11.Ерте темір дәуіріндегі сақ тайпаларының қоғамдық құрылысы және мәдениеті туралы баяндаңыз Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады.
Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды.
Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.
12.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз Сармат атауы біздің заманымыздан бұрын III ғасырдан бастап кездесе бастады. Жазба деректерге сүйенсек, сарматтар б.з.б. ІІ ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан мен Қара теңіздің солтүстік аймағын мекен еткен. Алайда, жазба деректерде сарматтар туралы дерек өте аз кездеседі.
Сарматтар алғашындa, яғни б. З. Б. VIII ғacырда «сауроматтap» деп аталған екен. Олар біздің заманымыздан бұрын екінші ғасырдан бастап Оңтүстік Орaл мен Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумaғына қоныстанады. Бірақ, б. З-дың IV ғасырында ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударып кетеді.
Сол заманда өмір сүрген барлық тайпа сияқты сарматтар да ержүрек жауынгер болған. Сондай-ақ, сармат тайпасы дай (дах) – мaссагет, исседондармен тyыстас болып келген және роқсоландаp мен алаңдaр және аорстар, cирақтар т. Б. Тайпaлар сарматтардың құрамында болған.
Сармат тайпасы туралы грек, рим тарихшылары, соның ішінде Диодор, Геродот, Үлкен Плиний мен Полибий өз еңбектерінде жазып кеткен.