Копировальная плотность — көшіру тығыздыгы — суретқалыбындағы ең жоғарғы оптикалық тығыздық - мұндайда жарықтандырудың бұл режимінде көшірім қабатының қалыптық пластинада ыстануы әлі де іске асырылады.
Коиировальные свойства - көшірім қасиеттері — суретқалыбының растрлық нүктелерін көшірудің технологиялық тұрақсыздығы шегінде басылым қалыбы элементтерінің аумағына көшірілуінің бірмағыналығын анықтайды, суретқалып элементтерінің оптикалық тығыздығының деңгейі мен айқындылығынан тәуелді.
Копирование (копировка) - көшіру (көшірім) - бейнені суретқалыптан басу пластинасына аудару.
Линиатура (лин/см) - ортогоналдық тордың жиілігі, онда полиграфиялық растрлық бейненің басу элементері немесе аралықтары орналасады.
Ложные узоры (объектный муар) - жалған өрнектер - репродукциялық процесте бейнелеу түпнұсқасының кеңістік үзіктіктеу жиіліктерінің біреуі немесе бірнешеуімен интерференциялық өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын паразит сурет.
Макет - жолақтың (басылым парағының) мәтіннің бейнелік және безендіру элементтерінің орналастырылуы көрсетілген сұлбалық бейне.
Маска - негізгі бейнені жарықтандырушы жарық ағынына бағдарлы ықпал жасаушы қосалқы бейне.
Маскирование- қалқалау - бейнені оны қосалқы бейне - маскамен бірге фотографиялық біріктіру жолымен түзету.
Масштаб репродукцирования - репродукциялау масштабы - көшірме мен түпнұсқаның сызықтық көлемдерінің бөліндісі.
Микроштриховой оригинал - микроштрихтық түпнұсца – реңдік бейнелеуді елестетуші растрлық баспа-таңба немесе гравюра.
Мира - ажыратқыштық қабілетті бағалау үшін штрихтық түпнұсқа (тест-нысан).
МЖО - жарықтандыру жөніндегі халықаралық комиссия (ЖХК).
Монтаж - жинақтау — жолақтың бейнелік және мәтіндік суретқалыптарын басылым қалыбына көшіру үшін баспа табақ пішіміндегі мөлдір негізге орналастыру т.қ. беттерді орналастыру.
Муар – баспа-таңбада басу кезінде сәйкестендірілетін түстерге ажыратылған бейнелердің растрлық торларының интерференциялық өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын паразит сурет.