-Пән бойынша теориялық және нақты материалды біледі, оны құрылымға бөле алады, білімін шығармашылықпен ауыстырады әртүрлі білім саласы мен қайнар көздерден мысалдар келтіреді, қажетті көрнекі құралдарды, сызбаларды, графиктерді пайдаланады, қорытынды жасайды; - материалға белгілі және белгісіз жағдайларда сүйене алады, бұл кезде оқушы өзі жөндей алатын 1-2 қате жіберуі мүмкін;
-оқу пәндерінің әртүрлі тақырыптары мен бөлімдері мазмұны арасында және пәнаралық байланыстар орнатады; ұқсастық пен айырмашылық себептерін түсіндіреді, фактілер, оқиғалар, процестер арасындағы өзара әсерді, нақты байланыстарды анықтайды; - ғылыми заңдар мен негізгі ойлар негізінде жоғары дәрежеде жалпылай отырып, басты және болмашы материалды бөліп алады; - тәжірибелер бойынша проблеманы шешудің жолдарын табады, жаңа ойлар, жаңа идеялар айтады, нәтижелерді зерттейді, есептер шығаруда, талдауда логиканың жоқтығын, қателерді анықтайды.