Жеке адамдар стилі арқылы басқару әдістерінің негізгі бес түрі бар:
алыстау
«жуып- шаю», бұл әдіс ренжісуге тұрмайды деген сендірумен негізделеді
еріксіз көндіру
келісімге келу /компромисс/
мәселені шешу, яғни екі жаққа да қажетті іс-қимыл мен әрекетті таба білу
Күйзеліс (стресс) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Күйзеліс (стресс) үш кезеңнен тұрады:
Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі
Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады
Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады
жүрек аурулары, мигрень, гипертония және т.б. жатады
Физиологиялық күйзеліс белгісіне:
асқа тәбеттің шаппауы, тез ашуланушылық, депресия және жеке адам аралық қатынасқа төмен ынтамен қарау болып табылады
Психологиялық күйзеліс
Ұйымдық факторлар:
жұмыс барысында шамадан тыс ауырлық түсу немесе керісінше өте жеңіл және аз жұмыс істеу салдары
рөлдер қақтығысы, бұл жұмыс – қарсы талаптар қойған кезде пайда болады
рөлдердің айқынсыздығы, қызмет барысында өзінен не талап етілетінін білмеген жағдайда пайда болады
қызықсыз жұмыс
4. Ұйымдық өзгерістер табиғаты
Ұйымдардағы өзгерістерді басқарудың моделін Лэрри Грейнер жасап шығарған. Ол келесі кезеңнен түрады:
Қысым және іздену. Басшы ұйым өзгерісінің қажетілігін сезіну керек және оны өткізуге дайындалуы қажет. Бұл кысым осы келе жатқан бәсеке, экономикадағы өзгерістер сияқты сыртқы факторлармен көрсетіледі, сондай-ақ ішкі факторлардың өзгеруінен де пайда болады, ол өнімділіктің төмендеуі, шығынның өсуі және т.б.