12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#7356
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Адам. Қоғам. Құқық» пәні

І. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Оқыту  мақсаты – оқушыларға  адам, қоғам, құқық бойынша  негізгі  білім

беру;  түрлі өмірлік  жағдайларда қолданатын, жалпыадамзаттық және ұлттық

құндылықтарды меңгерген, өзіндік  азаматтық көзқарасы  мен ұстанымы  бар,

елін, ұлтын құрметтейтін, өз Отанын шын сүйетін азамат болып қалыптасуына

ықпал ету болып табылады.

Оқыту міндеттері:

– білімнің сапалы  меңгерілуін,  оқушылардың оларды өмір  тәжірибесінде

қолдана білуін және танымдық әрекеттерде басшылыққа ала білуін қамтамасыз

ету;

– оқушыларды қоршаған  ортада  болып  жатқан құбылыстар  мен үдерістер

арасында дұрыс бағыт-бағдар жасай алатын, өзіне лайықты кәсіп түрін таңдап,

еркін  еңбек  ете  білетін, әлеуметтік белсенді қоғам  азаматы  болып  шығуына

көмектесу;



– құқықтық сауаттылықты  меңгеру, әділетті,  заңды,  адамның  құқықтары

мен 


бостандықтарын

құрметтейтін

қасиеттерді 

дарыту 


арқылы

жауапкершілікке тәрбиелеу;



– толерантты 

болуға, 


түрлі 

халықтар 

мәдениетін

қабылдауға;

Отанымыздың мәдениеті  мен  дәстүрі  жайлы ұғымын  кеңейту  және  мәдени

құндылықтарға, өзі тұратын елдің тіліне деген құрметтеуге тәрбиелеу;



38

оқушыларды

құқықтың

жетекші  салаларының:

конституциялық,

азаматтық,  әкімшілік, отбасы,  еңбек  және қылмыстық негізімен таныстыру,

түрлі өмір  жағдайында құқық негіздерін қолдана  білуді, үнемі өзін-өзі дамыту

мен өздігінен білім алуды қалыптастыру;



ынтымақтастық және ұжымдық  құндылықтар  арасындағы  байланысты

дамыту,  дау-жанжалдарды  шешуде  бейбіт  реттеу  тәсілдерін  меңгеруді

қалыптастыру.

ІІ. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің базалық мазмұны:

Адам  және  оның сипаты. Қоғам  туралы  түсінік. Қоғамның әлеуметтік

нормалары. Адам және экономика. Қоғамның әлеуметтік аясы Қоғамның саяси

өмірі.


Қоғамның

мәдени 


аясы.

Мемлекет 

және

құқық.


Қазақстан

Республикасының Конституциясы. Құқық бұзушылық туралы түсінік. Адамдар

және жүздесу.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.



Оқушылар:

жалпы  таным,  дүниетаным,  адамдар  арасындағы  сақталатын  тәртіп

нормалары, әдеп, тұлға, жеке адам, даралық терминдерін;

адамдар 


бойындағы 

табиғи 


және

әлеуметтік

қалыптарына,

мүмкіндіктеріне, адамның психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беруді;



адамның топтардағы  орны,  адамның бақыты, өмірінің мақсаты  мен

өмірлік құндылықтарын талдап түсіндіруді;

адамның интеллектілік және тәндік мүмкіншіліктерін бағалауды;



қоғамның


әлеуметтік

нормалары,  мораль  түсінігі,  оның

сипаты,

моральдің маңызы,  мораль  санаттары,  оның  құқықпен ұқсастығы  және



айырмасы, моральдің қоғамдағы әрекет ететін аялары ұғымдарын;

құқықтық нормалар, құқықтың қоғамдағы орнын, құқық тарихын, құқық

және  заңның арақатынасын, құқықтық жүйе түсініктерін  салыстыру,  талдап

түсіндіру мен оны бағалауды;



экономика, техника және технология, сұраныс, ресурстар, таңдау, тауар,

ақша, құн, баға, ұлттық валюта, монополия, жекешелендіру терминдерін;

экономиканың негізгі мәселелері, нарықтық экономика, меншік түрлері,

тұтыным  мен  сатушы,  бизнес  және  коммерциялық  ұғымдарының негізгі

санаттарын;



сыртқы  критерийлерді  ескере  отырып, Қазақстан  Республикасының

экономикалық жағдайын, Қазақстан  Республикасының негізгі  экономикалық

реформаларын,  мемлекеттің

басты  экономикалық

саясатындағы  дұрыс

жақтарын таңдай;

әлеуметтік, әлеуметтену,  балалық шақ, ересектік  шақ, жастық шақ,

кәрілік т.б терминдерін;

әлеуметтік  бақылау, әлеуметтік  нормалар, әлеуметтік  санкциялар,

девианттық,  қоғамдағы  адамдардың  ұстанатын  мінез-құлық ережелерінің

тәртіптерін;



39

Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік

құрылымына,

әлеуметтік

дәрежесін мәніне, оның түрлеріне сипаттама беруді;

сайлауға қатысу  шарттары, қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктердің

қоғамдағы саяси өмірге қатысын, қоғамдық  ұйымдардың саяси  партиялардан

айырмашылығын, олардың қызметі мен атқаратын міндеттерін салыстыруды;



мәдениеттілік,  мәдени  идеал,  жеке  адамның мәдениеттілік  көрсеткіші,

мәдениет  жетістіктерін,  білімді  меңгеру, өздігінен  білім  алудың маңызы,

рухани даму үрдісіндегі діннің рөлін бағалай алуды;



Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы орны, өркениетті елдерде

қабылданған негізгі құқықтық  құндылықтар, ұлттық және  халықаралық  құқық

арасындағы байланыстардың негізгі ұстанымдарын;



Қазақстан Республикасының Президенті,  оның  өкілеттігі  мен құқықтық

құзыреті,  Президенттің

атқаратын  міндеттері,

Қазақстан  Республикасы

Парламентінің құқықтық құзыреті, Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары,

Парламент депутаты, Сенат пен Мәжіліс түсініктерін талдау;

Қазақстан Республикасының  Үкіметі  және  оның  қызметтері; Үкімет –

атқарушы  билік  органы; сот  және  соттар  төрелігі, ҚР сот  жүйесі; ҚР

Конституциялық кеңесі деген түсініктерін талдап түсіндіруді;



азаматтық  құқық бұзушылық пен  жауаптылық,  әкімшілік құқық

бұзушылық және  ол үшін  жауаптылық,  қылмыстық  құқықбұзушылық және  ол

үшін жауаптылыққа сипаттама беруді;



әлеуметтік-психологиялық бейімделу, қала  мен  ауыл әдебі,  бейімделе

алмау дерті, әлеуметтік-психологиялық құзіреттілікті;

тұлғаралық  қатынастар,  тұлғаралық  қақтығыстар,  олардың  құрылымы

және оны шешу жолдарын бағалау алуды білуі/ меңгеруі тиіс.

4.3 «Жаратылыстану» білім саласы

«Жаратылыстану» және «География» пәндері

І.

«Жаратылыстану»  және  «География»  пәндерінің



мақсаты  мен

міндеттері.

Оқытудың мақсаты:  оқушыларға жаратылыстану ғылым туралы  білімді,

табиғат, қоғам  және  экономиканың жүйелі  байланысы  жайлы  түсінік  пен

көзқарасты

дамыту.


Қазақстан  Республикасының  әсем  табиғаты  және

экономикасының ерекшеліктері  туралы  білім қалыптастыру,  функционалдық

сауаттылықты және жүйелі-кешенді сананы дамыту.

Оқытудың міндеттері:

табиғатқа,  оның дамуына,  табиғаттың,  қоғамның және  экономиканың

байланысына диалектикалық-материалистік көзқарасты. қалыптастыру;

табиғат  ресурстарын үнемді  де  тиімді  пайдалануға  және қоршаған

ортаны қорғауға,  табиғи  және  экологиялық жағдайды  бағалау  мен  болжауға

қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;



40

оқу


еңбегіне

қажетті  біліктілік  пен  дағдыларды

қалыптастыру,

зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды,

есте  сақтау қабілетін,  сөз  шеберлігін  және  көптілділікті, қиялдау,  аумақтық

бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан

қабылдау, өмірге  шығармашылық көзқарасын  және өз  білімін  арттыруға,

дамытуға талпынушылықты қалыптастыру.

ІІ. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің базалық мазмұны.

География – табиғат, халық және оның шаруашылығы туралы ғылым.

Жердің Күн  жүйесіндегі  орны.  Жердің пішіні  мен  мөлшері. Жергілікті

жердің планы.  Масштаб,  абсолют  және  салыстырма  биіктіктер.  Глобус және

карта.  Жер қабықтары:  жердің сыртқы құрылысы. Литосфера,  атмосфера,

гидросфера,  биосфера.  Географиялық  қабық – жердің ерекше  кешенді

қабығы.Зоналылық. Жылу  белдеулер.  Климаттық белдеулер.  Азоналылық

(секторлық, биіктік, белдеулік).

Материктер мен мұхиттар географиясы қарастыратын нысандар.

Жалпы географиялық заңдылықтар: литосфера және Жер бедері. Атмосфера

және климат. Жердің даму тарихының жалпы географиялық заңдылықтары.

Материктер  мен  мұхиттар  табиғатының

алуан  түрлілігі.

Африка,


Аустралия  және  Мұхит  аралдары,  Антарктида,  Оңтүстік  Америка,  Солтүстік

Америка,  Еуразия.  Физикалық-географиялық орны.  Материк  жағалауындағы

мұхиттар.  Зерттелу  тарихы.  Жер  бедері  және  пайдалы қазбалары.  Климаты.

Ішкі сулары. Табиғат зоналары. Халқы.

Планетадағы  уақыт  есебі  және  даталардың алмасу  сызығы. Қазақстан

Республикасының дүниежүзі  және  Еуразия  картасындағы  географиялық орны.

Қазақстанның шекаралары.

Қазақстан Республикасы  табиғатын  зерттеу  тарихы. Қазақстан  табиғаты.

Жер  бедері.  Геологиялық жыл  санау.  Негізгі  тектоникалық  құрылымдар  және

олардың жер  бедеріндегі  көрінісі.  Пайдалы қазбалар  кен  орындарының

орналасу заңдылықтары.

Климат құрушы факторлар: географиялық орын және күн радиациясы, жер

жамылғысы,  атмосфера  циркуляциясы.  Ішкі  сулары. Қазақстанның  өзендері.

Қазақстан көлдері.  Жер  асты  сулары,  мұздықтар,  жасанды  су қоймалары.

Топырақтың пайда  болуы.  Топырақтың негізгі  типтері,  олардың  Қазақстан

территориясы бойынша таралуы.

Табиғат  зоналары.  Ендік  зоналары  мен  биіктік  белдеулердің көрінісі.

Қазақстанның ірі  табиғи-аумақ кешендері.  Жазықтар.  Аласа  таулы  аудандар.

Биік таулы аудандар. Қорғалатын аумақтар.

Геосаясат  және

Қазақстанның

геосаяси  орны.  Табиғат  ресурстары.

Қазақстанның халқы.  Елді  мекендердің типтері,  кенттену процесі.  Еңбек

ресурстары.

Қазақстан шаруашылығына  жалпы  сипаттама. Өндірістің мамандануы,

шоғырлануы,  кооперативтендіруі, құрамдастырылуы.  Ауыр өнеркәсіп  және

құрылыс

материалдар



өндірісі.  Отын

энергетикалық



кешен.  Электр

41

энергетикасы.  Металлургия  кешені.  Машина  жасау  кешені. Химия өнеркәсібі.

Құрылыс материалдар өндірісі және ағаш өңдеу өнеркәсібіАӨК құрамы және

маңызы. Қазақстанның жер қоры.  Мал  шаруашылығы.  Ауылшаруашылық

шикізаттарын қайта өңдеу  салалары.  Халық кәсіпшілігі.  Жеңіл  және  тамақ

өнеркәсіптері. Инфрақұрылым, көлік кешені.

Қазақстанды

экономикалық-географиялық

аудандастыру. 

Орталық


Қазақстан.  Шығыс Қазақстан.  Батыс Қазақстан.  Солтүстік Қазақстан.  Оңтүстік

Қазақстан. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік  географиясы.  Дүниежүзіне

жалпы 


шолу. 

Дүниежүзінің

саяси 

картасының 



қалыптасу 

кезеңдері.

Дүниежүзінің халқы.  Дүниежүзінің табиғат  ресурстары,  жалпы  сипаттама,

минералдық, агроклиматтық, жер, су, биологиялық ресурстар.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.

Дүниежүзілік  шаруашылық салаларының сипаттамасы  және  орналасу

географиясы.  Отын-энергетика  кешені.  Электр  энергетикасы.  Машина  жасау

кешені. Дүниежүзінің химия  және  ағаш өңдеу өнеркәсіптері.  Дүниежүзінің

жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы.

Өсімдік,  мал,  балық шаруашылығы.  Көлік  және  инфрақұрылым. Халықаралық

экономикалық байланыстар.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері. Азия елдері.

Үндістан,  Сингапур,  Корей  Республикасы,  Жапония  және Қытай.  Еуропа

елдері.  Германия, Ұлыбритания,  Франция  және  Италия.  Солтүстік  Америка

елдері.  Америка Құрама  Штаттары  (АҚШ)  аймағы  елдері  және  Канада. Латын

Америкасы.  Африка.  Оңтүстік-Африка  Республикасының  (ОАР).  Аустралия

және Мұхиттық аралдар. Жаңа Зеландия.

Адамзаттың 

ғаламдық

проблемалары. 

Энергетикалық,

шикізаттық,

демографиялық, азық-түлік,  экологиялық, Дүниежүзілік  мұхит  проблемалары

және ғарышты игеру.

ІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

– Жердің Күн жүйесіндегі орнын; пішіні мен мөлшерін;

– глобустағы және географиялық картадағы градус торын;

– экватор, 

меридиандар, 

параллельдер 

және


географиялық

координаталарды;



– ірі, орта, ұсақ масштабты карталарды, олардың шартты белгілерін;

– тауларды,

жанартауларды,

жазықтарды,

ойпаттарды,

мұхиттарды,

теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, аралдарды, түбектерді, ағыстарды,

өзендерді, көлдерді, мұз басу аймақтарын, сарқырамаларды,

– жер халқының санын, ірі халықтарды;

– негізгі  нәсілдерді,  негізгі үш  нәсіл өкілдерінің сыртқы  белгілерін атауы

және көрсетуі тиіс.

– жергілікті  жерде  күннің көкжиектен  биіктігін;  жергілікті  жерде  көкжиек

тұстарын; бағыттарды, қашықтықтарды;



42

– жер  бетінің планы  және  географиялық карта  бойынша  картографиялық

нысандарды,  бағыттарды, қашықтықтарды,  нүктелердің биіктігін,  карта  және

глобус бойынша географиялық координаталарды;

– туған өлкенің географиялық орнын  және  табиғатының ерекшеліктерін

анықтауды және өлшеуді білуі тиіс.

– Жердің пішіні мен мөлшері жайлы алғашқы түсініктерді;

– климатқа  байланысты қауіпті  табиғи құбылыстарды,  климаттың адам

өмірі мен тұрмысына әсерін;



– «Жер  планетасы» ұғымының мәнін;  жергілікті  жердің планын  жасау

тәсілдерін;



– картаның градус  торын  және  глобуспен салыстырғанда картаның  өлшеу

мүмкіндіктерін;  климат  түзуші  факторларды;  мұхит  суының  қасиеттерін,

қозғалысын және оның себептерін;

– геологиялық жыл  санауды;  ірі  литосфералық тақталар  мен  олардың

қозғалыстарын; платформалар мен қатпарлы аймақтарды; ірі сейсмикалық және

жанартаулы белдеулерді;

– құрлық және  мұхит  түбі  жер  бедерінің ірі  формаларын;  климат құрушы

факторларды; ішкі сулар және олардың негізгі түрлерін; табиғат зоналарын;



– материктер халқының ерекшеліктерін атап және көрсете білуі тиіс;

– Қазақстанның географиялық орны мен жер көлемінің ел табиғатына әсері;

– Қазақстан Республикасында қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар,

табиғат  ескерткіштерін ұйымдастыру қажеттігі;  экологиялық проблемалардың

себептері;

– Қазақстанның

аумағы, 


республика 

орналасқан 

дүние 

бөліктері,



шекаралары;

– климат

құрушы  факторларды;  ішкі  суларын;  табиғат  зоналарын,

таулардағы биіктік белдеулерді;

– елдің

физикалық-экономикалық-географиялық

жағдайы  және  оның

Қазақстан экономикасының дамуына әсерін; Қазақстаннның саяси-әкімшілік

картасын;

– халықтың санын,  халықтың табиғи өсімін, Қазақстан  халқы  санының

өзгерісіне әсер ететін факторларды;



– экономикалық аудандардың экономикалық-географиялық салыстырмалы

сипаттамалары жайлы;



– дүние  жүзінің саяси  картасының  қалыптасу  кезеңдері,  елдің саяси  және

геосаяси  жағдайы;  дүние  жүзі  елдерінің басқару  түрлері, әкімшілік-аумақтық

құрылысы туралы;

– елдердің типологиясы;  дүниежүзі  халқы: қозғалыс  динамикасы; ұдайы

өсуі, аумақ бойынша орналасуы, құрылымы туралы;



– дүниежүзі табиғат ресурстарының түрлері;

– дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы;

– ҒТР түсінігі және оның құрамдас бөліктері, ерекшеліктері;

– дүниежүзілік шаруашылықтың салалары және орналасу географиясы;

43

– дүниежүзінің жекелеген  елдерінің және  дүние  жүзі  аймақтарының

экономикалық-географиялық сипаттамасы;



– Қазақстанның  қазіргі  дүниежүзіндегі  рөлі,  орны  және  маңызы жайлы

түсінігі болу керек;

– дүниежүзі  аймақтары  мен  елдерінің географиялық және  геосаяси

жағдайын;



– басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысы алуан түрлі елдерді;

– халық санының  ұдайы өсу  типтерін; дүниежүзінің және  аса  ірі  елдер

халқының саны,  олардың  өзгеру үрдістерін; елдердің даму  деңгейі  бойынша

типологиясын;

– географиялық еңбек бөлінісін; халықаралық ынтымақтастықтарды;

– өндірістің жекелеген салаларының орналастырылу факторларын;

– аймақтар бойынша жекелеген елдердің сипаттамасын білуі тиіс.

«Физика» пәні

І «Физика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін

қалыптастыру,  танымдық  қызығушылықтарын,  физикадан  игерген  білімдері

негізінде олардың практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.

Пәнді оқыту міндеттері:

оқушылардың  қазіргі  заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде

жатқан  іргелі  заңдар  мен  принциптер  туралы;  табиғаттың  ғылыми  таным

әдістері туралы;

оқу пәні және ғылыми таным әдістері арқылы оқушылардың танымдық

және  шығармашылық  қабiлеттерiн,  игерген  білімдерін  оқу  және өмірлік

жағдаяттарда  шығармашылықпен  пайдалана  алу  дағдыларын  дамытуға  ықпал

ету жатады.

ІІ. «Физика» пәнінің базалық мазмұны.

Табиғатты  танып-білудің  ғылыми әдісі. Физика – табиғат  туралы ғылым.

Физика құбылысы. Табиғатты  зерттеудің  ғылыми әдістері:  бақылау,  тәжірибе.

Физикалық шама. Физикалық шамаларды өлшеу. Қателікті анықтау.

Механика.

Механикалық 

қозғалыс. 

Механикалық 

қозғалыстың

салыстырмалылығы.  Жылдамдық.  Үдеу.

Түзусызықты  бірқалыпты  және

бірқалыпсыз қозғалыс. Денелердің еркін түсуі.

Қисық сызықты қозғалыс  кезіндегі  орын  ауыстыру  мен  жылдамдық.

Материялық нүктенiң шеңбер бойымен қозғалысы.

Инерция.  Денелердің  әрекеттесуі.  Масса.  Заттың

тығыздығы.  Күш.

Күштерді қосу. Ауырлық күші. Серпімділік  күші. Гук  заңы. Үйкеліс  күші.

Ньютон 


заңдары. 

Денелердің

ауырлық

күші


әрекетінен

қозғалысы.

Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Қысым.  Паскаль  заңы.  Гидравликалық

пресс.

Қатынас  ыдыстар.



Манометрлер.  Атмосфералық  қысым.  Сорғылар.  Барометрлер.  Архимед  күші.

Денелердің жүзу шарттары. Ауада ұшу.



44

Механикалық жұмыс. Қуат.  Механикалық энергия  (потенциялық және

кинетикалық). Механикалық энергияның сақталу заңы.

Тепе-теңдiк  шарттары. Жай  механизмдер.  Механизмдердің пайдалы әрекет

коэффициенті.

Дене импульсі. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс.

Идеал  сұйықтың  қозғалысы.  Бернулли  теңдеуі.  Тұтқыр  сұйықтың

қозғалысы. Сұйықтағы дененің қозғалысы. Ұшақ қанатының көтеруші күші.

Механикалық тербеліс және оның сипаттамалары. Математикалық маятник.

Серіппедегі жүктің тербелісі. Резонанс.

Көлденең және қума  толқындар.  Толқынның сипаттамалары.  Дыбыс

толқындары.  Дыбыс  жылдамдығы. Дыбыстың  қаттылығы, үннің биіктігі.

Дыбыстың қаттылығы, тон биіктігі. Жаңғырық.

Молекулалық физика.  Жылу құбылыстары. Заттың  құрылысы.  Атомдар

және молекулалар. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Температура. Дене

температурасының оның молекулаларының жылдамдығына  тәуелділігі. Ішкі

энергия және оны өзгертудің тәсілі.

Iшкi энергия және оны өзгерту тәсiлдерi. Жұмыс және жылу берілу. Жылу

берілу  түрлері – жылуөткізгіштік,  конвекция,  сәуле  шығару.  Жылу  мөлшері.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.

Заттың агрегаттық күйлері.  Балқу  және қатаю.  Булану  және  конденсация.

Қайнау. Жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы.

Қатты  денелер  мен  материалдардың механикалық  қасиеттері.  Жылу

қозғалтқыштары. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.



Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр  заряды. Зарядтардың

өзара әрекеттесуi. Электр  зарядының сақталу  заңы. Кулон  заңы.  Электр өрiсi.

Электр өрісінің элекрт  зарядына әсері.  Электр өрiсiндегі өткізгіштер  және

диэлектриктер.

Тұрақты  электр  тогы.  Ток көздері.  Ток  күшi. Кернеу.  Электр  кедергiсi..

Тiзбек  бөлiгi үшiн  Ом  заңы. Өткiзгiштердi  тiзбектей  және  параллель қосу.

Джоуль-Ленц  заңы. Шала өткізгіштер. Конденсаторлар. Конденсаторларды

қосу.


Магниттік өзара әрекеттесу.  Магнит өрісі.  Жердің магнит өрісі.  Эрстед

тәжірибесі.  Токтың магнит өрісі.  Электромагнит.  Магнит өрісінің тогы  бар

өткізгішке әрекеті. Электроқозғалтқыш.  Электромагниттiк  индукция. Фарадей

тәжірибелері.  Трансформатор.  Электр  энергиясының

алыс

қашықтыққа



жеткізілуі.

Электромагниттiк  тербелістер. Электромагниттiк өріс.  Электромагниттiк

толқындар. Радиотелефон және теледидар байланыс принципі.

Жарық – электромагниттік  толқын. Жарықтың шағылу  және  сыну  заңы.

Жазық

айна.  Линзалар.  Оптикалық



аспаптар.

Жарықтың


дисперсиясы.

Электромагниттi сәулелердің түрі және оның тірі ағзаға әсері.

Радиактивтік.  Радиактивті  ыдырау  заңы.  Ядролық реакциялар.  Радиактивтi

изотоптар.  Ауыр  ядролардың бөлінуі.  Тізбекті  реакция.  Ядролық реактор.



45

Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары  және  оларды  шешу

жолдары.  Термоядролық реакциялар.  Радиактивті  сәулеленуден қорғану.

Адамзаттың энергетикалық проблемалары. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті

және оның болашағы.

Кванттық физиканың элементтерi. Квант туралы түсініктің дамуы. Планк

гипотезасы. Фотоэффект. Столетов тәжірибелері.  Фотоэффект үшін  Эйнштейн

формуласы.  Фотоэффектіні  техникада  пайдалану.  Фотондар. Рентген  сәулелері.

Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.

Атом  ядросының  құрамы.  Ядролық  өзара әрекеттесу.  Ядролық күштер.

Ядроның байланыс  энергиясы.  Радиактивтiк.  Радиактивтi  ыдырау  заңы.

Ядролық реакциялар.  Радиоактивтi  изотоптар.  Ауыр  ядролардың бөлiнуi.

Тiзбектi ядролық реакциялар. Атаом энергиясы. Ядролық реактор. Радиоактивтi

сәулелерден қорғану.

Жасанды  радиоактивтiк. Ядролық энергетика.  Термоядролық реакциялар.

Адамзаттың энергетикалық мәселелерi.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

фактілер  мен құбылыстар, ұғымдар,  түсініктер,  заңдар,  теориялық

қорытындылар - ғылыми білім санатын білуі қажет;

бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден

қорытындысы және оларды тексеру - ғылыми таным әдістерін білуі қажет;

физикалық  құбылыстар,  физикалық заң, заттар,  материялық нүкте,

траектория,  жол,  орын  ауыстыру,  лездік  жылдамдық,  үдеу,  инерциялық санақ

жүйесі, инерциялық емес  санақ жүйесі, инерция,  масса,  күш,  дененің салмағы,

салмақсыздық, тұйық жүйе,  дене  импульсі  және  импульс  күші,  реактивті

қозғалыс;  заттың дискреттік құрылысы;  жылулық  қозғалыс;  молекулалар

қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны

өзгертудің тәсілі  ретінде;  жылу өткізгіштік;  конвекция;  сәуле  шығару;  жылу

мөлшері,  заттың

меншікті  жылу  сыйымдылығы;  калориметр;  отынның

меншікті  жану  жылуы;  заттың агрегаттық күйлері; қатты  денелер;  кристалл

және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті

балқу  жылуы;  сұйық; булану;  конденсация; қайнау; қайнау  температурасы;

меншікті  булану  жылуы  және  конденсацияның меншікті  жылуы;  газ;  газдың

көлемі  және қысымы;  газ  және  бу ұлғайғандағы  жасалынатын  жұмыс;  іштен

жану  двигателі;  жылу  двигателінің пайдалы әсер  коэффициенті;  денелердің

электрленуі,  электр  заряды,  электр  зарядтарының екі  тегі,  электр өрісі,  электр

өрісінің күш  сызықтары,  кернеулік,  потенциал,  электр өрісінің жұмысы,

электроскоп,  конденсатор,  электрсыйымдылығы;  электр  тогы:  токтың бағыты,

тоқ күші,  электр  тізбегі,  электр  кернеуі,  электр  кедергісі,  меншікті  кедергі,

өткізгіш,  диэлектрик,  жартылай өткізгіш,  тұрақты  ток,  амперметр,  вольтметр,

омметр,  реостат,  ток көздері,  тоқтың жұмысы  мен қуаты;  газ  разряды,

электролиз,  плазма,  анод,  катод;  гармониялық тербеліс,  көлденең және қума

толқын,  фотон,  фотоэффект,  фотоэффектінің  қызыл  шекарасы,  ядролық

реакция;  байланыс  энергиясы,  жартылай  ыдырау  периоды,  бөлінудің тізбекті



46

ядролық реакциясы,  радиоактивтілік,  радиоактивтік  ыдырау,  ядролардың

бөлінуі – ұғымдарын білуі қажет;

жол,  жылдамдық, масса,  тығыздық,  үдеу,  күш, қысым,  импульс,  жұмыс,

қуат, 

кинетикалық



энергия, 

потенциалдық

энергия,

пайдалы


әрекет

коэффициенті,  ішкі  энергия,  температура,  жылу мөлшері,  отынның меншiктi

жану  жылуы,  меншікті  жылу  сыйымдылық, меншікті  балқу  жылуы, меншікті

булану  жылуы,  ауаның ылғалдылығы,  электр  заряды,  электр  тогының күші,

электр  кернеуі,  электр  кедергісі,  электр  тогының жұмысы және қуаты,

линзаның фокустық ара қашықтығы,  тербелістің амплитудасы,  периоды,

жиілігі, толқын ұзындығы – шамаларды білуі қажет;

- Паскаль,  Архимед,  Ньютон,  Кеплер,  бүкіләлемдік  тартылыс,  Гук,

механикалық энергияның және  импульстің сақталу,  молекула-кинетикалық

теорияның негізгі қағидалары,  жылулық және  механикалық процестердегі

энергияның сақталу  және  айналу,  Кулон,  Ом,  Джоуль-Ленц,  электролиз,

радиоактивті ыдырауды - заңдарын білуі қажет.

табиғат құбылыстарын ғылыми  зерттеу әдістері,  бақылау  жүргізу,

эксперименттерді  жоспарлап  және  орындау, өлшеу  нәтижелерін өңдеу,  алған

нәтижені  түсіндіру, қорытынды  жасау, өлшеу  нәтижесіндегі қателіктерді

бағалауда пайдалана алуы;

физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында, өмірде

қолданыстарын білуі;

бірқалыпты  түзусызықты қозғалыс,  сұйықтар  мен  газдардағы қысымның

берілуі,  денелердің жүзуі.  физикалық  құбылыс,  диффузия, заттың агрегаттық

күйлері,  жылу  берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік,  конвекция,  сәулелену,

булану,  конденсациялану, қайнау,  балқу,  кристалдану,  денелердің электрленуі,

электр  зарядының  әрекеттесуі, магниттердің  әсерлесуі,  тогы  бар өткізгішке

магнит өрісінің әсері,  токтың жылулық әсері,  электромагниттік  индукция,

шағылу,


жарықтың

сынуы  және

шағылуы,  дисперсиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет