6.2. Басылым қалыбының цилиндрін даярлау
Ойыңқы басылым қалыптарын дайындау өте күрделілігі және ұзақтылығымен ерекшеленеді. Оның аса бір ерекшелігі - қалыптың тікелей басу машинасының цилиндрінде жасалатындығы. Бұл үшін арнайы дайындалған материал станокта жонылып, бұдан кейін қышқылдармен майынан жақсылап тазартылады. Цилиндрді гальванды ваннаға салады да, бетіне мыстың қалың қабатын орналастырады («медная рубашка»). Мыс қабатын тегістеп жылтыратып өңдейді, одан кейін балансировка жасалады, яғни дірілге (әдетте 15 м/с) төзімділігін қамтамасыз етеді.
Алмалы мыс қабат (қалыптық цилиндрді көп мәрте қайталап пайдалануды қамтамасыз ететін «оймалау-көшірмелеу» үшін дайындалған қабат) алу тәсілдерін қарастырайық. Оның мынадай әдістері бар:
— жұқа қабатты қалыңдату әдісі мыстың негізгі қабатына гальваникалық әдіспен мыс қабатын қалыңдату (шамамен 80мкм), оны тек бір ғана мәрте нақыштамалауға (гравирование) мүмкіндік береді.
— Балларда әдісі (Ballads skin) бұл әдіс жұқа қабатты (мыс қабатты бір-ақ мәрте пайдалану) әдістің бір түрі болып табылады.
— Қалың қабатты мыстау (қабатты қалың етіп өсіру әдісі), бұл әдіс цилиндрдің негізгі мыс қабатында қалыңдығы 320мкм электролиттік тәсілмен қондырылады. Бұл қаптама әр түрлі басылым қалыптарын даярлауға мүмкіндік береді.
Механикалық, химиялық және электролиттік атқарылатын жұмыстарды біріктіретін қалыптық цилиндрді даярлау процесі қалыптарды даярлаудың барлық әдістері үшін бір технологиямен іске асырылады.
Элемент бойынша жазумен алынғандар - өрнектеумен
Электронды
Басылым элементтерінің ауданы
және айнымалы тереңдігімен
Бейнелік
лазерлі
Электронды-механикалық
Ойыңқы басылым қалыптары
Басылым элементтерінің айнымалы ауданы және тұрақты тереңдігімен
Пигментсіз тәсілмен дайындалғандар
Пішімді жазумен алынғандар – суретқалыбынан көшірілгендер
Мәтінді-бейнелік
Басылым элементтерінің тұрақты ауданы және айнымалы тереңдігімен
Пигментті тәсілмен дайындалғандар
Ақпараттың белгілі табиғаты бойынша
Ақпаратты жазу
әдісі бойынша
Ақпаратты жазу тәсілі бойынша
Басылым элементтері құрылымы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |