11.2 Саяси шиеленістердің қоғамдағы орны мен ролі
Саяси шиеленіс - ол екі немесе одан да көп жан-жаққа бағытталған
күштердің олардың қызығушылықтарын қарама- қарсы əрекет жағдайында
жүзеге асыру мақсатында қақтығысуы. Бұл саяси шиеленістің саясат феномені
ретіндегі ең жалпыланған сипаттамасы.
Дүниежүзілік саяси процестің соңғы жиырма жылдағы тəжірибесі
қақтығысты жағдайларда диалогтың басымдылығын дəлелдейді. Əлем саяси
шиеленістердің жаһандық ракеталық - ядролық апатқа дейін эскалациясының
(біртіндеп үдеу; күшею; ушығу) мүмкін еместігін сезінді жəне бұрынғы
конфронтациялардан қалған постконфликтік синдромдары бар ушыққан
жағдайларда да компромисстер қажет деген қорытындыға келді.
Қақтығыс саяси субъектілердің өзара əрекетінің мүмкін нұсқаларының
бірі болып табылады. Адамдардың өз жағдайларына қанағаттанбауын,
позициялары мен көзқарастарының сəйкес келмеуін үздіксіз тудырып
отыратын қоғамның бір текті еместігін ескере отырып, көбіне топтар мен
индивидтердің мінез - құлқының, билік құрылымының трансформациясының,
саяси процестердің дамуының негізінде дəл осы шиеленістің жатқанын
байқауға болады.
Əлеуметтік қақтығыс тіршілік əрекетінің көптүрлі ресурстарына
байланысты үлкен əлеуметтік топтардың конфронтациясы ретінде көрінеді.
Саяси шиеленісті осы үлкен əлеуметтік топтардың билік үшін күреспен
байланысты саяси міндет, құндылық, талап, ұран түрінде көрінетін біріккен
қызығушылықтарының қақтығысы ретінде түсіндіруге болады.
Саяси қақтығыстардың субъектілеріне белгілі бір мақсатты сезінген жəне
көздеген, саясиланған əлеуметтік қозғалыс, қысымның экономикалық жəне
саяси топтары, криминалдық топтар түріндегі ресми емес жағдайда
қалыптасқан əлеуметтік бірлестіктерге ресми ұйымдасқан индивидтер,
адамдардың шағын жəне үлкен əлеуметтік топтары жатады.
Саяси ғылымның тарихында шиеленіс «əлеуметтік феномен» ретінде
алғаш Г. Зиммельдің, Г. Гегельдің, К. Маркстің, А. Смиттің, А. Токвильдің
еңбектерінде зерттелген.
Шиеленістерді зерттеу əдістемесі келесі тəсілдерге негізделеді:
а) əлеуметтік-биологиялық тəсіл (С. Вильсон, А. Гелен). Авторлар табиғи
сұрыпталу теориясына сүйене отырып, адамның табиғи агрессивтілігі
идеясынан бастау алады. Қоғамдағы қақтығыстардың себептері адамдардың
агрессивті мінез-құлқының түрлі типтерінде жатыр жəне міндет осы
агрессияларды болдырмау, оның алдын алу мен жою жолдарын табуға келіп
тіреледі;
б) психологиялық тəсіл (Т. Адорно, З. Фрейд, Э. Фромм). Қақтығыстың
психофизиологиялық табиғаты бар, онда маңызды рөлді шиеленіс пен
86