12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


V тарау. Шығыңқы басылым қалыптары



бет45/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

V тарау. Шығыңқы басылым қалыптары
(Флексография)


5.1. Шығыңқы басылым қалыптарын даярлау

Басылымның шығыңқы тәсілі үшін, қалыптар ұзақ жылдар (ғасырлар) бойына жеке белгілерден литерлерді, жолдарды, сызықтарды, ою-өрнектерді т.б. қаріптік элементтерді теру жолымен дайындалып келеді.


Терім жолдары қалыптың бейнелеу, босаралық және басқа да элементтері түрінде құрастырылған. Терілген терім үлгі, кескіндеме бейнелерді, арнайы белгіленген сұлбалар бойынша жиыстырып, онда мынандай мәліметтер береді: терім беттерінің ені мен ұзындығы, құрастырылған бағаналардың саны мен олардың ені, беттің реттік саны мен кітап бетіндегі мәтіндердің жоғарғы жағына орналастырылған терім жол, құрастырылған беттерді көркемдеп безендіру материалдарын орналастыру. Бұл технологиялық процестер басылым қалыбын дайындаудың бір бөлігі болып табылады.
Құрастырылған басылым қалыбы беттеу үлгісіне сәйкес орналастырылған 2-ден 32 бетке дейінгі терім жолдарынан жиыстырылады. Мұндай жиыстырылған қалыпта, басқа да қосымша белгілер: түптеу белгісі, бүктеу белгі - сызықша, жиектемені кесу белгілері т.с.с. қойылады. Сонымен, осындай тәсілмен даярланған шығыңқы басылым қалыбы түпкі немесе түпнұсқа деп атайды.
Адамзаттың баспа ақпараттарына, әсіресе, ағымдағы баспасөзге (газет, журнал, оқулықтар т.б.) қажеттілігінің артуы жоғарғы жылдамдықты баспа жабдығын жасауға итермеледі. Ұзамай, осындай жабдық - ротациялық машиналар пайда болды, оларда рулоннан тікелей тарқатылып өнім басады. Цилиңдрлік басу қалыбын алу үшін түпнұсқа қалыбынан матрицадан құйма қалып (стереотип) алып, оны өнім басуға пайдаланған. Қазір мұндай технология өндірісте қолданылмайды.
Матрица – түпнұсқа қалыбының картон көшірмесі. Стереотип - түпнұсқалық қалыптың мазмұнын толығымен қайталайтын көшірме. Стереотиптерді металдан (гарттан құйып) және пластмасса мен резинадан жазық және жартылай цилиндрлік етіп жасаған.
Шығыңқы басылымның басу қалыптарының елеулі кемшіліктері олардың құнының жоғарылығы, даярлау мен реттестірудің күрделілігі, ақпаратты беру сапасының шектеулілігі болып табылады.
Фототерімнің, одан кейінгі ақпаратты басуға дейінгі өңдеудің компьютерлік жүйесінің пайда болуына байланысты металл терім қазір пайдаланылмайды. Соңғы кезде флексография қалыбын даярлау үшін, фотополимерлеуші материалдар пайдаланылады. Басу қалыбын фотополимерлеуші материалдарда даярлаудың мынандай кезеңдері болады:
• қорғаныс фольганы кетіру;
• полимерленуші қабатты негатив арқылы жарықтау;
• жарық түспеген фотополимерді су немесе спирт араласқан сулы ерітіндімен шайып тастау;
• басылым бедерін шайғаннан соң, құрғату;
• басылым бедерінің толық полимерленуі мен қатуы үшін жалпы УФ-сәулелендіру.
Бұл тәсілді қолданғанда ені 50мкм кем емес жіңішке сызықтардың және жеке-жеке орналасқан диаметрі 200мкм кішкентай нүктелердің көшірмеленуін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет