12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет106/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Парақтық баспа өнімін лактау сұлбасы
1. Көлбеу үстел. 2. Беретін цилиндр. 3. Лактаушы кұрылғы.
4. Шығарушы құрылғы. 5. Таспалы транспортер. 6. Құрғату камерасы.
7. Суыту зонасы. 8. Қабылдау үстелі.

Салыстырмалы қалың және тегіс, көлемдік массасы 0,90 г/см төмен емес, бетінің қалыңдығы 80г/м кем емес қағаздарға басылған баспа-таңбаларды лактау керек. Екі мәрте лактаған кезде қағаздың көлемдік массасы 0,70г/см кем болмауға тиіс. Лактауға түскен баспа-таңбалар бояу қабаты толық бекітілгенше ұсталып, дақ түсіруге қарсы ұнтақтар мен сұйықтар қолданусыз басылуларын, алдыңғы өңірінде ені 20мм кем емес және түзу шеттері бүлінбеген, басылмаған ашық жиегі болуы керек.


Лактау үшін спиртті, сулы, спиртті-сулы және басқа да ультракүлгін сәулелендірудің әсерінен қатушы лактар қолдануға болады. Сулы және спритті-сулы лактар сирегірек қолданылады. (ПВК4-лагы жапсырма өнімдері үшін, ИЛ-2-ойын карталары үшін), өйткені судың қатысуы лактанған өнімнің жиырылуына, бүрісуіне және суға шыдамсыздығына себеп болуы мүмкін. ЦГФ-595, циклогексано-формальдегид шайырының, канифолдің және поливинилбутиральдің (пластификатор ретіндегі) техникалық этил спиртінің ерітіндісінен тұратын спиртті лак кеңінен қолданыс тапты. Лактың шартты тұткырлығы қағаздың тегістігіне байланысты анықталынады: тегістігі 400-1200 борланған қағаз үшін, ол ВЗ-4 тұтқырлық өлшегіш бойынша 17-25с, ал тегістілігі ЗООс қаптама қағаз үшін 20-30с, тегістігі 80-170с офсеттік қағаз үшін - 25-30с болулары керек. Еріткіштің ұшып кетуіне байланысты лактау тұткырлығы артатын болса, онда лакқа техникалық этил спиртін қосады. Лактанған парақтар тұғырға биіктігі 1,0м аспайтын бумаға жиналып, бір тәуліктей уақыт ұсталынып, келесі операцияларға жөнелтіледі. Қажет болған жағдайда баспа-таңбаның бүкіл бетін емес, тек жеке элементтерін лактау үшін трафареттік басу машинасын қолданады. Оларда лак басушы элементтері баспа-таңбалардың лактаушы бөліктеріне тура келетін торлы басылым қалыбы арқылы жағылады. Соңғы кездерде жазық офсеттік басылым машиналарының парақтық көп бояулы машиналарының соңғы басу бөлімі мен парақ шығарушы құрылғысының ортасына орналастырылған лактау құрылғылары пайда болды. Олар, мысалы, дисперсиялық лактарды баспа-таңбалардың бүкіл бетіне немесе жеке бөліктеріне (боялған көптеген қабатына) жағуға мүмкіндік береді.
Полимерлік пленканы сығымдау - бұл қағаз немесе қатырманы және осы материалдарға баспа-таңбаларды мөлдір түссіз пленкалық материалмен берік біріктіру. Салыстырмалы қалың (17-ден 50мкм) полимерлік жабын баспа-таңбаның тауарлық түрін, бетінің жылтырын, қаныққандығын жақсартып қана қоймай, оның бет жағын ешқандай ылғал өтпейтіндей етіп, иленген материалдың үйкеліске, бүгілу мен жыртылуға шыдамдылығын едәуір арттырады. Осы себептермен алдын-ала жапсырылған полимерлік пленкалы қағаз орташа және көп пайдалану мерзіміне арналған және сыртын әсем әрлеуді қажет етуші басылымдар үшін 2 және 3 түрлердегі тыстамалар мен 5 және 7 түрлердегі мұқаба қаптамаларын шығарарда кеңінен қолданылады. Полимерлік пленканы престеп жапсыру тамақ өнеркәсібінде үлкен қатырма орамаларын шығаруда кеңінен қолданылуда, мұнда полимерлік жабын қатырманың бетіне емес, басылмаған ішкі жағына жапсырылады, өйткені оның негізгі қызметі материалдың су өткізбеуін және ыдыстың оған сұйық азық-түлік өнімін құйғаннан кейін саңылаусыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде пленкалық полимер материалды қағаз немесе қатырмамен біріктірудің үш тәсілін қолданады:
- полимерлік пленканы қағаз немесе қатырмамен, лактар немесе желімдердің көмегімен жапсыру (желімдік тәсіл);
- бір қабатының балқу температурасы екіншісінен әлдеқайда кем қосарланған (қос қабатты) пленканы сығымдау, процестің кезінде екінші қабат жылу желімінің қызметін атқарады (желімсіз тәсіл);
- қағаз немесе қатырмаға полимер ерітіндісін жағу, ол жағу кезінде жылу желімінің, ал суу мен кату кезінде қорғаныс жабылымының қызметін атқарады (экструзиялық тәсіл).
Әрбір тәсілдің еңбек, энергия, қаржы жұмсауға байланысты өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар, олар әрлеу өндірісін жобалағанда міндетті түрде ескерілуі керек. Сығудың желімдік тәсілі бірінші болып өндіріске енгізіліп және орташа полиграфиялық кәсіпорындарда кеңінен қолданылып келеді. Оның күмәнсіз артықшылығы сол, ол технологиялық және пайдаланушылық қасиеттері жағынан сәйкес келетін кез-келген бір қабатты салыстырмалы арзан полимерлік пленканы пайдалануға мүмкіндік береді. Тәсілдің кемшілігі - желім ретінде арнайы қорғану шараларын, ұзақ уақыт кептіруді және көп энергия шығынын талап ететін, тез ұшып кететін, улы және өртке қауіпті еріткіштердегі шайыр мен полимерлер ерітіндісінің қолданылуы, сонымен бірге сығымдау жылдамдығының тиімділігі, құрал-жабдықтарының ыңғайлы еместігі мен күрделілігі.
Желімсіз тәсіл желімдік тәсілдің негізгі кемшіліктерінен азат және сығымдарды қарапайым құрал-жабдықпен аз сериялы өндірісте қолдануға мүмкіндік береді, бірақ қалыңдығы мен құны бір қабаттыларға қарағанда едәуір артық арнайы қос қабатты пленканы қолдануды қажет етеді. Қалың қос қабатты пленкалар үшін олардың жылу өткізгіштігінің төмендігінен жылуды кондуктивтік әдіспен беру онша тиімді емес және өнімнің жиырылып қалуына алып келуі мүмкін, сонымен бірге өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне байланысты қалдықтарды көп береді.
Экструзиялық тәсіл аса арзан материал-полимер түйіршіктерін пайдалануға және ерітіндінің өте жұқа қабатын (5-7мкм) жоғарғы жылдамдықпен (100м/мин артық) жағуға мүмкіндік береді. Бірнеше экструдерден құрылған жүйені пайдаланатын коэкструзия деп аталатын тәсілде бір жолы құрылымы күрделі пленка алуға болады, бұл әр бір полимердің ең жақсы қасиеттерін (полиэтиленнің балқу температурасы төмендігін, лавсанның аса беріктігін, целлофанның тегістігінің жоғарылығы мен бетінің жылтырлығын) іске асыруға мүмкіндік береді. Кемшіліктері - құрал-жабдықтарының салыстырмалы күрделілігі, жоғарғы білікті мамандардың қажеттілігі және рулондық материалдардың қолданылуы, сол себепті оның артықшылықтары тек ірі сериялы өндірісте, кәсіпорын жыл бойын үлкен жүктемеленген жағдайда, мысалы, түптеме жабын материалдары мен азық-түлік өнімдерінің орамдарын өндіруде көрініс табады.
Баспа-таңбалардың (мысалы, пошта маркілерінің, жапсырмалардың) сыртқы жақтарына желім пленкасын жағу оларды кейінірек басқа беттерге жабыстыру үшін қажет. Өнімнің неге орналасуына қарай желім пленкасы кебетін және кеппейтін - жабысқақ болуы мүмкін. Бірінші жағдайда өсімдік желімінің пленкасы ылғалданғаннан кейін желімдеушілік қажетіне қайтадан ие болады. Екінші жағдайда синтетикалық каучуктер мен винилацетат қосалқы полимерлерінің негізіндегі жабысқақ желім жағады және тұтқырлыққа қарсы жабынды қорғау қағазымен жабады, ол баспа-таңбаны желімдеу кезінде оп-оңай ажыратылады. Желім пленкаларын лактау машиналарына ұқсас машиналарда жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет