12-модуль. ТҰЛҒааралық Қарым-қатынас психологиясындағы психотехнологиялар



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі25,73 Kb.
#51570
1   2   3   4
Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы үшін барлық компоненттерді, соның ішінде коммуникативті құзырлықты жете білу міндетті.
Коммуникативті құзырлық деп қоршаған адамдармен, топтармен, аудиториямен өзара қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу тəсілдері мен білім жинағы.
Коммуникативті құзырлық білімі деп коммуникация функцияларын, коммуникация үрдісі ерекшеліктерін, үн қату, серіктестердің психологиялық типтері жəне əлеуметтік рөлдерін, презентация жасай алу тəсілдерін, коммуникацияның вербалды немесе вербалды емес құралдарын айтамыз.
Іскерлік қарым-қатынас практикалық пəн болып есептеледі, дегенмен, əлеуметтану, психология, антропология, менеджмент теориялары мен пайымдауларын оқып үйрену жəне қолдану практикалық тəсілдерді түсіну мен ұғынуды тереңдетеді.
Сандық технологиялардың дамуымен қоса, іскерлік коммуникация келбеті де өзгерді. Қазіргі таңда бір жобада жұмыс жасау үшін, адамдар бір аймақта, бір мекемеде еңбек етуі шарт емес. Интернет, телефон, əлеуметтік жүйелер дамуының арқасында іскерлік коммуникация жылдам əрі жаһанды сипат алды.
Ақпарат тарату мен БАҚ-ның аудиторияға əсер ету пішіндері жаңғырып, жаңа түрлері пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық технологияның пайдасына қайта қарастыруда.
Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті ұйымдастыру пішіні мен құрылымы өзгерді.Əлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды дамуына жол ашты.
Интернеттегі эволюция адамдардың қарым-қатынасына жаңа тəсілдер енгізді. 2004 жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді қолданушысы бар бүкілəлемдік желіге айналды. Мобильді технологиялар интернет таралымын арттырып, қолданушыларды көбейтті.
Мəселен, www.internetworldstats.com сайтында 1995–2018 жылдар аралығында əлемдегі интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы көрсетілген.

1-кесте. Интернет қолданушылар үлесі (https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm сайтынан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет