126жм назарқұл Еркебұлан


Жасушаның құрылысы. Биологиялық мембрананың маңызы жасуша құрылысының негізі ретінде. Құрылысының басты қасиеті және функциясы (уник-100)



бет3/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

3. Жасушаның құрылысы. Биологиялық мембрананың маңызы жасуша құрылысының негізі ретінде. Құрылысының басты қасиеті және функциясы (уник-100)
Жасуша – жасуша мембранасымен қоршалған, ядро мен цитоплазмадан тұратын, зат алмасуы мен энергия түзу процестеріне бірігіп қатысып, біртұтас жүйені құрастыратын тіршіліктің негізгі бірлігі болып табылады. Жасушаның құрылысы - жасуша қабықшасы (цитолемма және гликокаликс), цитоплазма (органеллалар, қосындылар) және негізгі бөлігі –ядродан тұрады.
Биологиялық мембраналар - цитоқаңқамен бірге тірі жасушаның құрылымын қалыптастырады. Жасушалық немесе цитоплазмалық мембрана әрбір жасушаны қоршап тұрады. Ядроның өзі екі мембранамен қоршалады: сыртқы және ішкі. Барлық жасушаішілік құрылымдар: митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосомалар, пероксисомалар, фагосомалар және тағы да басқа құрылымдар мембранамен шектеледі. Биологиялық мембраналар көлемі жағынан өте үлкен және зат алмасу процестерінде әмбебап реттеушілік рөл атқарады. Сондықтан биологиялық мембраналардың құрылысы мен қызметін зерттеу — цитологияның басты мақсаттың бірі болып табылады.
Биологиялық мембраналар, жасушалар беткейінде және субжасушалық бөлшектер беткейінде орналасқан, және протоплазмада кездесетін өзекшелер мен көпіршіктерді құрайтын молекулалық өлшемді шекаралық құрылымдар болып табылады. Биологиялық мембрана қалыңдығы 6-10 нм болып келеді.
Олар бірнеше қызметтерді атқарады: белсенді зат тасымалдау, кіші молекулалар мен иондардың жалпы және іріктемелі диффузиясы, жасуша ішінде метаболизм өнімдері мен иондардың тасмалдауын реттеу, электроизоляциондық қасиеттер, нерв импульсін генерациялау, биологиялық тотығу энергиясын химиялық энергияға (АТФ) түрлендіру, фагоцитоз, пиноцитоз, антигендік қасиеттерін көрсетеді.
Жасушалық кез-келген мембрана табиғаты липопротеидті, яғни липидтер мен ақуыздар жиынтығы болып келетін, жұқа пласт түрінде кездеседі. Негізгі химиялық құрамына: липидтер (~40%), ақуыздар (~60%) және көмірсулар (5—10%) кіреді.
Мембраналардың компоненттерін - липидтер, ақуыздар, көмірсулар құрайды. Биологиялық мембрана негізінде - амфифильді липидтердің қос қабаты жатады. Мұндай липидтер молекуласынының 2 бөлімі болады: гидрофобты - май қышқылының екі көмірсутекті «құйрықтары» және гидрофильді - көмірсудың спирт қалдығы, азотты негізі. Ішкі, сыртқы гидрофильді қабат-тығыз, ал ортаңғы гидрофобты – ақшыл болып келеді. Сулы ортада бұл молекулалар өздігінен қос қабатты құрайды, онда гидрофобты бөлімі бір-біріне, ал гидрофильді бөлігі – сулы ортаға бағытталады.Мембраналардың құрамында кездесетін липидтердің өкілдеріне: фосфолипидтер, гликолипид және стероидты липидтер ішінде — холестерол жатады.
Мембрана құрамына сонымен қатар ақуыздардың 3 түрі кіреді. Интегральді ақуыздар мембрананың липидті қос қабатына толық терең еніп тұрады. Ал перифериялық ақуыздар мембрана беткейінің бірімен байланысады. Мембранаға жартылай еніп тұратын ақуыздар – жартылай интегральді деп аталады.
Мембрана құрамындағы ақуыздардың қызметі бойынша бірнеше түрлері кездеседі. Оларға – фермент-ақуыздар, тасмалдаушы ақуыздар, рецепторлық, құрылымдық ақуыздар жатады.
Келесі кезекте көмірсуларға тоқталатын болсам...Көмірсулар мембрана құрамыда бос күйінде емес, липид пен ақуыз молекуларымен байланыста болады. Әдетте көмірсулық компоненттер мембрананың сыртқы беткейінде орналасады.
Қорытындылайтын болсам, биологиялық мембраналарға ассиметриялық қасиет тән болып келеді. Сонымен қатар, оның плазмолемма, жасушаішілік, базальді түрлері кездеседі. Олар плазмалық, ядролық қабықтарды және мембраналы органоидтарды құрайтын аса маңызды құрылым болып саналады.

4. Жасуша қабығы. Ішкі жасушалық (плазмалық) мембрана. Құрылымдық химиялық ерекшелігі. мембрана үсті (гликокаликс), мембрана асты (қыртысты) қабаттарына сипаттама. 91.42%




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет