Kb.
#42780
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
контрольные работы 7-11

9-сынып.
Бақылау жұмысы №2 «Динамика негіздері»
1-нұсқа



  1. Егер зеңбірек ұңғысының ұзындығы 3 м болса, 0,009 с уақытта ұңғымен оқ қозғалса, зеңбірек ішімен снаряд қандай үдеумен қозғалады? Снарядтың ұшу жылдамдығы неге тең болады?

  2. Массасы 0,2 кг тыныштықтағы денеге 0,1 Н күш 5 с ішінде әсер етеді. Осы уақыт ішінде ол дене қандай жылдамдық алады және қанша жол жүреді?

  3. Лифт ішінде массасы 60 кг жолаушы тұр. Оның лифтінің көтерілуінің басындағы және соңындағы , сондай-ақ төмен қарай қозғалысының басы мен соңындағы салмағын табу керек. Лифт үдеуі барлық жағдайда да бірдей 2 м/с2.

  4. *Адам көкжиекке 30° бұрыш жасай отырып, екі бір-біріне байланған шаналарды бірқалыпты тартады. Егер шаналардың массалары бірдей және 40 кг болса, осы күштің шамасы қандай? Үйкеліс коэффциенті 0,3.



2-нұсқа

  1. Тыныштық күйден 750 м жолды 60 м/с2 үдеумен қозғалған ракета қандай жылдамдық алады?

  2. Массасы 0,5 кг доп 0,02 с созылған соққыдан кейін 10 м/с жылдамдық алады. Соққының орташа күшін тап.

  3. Ғарыш кемесі 8,4 м/с2тұрақты үдеумен (Айға қатысты) вертикаль бағытта баяу қозғалып, Ай бетіне қонады (g = 1,6м/с2). Осы кемеде болған массасы 70 кг ғарышкердің салмағы неге тең болады№

  4. Массасы 12 кг тақтай горизонталь жазықтықта орналасқан. Тақтай бетінде массасы 3 кг білеуше жатыр. Тақтай мен білеуше арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2. Білеуше тақтай бетінен сырғанауы үшін тақтайға қандай ең аз горизонталь күш жұмсау керек?


9-сынып.
Бақылау жұмысы №3 «Тербелістер мен толқындар»
1-нұсқа



  1. Математикалық маятник ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?

  2. Қатаңдығы 40 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды неге тең болады?

  3. Жиілігі 200 Гц, таралу жылдамдығы 340 м/с толқынның ұзындығы неге тең?

  4. Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге ілінген массасы 640г жүкті тепе-теңдік жағдайынан 1 м/с жылдамдықпен өтуі үшін тепе-теңдік жағдайынан қандай қашықтыққа апару керек?



2-нұсқа

  1. Жиілігі 440 Гц камертон 5 с ішінде қанша тербеліс жасайды?

  2. Массасы 5 кг жүк серіппеге ілінген кезде бір минут ішінде 45 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?

  3. Периоды 13,5 с, ал өзен бетіндегі толқын ұзындығы 300 м болатын толқынның таралу жылдамдығы неге тең болады?

  4. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппедегі жүктің массасы неге тең? Жүктің тербеліс амплитудасы 6 см болғандағы максималды жылдамдығы 3 м/с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет