Байланысты: 12 дәріс Электролиттік диссоциациялану теориясы
Ерігіштік көбейтіндісі.Жоғарыда абсолют ерімейтін зат жоқ екенін айттық. Сондықтан кез келген аз еритін заттың біраз мөлшері ерітіндіге өтіп отырады. Ерітіндіге еріген зат иондар түрінде таралады. Бір кезде тұнбадағы зат пен ерітіндіге таралған иондар арасында жылжымалы тепе-теңдік орнайды. Мысалы, қосылысын алсақ, ерітіндідегі тепе-теңдікті былай жазуға болады:
тұнба ерітінді Бұған массалардың әсер заңын қолданып тепе-теңдік константасын жазайық: немесе
Сол жақта екі тұрақты шаманың К және көбейтіндісі. Оны ‒ ерігіштік көбейтіндісі арқылы белгілесек :
(V.26)
болады. Мұнда, күміс хлоридінің ерігіштік көбейтіндісі.
Бұл теңдеуден (V.26) ерігіштік көбейтіндісінің берілген температурада тұрақты екені көрініп тұр.
Ерігіштік көбейтіндісі қаныққан ерітіндісіндегі аз еритін электролит иондарының концентрацияларының көбейтіндісіне тең. Ерігіштік көбейтіндісін деп белгілейді, төмен жағына индекс түрінде қай электролит екенін жазады. Біздің мысалымызда
Егер болса, онда ерігіштік көбейтіндісі мынаған тең болады:
(V.27)
Мысалы, магний гидроксиді үшін
демек
[
болады.
Дегенмен, (V.26), (V.27) теңдеулер жуықтап алынған. Шын мәнінде ерігіштік көбейтіндісі концентрацияға емес иондардың автивтігіне тәуелді. Сонда (V.27) теңдеу былай жазылады.
(V.28)
Алайда суда еритін электролиттің қаныққан ерітіндісінде ионаралық әрекеттер онша білінбейді. Сондықтан ондай электролиттер үшін болады да, есептеулер үшін концентрация пайдаланады.
Ерігіштік көбейтіндісін табу үшін электролиттің ерігіштігін білу керек және керісінше, ерігіштік көбейтіндісі арқылы заттың ерігіштігін анықтауға болады.
Ерігіштік көбейтіндісі заттың еру қабілетін сипаттайды, жоғары болса, заттың ерігіштігі де жоғары.
< ерітінді қанықпаған
= ерітінді қаныққан
> аса қаныққан ерітінді
Бұдан иондар көбейтіндісін өсіретін болсақ, ерітінді қанықпаған күйден бірте-бірте қаныққан күйге, одан соң аса қанық күйге айналатынын көруге болады. Демек біртекті ионды қосу электролиттің ерігіштігін азайтады.
Тепе - теңдіктің осылай ығысуын пайдаланып қажетті кезде электролитті тұнбаға түсіруге болады. Ол үшін иондар концентрацияларының көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен артық болуы керек. Біртекті ионды ерітіндіге қосу иондар концентрациясының көбейтіндісін арттырады. Яғни электролитті тұнбаға түсіру үшін ерітіндіге біртекті ион қосу керек.
Керісінше, электролитті еріту үшін иондар концентрациясының көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен кем болуы керек:
<
Оны кеміту үшін иондары, не бір ионды байланыстыруға болады:
тұрақты болғандықтан тепе-теңдік онға ығысып, ери бастайды.
Электролитті еріту үшін ионның бірі аз диссоциацияланатын, комплекс түзіп байланысуы керек. Электролиттің еруі біртекті ионды қосқанда ғана емес, кез келген ионды қосқанда байқалады. Оны «тұз эффектісі» деп атайды. Бұл құбылысты кез келген ион қосу кезінде ерітіндінің иондық күшінің артуымен түсіндіруге болады.