алынды)
Мерзімі
|
Қолданушылар саны
|
Əлем халқының саны %
|
Ақпараткөзі
|
1995 ж.
желтоқсан
|
16 миллион
|
0,4 %
|
IDC
|
2005 ж.
|
1 018 миллион
|
15,7 %
|
Əлемдік интернет-
|
желтоқсан
|
|
|
статистика
|
2015 ж.
желтоқсан
|
3,366 миллион
|
46,4 %
|
Əлемдік интернет- статистика
|
2017 ж.
желтоқсан
|
4 156 миллион
|
54,4 %
|
Əлемдік интернет- статистика
|
2018 ж.
маусым
|
4 208 миллион
|
55,1 %
|
Əлемдік интернет- статистика
|
Кестеде көрсетілгендей, 1995 жылдың желтоқсанында əлемдегі халықтың 0,4% интернетті пайдаланған. Яғни 16 миллион пайдаланушы интернетке қосылған. 2005 жылы пайдаланушы 1 миллиард, 2015 жылы 3
миллиардқа өсті. 2017 жылғыжелтоқсандаəлемхалқының 54,4% Интернет қолжетімдіболды. 2018 жылдың маусым айындағы деректер бойынша 4 миллиард 208 миллион пайдаланушы интернетті тұтынады. Жерхалқының 55 %-ы интернеткеқосылған.
Қазіргі таңда, сандық технологиялар өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. «Электронды, виртуалды қарым-қатынас»,
«киберкоммуникация» терминдері кеңінен таралуда. Бұл қарым-қатынас түрі интерактивті, əлеуметтік желілер жəне чаттар арқасында реалды уақыт режимінде онлайн өтеді. Виртуалды қарым-қатынастың басты ерекшеліктері:
Шектеулі сенсорлық байланыс. Интернет-технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қоммуникацияда шынайы өмірдегі көзқарас, дауыс ырғағы, ым-ишара секілді сенсорлық байланыс тапшылығы бар.
Физикалық дененің болмау, яғни адмдар өзінің шынайы келбетін көрсетпей, аноним болып қарым-қатынас орната беруі мүмкін. Осы орайда
«кибер бірдейлік» мəселесі туындайды. «Кибер бірдейлік» альтернативасы – никнейм («nickname» ), аватар, юзерпик («userpicture») болып табылады. Виртуалды əлемде адам өзінің тұлға сипаттамасын өзі таңдай алады, қалаған рөл, жас, əлеуметтік дəреже, жыныс таңдай алады.
Коммуникацияның тіл ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынастың басым көпшілігі жазбаша болғандықтан, өзіндік компьютерлік сленг дамиды: қысқартылған сөздер, акронимдер, шет тілінен алынған терминдер.
Эмоцияларды көрсету ерекшелігі. Виртуалды əлемде эмоциялар мен ым-ишара смайлдар мен эмотикондар арқылы беріледі. Адамның жүзінде пайда болған күлу мен чатқа жіберілген смайл арасында бірнеше секунд уақыт қалады, яғни эмоциялар кейінгі эффектпен қабылданады.
Сонымен қатар, виртуалды қарым-қатынаста адамдар шынайы емес, қалаған эмоцияны көрсете алады. Бұл «бетперде» арқылы тілдесуге тағы бір жеңілдік туғызады.
Кеңістік пен уақыт ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік қатынас шексіз. Адам онлайн байланыста уақыттың дəл қазіргі сəтінде өмір сүреді де, офлайн байланыс хаттан-хатқа дейінгі уақытта болады. Бұл жерде кеңістік заңдылықтары еш əсер етпейді.
Сонымен, виртуалды қарым қатынас адамға үлкен кеңшілік жасайды. Киберəлемде адамдар өзінің шынайы немесе ойлап тапқан қатым-қатынас кедергілерін (түр-келбеті кемшілігі, тіл кемістіктері, мінез, мүгедектік, психикалық ауытқулар) жоққа шығарып, əлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Мұндай жағдай қосымша сенімділік беріп, ішкі өзін-өзі таныту мотивін жүзеге асырады.
Осылайша, виртуалды қарым-қатынас ақпараттық, коммуникативті, терапиялық, мəдени қызметтер атқарып, адамның психологиялық келбетін өзгертті.
Сандық технологияларды қолдану адамның ес, зейін, ойлау қабілеттерін өзгертті. Л.С.Выготский ойлап тапқан «жақын даму аймағындағы» ересек адамның рөлін сандық технологиялар басуы əбден мүмкін, себебі бала өзі жасай алмаған істі сандық технологиялар көмегімен орындай алатыны ақиқат.
Қазір адамдардың шынайы өмірінің басым бөлігі виртуалды əлемді өтіп жатыр: іскерлік қарым-қатынастар, банктік операциялар, интернет сауда саттық, оқу жəне тағы басқалар. Бұл шынайы өмірдегі əлеуметтену процессіне жағымсыз əсер етуі мүмкін.
2000 жылдың басында дүниеге келген балаларды – Z ұрпағы деп атайды жəне олар интернет технологиялар заманының балалары болып табылады. Оларды интернеттен айырса, олар ауырып, тұншығып, кеңістіктегі бағдарын жоғалтып алуы мүмкін, себебі интернет оларды əлеммен байланыстырып отыр.
Осыған орай, іскерлік қарым-қатынастар сандық технологияларды қолдану мүмкіндігі арқасында, шекара, уақыт жəне кеңістік ұғымдарын шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық, еркіндік, қолжетімділік ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда.
Достарыңызбен бөлісу: |