3 МАЯТНИКТІК ТРАНСМИТТЕРЛЕР
Олар біртекті тұрақты ток 32 импульстарын жасайды. МТ-1 трансмиттері рельс тізбектерін қоректендіруге, ал МТ-2 трансмиттері ЭО, АБ және өткелдік сигналдандыруда бағдаршам оттарының жанып сөну режимін алу үшін қызмет етеді. МТ-2 трансмиттері МТ-1 трансмиттерінен жасалатын импульстары мен интервалдарының ұзақтығымен ерекшеленеді. МТ-1 трансмиттерінің маятнигі 1 минутта 105±10 тербелістер жасайды [4,5]
Ал МТ-2 - 40±2 тербелістер. Маятниктік трансмиттер (сурет 3.1) тербелмелі якорі бар тұрақты токтағы электромагниттік механизм болып табылады. Оның негізгі бөліктері: катушкалармен магнитсым 1, жәкір 2, осінде 3 орналасқан маятник 7 және гетинаксолық жұдырықтық шайбалар 4, 5, 6
Сурет 3.1 – Маятниктік трансмиттер МТ-1
Жәкірдің О1-О2 осі Ml-М2 осіне қатысты және маятниктің вертикаль осіне қатысты бұрылған. Электромагнит орамдарында ток болмаған кезде, маятник вертикаль жағдайға тұрады, ал жұдырықтық шайба 4 орамдарды қоректендіру тізбегін жасай отырып басқарушы контак УК тұйықтайды. К пернесі басулы болғанда трансмиттер өзектері магниттеліп, жәкір 2 О1 - О2 өз осін Ml-М2 магнитсым осімен қосуға талпынып бұрылады. Жәкірмен бірге маятник 7 (оңға) және барлық жұдырықтық шайбалар бұрылады.
Нәтижесінде шайба 4 УК контактін ажыратып, электромагнит орамдарының қоректендіру тізбегін, 5 және 6 шайбаларын ажыратып, 31 - 32 және 41-42 контактілерін тұйықтайды [4,5]
Магниттік өріс жоғалған кезде маятник 7 инерция бойынша қозғалысын жалғастырады. Максималды ауытқуға жетіп, ол қарсы бағытта қозғалыс бастайды және инерция бойынша вертикаль жағдайынан белгілі бір бұрышқа оң бұрылады. Маятник 7 вертикальді жағдайды өткен кезде УК басқарушы контакт тұйықталады және электромагнит орамы арқылы магниттік ағын тудыратын қайтадан ток өтеді.
Ал 31-32 және 41-42 контактілері ажыратылады. Магниттік өріс әсерінен жәкір 2 маятникті тербетіп Ml-М2 жағдайын алуға тырысып, тағы бұрылады. Осылайша, трансмиттер маятнигінің сөнбейтін тербелістері пайда болады. Трансмиттер жұмысында тұрақты ток біртекті импульстарын қалыптастыратын 31-32 және 41-42 контактілерінің 33 тұйықталуы мен ажыратылуы кезектесіп отырады. Маятниктік трансмиттердің электрлік сұлбаларда шартты белгіленуі 3.1, б - суретінде көрсетілген [4,5]
Біркелкi импульстердің көзі болып табылады және тұрақты тоқтағы импульстік рельс тізбектерінде және жанып-сөну режимінде жұмыс істейтін бағдаршамдардың сигналдық шамдарының сұлбаларында қолданылады. 3.1- суретте МТ-нің сұлбасы келтірілген.
Трансмиттердің негізгі бөліктері: электрмагниттік орама, полюстік соңдары бар өзекше (магнитөткізгіш), олардың ортасында якорь орналасқан. Ортақ осьте якорьмен бiрге маятник және дөңестері (выступ) бар үш шайба орнатылған, оларға түйіспелерді басқаратын ролик тіреледі. Бір түйіспелiк жұп (3.1- суретте УК деп белгіленген) ораманың қөректену тізбегіне қосылған, ал қалған екі түйіспе басқарылатын тізбекке қосылған.
Егер орамада тоқ болмаған жағдайда маятник тігінен орналасады және ортақ ось полюстік соңдардың көлденең осіне қатысты якорьді 450 бұрышқа бұрады, УК түйіспелері- тұйықтаулы, ал қалған екеуi ажыратулы.
Трасмиттерлерді электрқорегiне қосқанда орамадағы тоқ өзекшеде магнит өрісін тудырады, бұл өріс полюстік соңдардың ортасындағы якорьді магниттік өрістің бағытымен бұруға тырысады. Якорьмен бірге маятник пен шайба да бұрылады.
Шайбалардың бұрылуының есебінен басқарылатын түйіспелер тұйықталады, ал УК түйіспелері ажыратылып, орамадағы тоқ тізбегін үзеді. Орамаға тоқты берген кезде магнит өрісі жоқ болады және ауырлық күштің әсерінен маятник өзінің бастапқы қалпына келеді де, якорь мен шайбасы бар ортақ осьті бұрады. Маятниктің тіке қалпында УК түйіспелері орамадағы тоқ тізбегін қайта тұйықтайды, магнит өрісі пайда болып, якорьді магниттік өрістің бағытымен бұрады.
Жұмыстың барысында маятник тербеледі, орамадағы магниттік өрістің энергиясының әсерінен әрбір тербеліс периодында бір дүмпу (толчок) алады. Темір жол автоматикасында трасмиттерлердің екі түрі қолданылады: МТ-1 және МТ-2. МТ-1 трансмиттерінің тербеліс жиілігі минутына 105 10 тербеліс жасайды және ұзақтығы 0,24 - 0,3 с импульстер, 0,28 – 0,33 с интервалдар тудырады. МТ-2 трансмиттері минутына 40 2 тербеліс жасайды және ұзақтығы 1,0 0,05 с импульстер, 0,5 0,1 с интервалдар тудырады [4,5]
Достарыңызбен бөлісу: |