126жм назарқұл Еркебұлан


Бірыңғай салалы бұлшықет тіні. Шығу тегі, морфофункциональдық сипаттамасы. Регенерация



бет80/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

77. Бірыңғай салалы бұлшықет тіні. Шығу тегі, морфофункциональдық сипаттамасы. Регенерация.
Уникальность %
Text.ru -92%
Ең бірінші бірыңғай салалы бұлшық дегеніміз не соған тоқталсақ.Жалпы айтатын болсақ,бірыңғай салалы бұлшық ет дегеніміз(musculus viceralis;лат.musculus— бұлшық ет ал, viscera —ішкі деген ойды білдіреді) — ішкі түтікше мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын құрайтын бұлшықет болып табылады.
Бірыңғай салалы бұлшық етті яғни екі ұшы сүйірленіп келген, пішіні ұршық сабына ұқсас бірыңғай салалы ет ұлпасының жасушалары—миоциттер құрайды .Сондай-ақ, миоциттер бір-бірімен жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық яғни аралық арқылы байланысып, ішкі түтікше мүшелер мен қан және лимфа тамырлары қабырғаларының етті қабықтары мен қабаттарын түзеді екен.
Сонымен қатар, бірыңғай салалы бұлшықеттіңқұрылысы жағынан паренхималы мүшеге жатады .. Оның парензимасын -миоциттер,ал стромасын — дәнекер ұлпалы аралық құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшықет дегеніміз сонымен— эмбрионалдық кезенде мезенхимадан дамып жетіледі . Бұлшықетті яғни вегетативті немесе автономды жүйке жүйесін жүйкелендіріледі.Сондықтан,бірыңғай салалы бұлшықет- автономды түрде еріксіз жиырылып, ішкі мұшелер мен
Тамырлар қабырғаларына жиырылып ең бастысы осылардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді .
Бірыңғай салалы бұлшық еттің шығу тегі.
Ең бірінші ол асқазан-ішек жолдары мүшелерінің, қан тамырларының, бронх және оның тарамдарының, жатырдың, несепағардың, қуықтың және т.б мүшелердің құрамына кіреді.
- Құрылымдық-функционалдық бірлігі– тегіс миоцит болып табылады.Құрамындағы жасушалары ұршық пішінді, иірімді, ұзындығы 20-500 мкм болады екен.Сондай-ақ,таяқша тәрізді ядролары құрамында тығыз хроматині және бір-екі ядрошығы бар, олар жасушаның ортасында орналасқан. Сонымен қатар бірыңғай салалы бұлшықет жасушасының цитолеммасында бұлшықеттің жиырылуына қажетті кальций иондарының депосы ретінде қызмет атқаратын – кавеолдар бар екен.Және,әр тегіс миоцит базальді мембранамен қоршалып, олардың құрамында коллагенді, эластинді және ретикулярл талшықтар дәнекер тінімен (эндомизий) қоршай орналасқан,бұл талшықтарға миоцит жиырылған кезде пайда болатын механикалық күш беріледі.
Филогенетикалық тұрғыдан алғанда, тегіс миоциттерде көлденең жолақтар болмайды, жүрек және қаңқа бұлшықет тінімен салыстырғанда, оларда саркомерлік құрылымдар болмайды.Сондай-ақ,бірыңғай салалы бұлшықет жасушасының жиырылу аппараты актин және миозин ақуыздарынан тұрады. Актинді жіпшелер ядро​​айналасында үш өлшемді тор түзіледі екен...Босаңсыған миоцитте миозин (жуан жіпшелер) деполимеризацияланып, ыдыраған күйде болады. Және миозин жіпшелерінің полимерленуі және олардың актинмен әрекеттесуі жиырылу кезінде ғана жүреді, содан кейін миозин құрылымдары қайтадан бөлшектеледі екен.
Бірыңғай салалы бұлшықет тінінің гистологиялық элнменті – біріңғай салалы бұлшықет жасушасы .Оның пішіні және өлшемі орналасқан жеріне байланысты өзгереді.Әрбір біріңғай салалы бұлшықет жасушасы сыртынан сарколемма мен базальды мембрамамен қапталған.Оларға қоршап тұрған талшықты дәнекер тінінің жасушааралық затының коллагенді және эластикалық талшықтары бекітіледі.Миоциттің кеңейген орталық бөлігінде таяқша тәріздіядросы орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет