12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет142/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Түптерді аяқтаушы операцияларға кітапты престеу мен кептіру (немесе қысқа мерзімдік қысымдау), штрихтау және қаптамамен орау жатады. Кітаптарды престеу мен кептіру шағын полиграфиялық кәсіпорындарға тән. Оларда блоктарды қаптамаға қолмен қондыру немесе құрамында суы көп желім пайдаланғандықтан блоктардың қаптамалардағы жайғасуларын түзетуді қажет ететін осы күнге дейін сақталынып келген кітап салғыш машиналарда қондыру қолданылады.
Қаптамалардың бүрісу-майысуларын болдырмау, кітаптың жинақтылығын және өңірбеттердің қаптаманың бүкіл ішкі бетіне берік желімделінулерін қамтамасыз ету үшін кітаптарды қондырғаннан кейін дереу көрсетеді. Мұндайда ең жақсы техникалық нәтижеге кітаптарды пресс астында желімдері кепкенше тұрған жағдайда қол жеткізуге болады. Кітаптарды қысқа мерзімдік сығымдау үшін алтыбақан типтес көп позициялы гидравликалық пресс қолданылады. Оның дөңгелек айналмалы үстелінің төңірегінде престеуші секциялар орналасқан, оларға кезегімен кітаптар тиелініп тұрады. Кітаптар үстел толық бір мәрте айналып шыққанша (5- 15 мин) престелінген күйде болады да, содан соң секциялардан кітаптар түсіріледі. Престеудің мұндай қысқа мерзімділігі көпшілікке арналған кіші және орта көлемдік кітаптарға қолданылады.
Орта және ірі полиграфиялық кәсіпорындарда қондырудан кейінгі аяқтаушы операциялар қазіргі замандық ағынды желілерде орындалады.
Кітаптарды штрихтау - бұл нәтижесінде мұқаба қаптамасының сыртқы жағында бүкіл түптің ұзына бойында остав пен қатырма өңірдің аралығында ойыңқы штрих түзіледі. Ол каптаманың ашылуын жеңілдетеді, кітаптың сырткы түрін жақсартады және пайдалану мерзімін ұзартады. Кітаптарды штрихтау станоктарында іске асырылады, штрих қыздырылған, өтпейтін жалпақ немесе дөңгелек пышақтардың қаптамаға бір мезгілде екі жақтан қысым жасауларының нәтижесінде пайда болады. Автоматтық станоктарда кітаптар штрихтау құрылғысына өздігінен беріледі де, транспортермен жинақталынған бумалар түрінде кітапқа тыстама жабу немесе бақылау және орамдау бөліктеріне шығарылады. Көптеген сыйға тартатын, сәлемдемелік және басқа да басылымдар тыстамалармен шығарылады, мұқаба қаптамасының сыртына кигізіледі де, қаптамасының тұстарының астарына қайырылатын клапандар арқылы ұсталынып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет