13-апта бойынша орындалатын тапсырмалар


Мінездің типологиясы, олардың сипаттамасы



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі27,7 Kb.
#88939
1   2   3
Байланысты:
Пернебек Аружан 13-апта

3.Мінездің типологиясы, олардың сипаттамасы.
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыз-дық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі турде кдлыптасуы оның коршаған дүниеге катынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объекттердің маңызымен анықталады:
Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өгірікші, әдепті – дөрекі т.б.).
Орындалатын іс қызметіне орай (еңбеккер – еріншек т.б.)
Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
Заттарға қатынасынан (сақи – ашкөз, үқыпты – салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақгы мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан көп адамдардың әрекет-қылығында өзара ұқсастық болады немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншсі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады,
Мінез әр түлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі (типі) – адамдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі – мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет