-
Кеңістік пен уақыт ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынаста уақыт
пен кеңістік қатынас шексіз. Адам онлайн байланыста уақыттың дəл
қазіргі сəтінде өмір сүреді де, офлайн байланыс хаттан-хатқа дейінгі
уақытта болады. Бұл жерде кеңістік заңдылықтары еш əсер етпейді.
Сонымен, виртуалды қарым қатынас адамға үлкен кеңшілік жасайды.
Киберəлемде адамдар өзінің шынайы немесе ойлап тапқан қатым-қатынас
кедергілерін (түр-келбеті кемшілігі, тіл кемістіктері, мінез, мүгедектік,
психикалық ауытқулар) жоққа шығарып, əлеуметтік қажеттіліктерін
қанағаттандыра алады. Мұндай жағдай қосымша сенімділік беріп, ішкі
өзін-өзі таныту мотивін жүзеге асырады.
Осылайша, виртуалды қарым-қатынас ақпараттық, коммуникативті,
терапиялық, мəдени қызметтер атқарып, адамның психологиялық келбетін
өзгертті.
Сандық технологияларды қолдану адамның ес, зейін, ойлау
қабілеттерін өзгертті. Л.С.Выготский ойлап тапқан «жақын даму
аймағындағы» ересек адамның рөлін сандық технологиялар басуы əбден
мүмкін, себебі бала өзі жасай алмаған істі сандық технологиялар
көмегімен орындай алатыны ақиқат.
Қазір адамдардың шынайы өмірінің басым бөлігі виртуалды əлемді
өтіп жатыр: іскерлік қарым-қатынастар, банктік операциялар, интернет
сауда саттық, оқу жəне тағы басқалар. Бұл шынайы өмірдегі əлеуметтену
процессіне жағымсыз əсер етуі мүмкін.
2000 жылдың басында дүниеге келген балаларды – Z ұрпағы деп
атайды жəне олар интернет технологиялар заманының балалары болып
табылады. Оларды интернеттен айырса, олар ауырып, тұншығып,
кеңістіктегі бағдарын жоғалтып алуы мүмкін, себебі интернет оларды
əлеммен байланыстырып отыр.
Осыған орай, іскерлік қарым-қатынастар сандық технологияларды
қолдану мүмкіндігі арқасында, шекара, уақыт жəне кеңістік ұғымдарын
шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық, еркіндік, қолжетімділік
ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда.
Достарыңызбен бөлісу: