Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге – мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақтылық, ерлік т.б. «Әлсіз мінезге – негативизм (теріс), иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т.б. кіреді
1) Отан сүйгіштік – адам бойындағы күш–қуатын, білім мен тәжірибесін халық мүддесіне лның игілігіне, яғни туған жеріне білдіретін перзенттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Отан сүйгіш қасиетті қастерлеп әр заман ғұламалары өз ой-түйіндерін осыған бағыштаған.
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) – бұл бір істі нәтижелі етіп тындыру. Бұл адамның мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өмір сүре алады
3) Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның үй іші, әке – шеше, тума – туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана – сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәредесі байқалады. Борышты сезіну оны орындау, – ми және жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Ер жетіп, есейген адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні, оның психологиялық көңіл – күйіне ауыр жүк , зіл түсіретіні сөзсіз.
4) Мейірімділік пен ізгілік – осы қасиет бір – біріне үйлескен екі қозыдай. Бұл қасиет басқаларға (әке – шеше, ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым – қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. 5) Адалдық пен шыншылдық – бұл екеуі бір–бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері.
6) Достық – бұл ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты,тек адамға тән жоғары сезім. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.