13-дәріс. Қазақ тіліндегі есімше және көсемше категориялары. Көмекші етістік‚ оның аналитикалық форма жасаудағы қызметі туралы
Есімше — түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде де ұзақ жылдар сөз болып, талас тудырып жүрген тақырыптардың бірі. Оны Қ.Кемеңгерұлы да оқу қүралдарында арнайы сөз етеді. Қ.Кемеңгерұлы мен ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілер арасында есімшенің өткен шағын (-ған/-ген), ауыспалы осы шағын (осы -келер шақ-Қ.К.) (-атын/-етін), келер шағын (-ар/-ер) тануда алшақтық жоқ:
Н.Ильминский “Материалы к изучению киргизского наречия”, 1860
|
М.Терентьев “Грам. турецкая, персидская, киргизская, узбекская”. 1875
|
П.Мелиоранский “Краткая грамматика казак-киргизского языка”,1894, 1897
|
И.Лаптев “Краткий грамматический очерк казак-киргизского языков” 1900
|
Н.Созонтов “Записки грамматике киргизского языка”, 1912
|
жазған
|
-ған
пр.прош.вр.
|
-ған
пр.наст.пр.вр.
|
-ған
пр.наст.пр.вр.
|
-ған
пр.прош.вр.
|
жазатұғын
|
-атұғын
пр.наст.вр.
|
-атұғын
долженст.
|
-атұғын
долженст.
|
-атұғын
пр.наст.вр.
|
жазар
|
-ар
пр.буд.вр.
|
-ар
пр.буд.вр.
|
-ар
пр.буд.вр.
|
-ар
пр.буд.вр.
|
–
|
–
|
–
|
-ушы
пр.наст.вр.
|
–
|
–
|
–
|
–
|
-ғаншы
пр.наст.вр.
|
–
|
жазбақ
|
–
|
–
|
-мақшы
пр.буд.вр.
|
–
|
жазғы
|
–
|
–
|
–
|
–
|
|
|
|
|
|
Ал есімшенің осы шақ түрі (-ушы/-уші) И.Лаптев құрастырған грамматика мен Қ.Кемеңгерұлы оқулығында ғана кездеседі, басқа зерттеушілерде бұл көрсеткіш жоқ. Сонымен қатар -атын/-етін көрсеткішін М.Терентьев, Н.Созонтов осы шақ есімше деп, П.Мелиоранский, И.Лаптев долженствовательное причастие деп атаса, бұл қосымшаны Қ.Кемеңгерұлы осы-келер шақ есімше тұлғалары ретінде берген. Ғалым есімшенің бұл түрі көсемшенің -а/-е/-й жұрнақтарының үстіне -тын/-тін, -тұғын қосымшаларының жалғануы арқылы жасалғанымен, үнемі осы шақ мәнінде ғана жүмсала бермей, кейде келер шақ мағынасында да қолданылатынын, шақ мәні контекске байланысты ауысып отыратынын байқаған. Қ.Кемеңгерұлынан кейінгі зерттеушілерде есімшенің бұл түрінің ауыспалы шақтық мәні ескеріліп отырған. М.Терентьев, П.Мелиоранский еңбектерінде -ған/-ген көрсеткіштері «причастие настояще-прошедшего времени» деп аталса, Қ.Кемеңгерұлы бұл есімшенің өткен шақ мәнінде жиі қолданылатынын ескеріп, оны өткен шақ есімше ретінде берген. Кейінгі зерттеу еңбектері мен оқулықтарда есімшенің бұл түрі - өткен шақ есімше ретінде танылып жүр.
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлының есімшелерді топтастыруында біршама ұқсастық, айырмашылықтар бар:
А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал», 1915
|
Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы», 1928, 1929
|
-ушы
осы шақтық есімше
|
-ушы
осы шақтық есімше
|
-ған
өткен шақтық есімші
|
-ған
өткен шақтық есімше
|
-атын
ұйғарынды есімше
|
-атын
осы-келер шақ есімше
|
–
|
-ар/-ер
келер шақ есімше
|
Екі ғалымда да өткен шақ (-ған/-ген)‚ осы шақ (-ушы/-уші) есімшелерді тануда алшақтық жоқ. Есімшенің -атын/-етін, -йтын/-йтін жұрнақты түрін А.Байтұрсынұлы «ұйғарынды есімше» деп атаса, Қ.Кемеңгерұлы есімшені танытуда бірізділік сақтауға тырысқан, яғни есімшенің барлық көрсеткіштерін де шақтық мәнін түсіндіре отырып көрсетпек болған деп ойлаймыз.
Көңіл аударатын бір жайт — А.Байтұрсынұлы -ар/-ер көрсеткіштерін сенімсіз рай (көрер ме екенсің), болжал рай (оқыр едім), мұң райды (айтар ма едім) тануда, сол сияқты ашық райда, келер шақты түсіндіруде (жазар-жазбас) қолданғанымен, есімше көрсеткіштерінің қатарында атамайды. Т.Шонанов «Самоучитель казахского языка» (1930) деген еңбегінде А.Байтұрсынұлының осы топтастыруын басшылыққа алған. Сол себепті Т.Шонановтың аталған еңбегінде де -ар/-ер жұрнағы есімше көрсеткіші ретінде берілмейді. Ал Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде -ар/-ер қосымшалары келер шақ есімше ретінде аталған. Бұл орайда Қ.Кемеңгерұлы рухани ұстазы —А.Байтұрсынұлы тұжырымдарын қайталап қана қоймай, өз бетінше ізденгенін көреміз.
Есімшені тануда өзіндік ерекшелігімен дараланатын ғалымдардың бірі — Қ.Жұбанов пен Қ.Кемеңгерұлы таптастыруларынан да біршама алшақтықтар мен ұқсастықтарды табуға болады:
Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы»
|
Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің програмы»
|
-ған/-ген
өткен шақ есімше
|
тел есімше:
-ған/-ген
өткен шақ тел есімше
|
-ар/-ер
келер шақ есімше
|
-ар/-ер
болжалды келер шақ
|
-атын/-етін
осы-келер шақ есімше
|
-атын/-етін
дағдылы тел есімше
|
-ушы/-уші
осы шақ есімше
|
–
|
–
|
-ғай/-гей/-қай/-кей
келер шақ қоспа тел
|
–
|
-мақ/-мек
келер шақ мақсат тел
|
–
|
-ғыр/-гір
қарғыс тел
|
–
|
сүйеншек есімше:
-ғалы/-гелі
өткен шақ шектеуіш сүйеншік
|
–
|
-ғалы/-гелі
келер шақ мақсат сүйеншік
|
–
|
-ғанша/-генше
келер шақ шектеуіш сүйеншік
|
–
|
-ғанша/-генше
өткен шақ орынсыз сүйеншік
|
–
|
-ғасын, (-ған) соң
себеп-соңшыл сүйеншік
|
–
|
-ғанмен
ереуіл сүйеншік
|
Екі ғалым да -ған/-ген, -ар/-ер, -атын/-етін жұрнақтарын есімше көрсеткіштері деп санайды. Қ.Кемеңгерұлы топтастыруындағы осы шақ есімше көрсеткіштері (-ушы/-уші) Қ.Жұбановта кездеспейді. Ал Қ.Жұбановтың келер шақ мақсат тел (-мақ, -мақшы)‚ сүйеншек есімше түрлері: келер шақ шектеуіш сүйеншек (ғасын, ған соң)‚ ереуіл сүйеншек (-ғанмен/-генмен) деп топтастырған есімше көрсеткіштері Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде синтаксис бөлімінде, сабақтас құрмалас сөйлемнің аясында қарастырылады.
Қ.Жұбановтың топтастыруындағы -ғалы/-гелі қосымшасының бірде өткен шақ шектеуіш сүйеншек, бірде келер шақ мақсат сүйеншек болып келуі, сол сияқты -ғанша/-генше жұрнақтарының бірде келер шақ шектеуіш сүйеншек, бірде өткен шақ орынсыз сүйеншек, енді бірде себеп-соңшыл сүйеншек болып, бір көрсеткіштің сөйлемге қарай түрлі мәнге ие болуына байланысты Қ.Кемеңгерұлы оларды синтаксис бөлімінде сөз етеді.
Сонымен қатар -ғалы/-гелі жұрнақтарын ғалым көсемше қатарында қарастырады. Қазіргі кездегі оқулықтар мен зерттеу еңбектерінде бұл жұрнақ көсемше көрсеткіштері ретінде танылып жүр. Сол сияқты Қ.Жұбанов топтастыруындағы келер шақ қоспа тел (-ғай/-гей), келер шақ мақсат тел (-мақ, -мақшы)‚ қарғыс тел (-ғыр/-гір) түрлерін Қ.Кемеңгерұлы есімше қатарына қоспайды.
Кейінгі зерттеушілердің топтастырулары, негізінен, Қ.Кемеңгерұлы тұжырымдарына ұқсас:
І.Кеңесбаев «Қазақ тілі», 1939
|
С.Аманжолов «Қазақ тілі грамматикасы», 1939
|
Т.Ерғалиев «Қазақ тіліндегі есімшелер». 1946
|
Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев «Қазақ тілінің грамматикасы». 1948
|
Н.Сауранбаев «Қазақ тілі», 1953
|
К.Мусаев
«О глагольный имен-ных фор-мах», 1957
|
-ған өткен шақ ес.
|
-ған өт.шақ.ес.
|
-ған анық есімше
|
-ған өт.шақ.ес.
|
-ған өт.шақ.ес.
|
-ған
|
-атын келер. ауыс. шақ ес.
|
-атын өт.келер ш.
|
-атын (ауысп.к.ш.)
|
-атын ауыс.к.ш.
|
-атын келер ш.ес.
|
-атын
|
-ар келер ш.ес.
|
-ар келер ш.ес.
|
-ар қатыстық есімше
|
-ар келер ш.ес.
|
-ар
|
-ар
|
–
|
–
|
–
|
–
|
-ушы осы шақ ес.
|
–
|
Яғни -ған/-ген, -атын/-етін, -ар/-ер жұрнақтарын есімше көрсеткіштері ретінде тануда бірізділік байқалады. Ал осы шақ есімше Н.Cауранбаевтан басқа зерттеушілердің еңбектерінде кездеспейді. Оның өзіндік себептері бар сияқты.
Төңкерістен кейінгі жылдарда қоғамдағы сан қырлы өзгерістер мен жаңалықтарға байланысты жаңа атаулар көптеп жасалғаны белгілі. Орыс тіліндегі -ник, -ец, -чик, -тель, -щий т.б. жұрнақтар арқылы жасалған кәсіп, мамандық иесін білдіретін сөздер қазақ тіліне -шы/-ші аффиксі арқылы аударылып, бұл қосымша ең өнімді жұрнақтардың біріне айналды: ученик-оқушы, учитель-оқытушы, писатель-жазушы, обвинитель-айыптаушы, либералист-либералшы, художник-суретші, колхозник-колхозшы т.б. Калька тәсілімен жасалған -ушы тұлғалы сөздер‚ басқа мамандық, кәсіп иелерін білдіретін сөздер сияқты жеке қолданылуының нәтижесінде зат есім қатарын толықтырды. Сол себепті -ушы/-уші тұлғалы есімшелердің етістікке тән мәні әлсіреп, оларды есімше ретінде танудың өзі тіл білімінде дау туғызып келді. Мәселен, «Современный казахский язык» (1962)‚ Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі (Етістік)» (1966)‚ «Қазақ тілі грамматикасы» (1967)‚ Ғ.Әбуханов «Қазақ тілі» (1982) т.б. еңбектерде -ушы/-уші жұрнағы есімше көрсеткіші ретінде танылса, А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (Морфология) (1974); М.Серғалиев, Ш.Бектұров «Қазақ тілі» (1989)‚ С.Исаев «Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты»(1998) т.б. еңбектерде бұл қосымшаны есімше көрсеткіштерінің қатарына қоспайды. Бұл туралы Ы.Маманов былай деп жазады: «Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде осы шақ есімше етістік мәнінен ажырап, бірте-бірте кәсіптік мәнді білдіретін зат есімдерге айналып бара жатқандығы аңғарылады. Осының салдарынан болуы керек, түркі тілдерінде осы тұлғаны есімше категориясына жатқызуға қарсы пікірлер де жоқ емес. Қазақ тілі фактілеріне қарағанда, осы шақ есімше тұлғасын бүтіндей зат есім категориясына ауысты деуге болмайды. Өйткені, біріншіден, етістіктің болымсыздық жұрнағын (-ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе) қабылдайды...; екіншіден, осы шақ есімше етіс, күшейтпелі етістік және күрделі етістік негіздерінен жасалып, солардың мағыналық қасиеттерін толығымен бойында сақтайды. Әрине, осы шақ есімшенің етістік мәні өткен шақ есімше, дағдылы есімше және болжалды есімшемен салыстырғанда, әлдеқайда солғын. Дегенмен, етістік категориясынан қол үзіп кеткен деуге болмайды» [83, 34].
Ғалым пікірін толық қуаттай отырып –ушы/-уші қосымшасын осы шақ есімше деп тануға әбден болады деп есептейміз.
Қ.Кемеңгерұлы еңбектеріндегі және қазіргі қазақ тіліндегі есімшелердің танылуы өзара ұқсас:
«Современный казахский язык» 1962
|
Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі. Етістік», 1966
|
«Қазақ тілі грамматикасы» (Ж.Болатов)
|
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі», 1974
|
Ғ.Әбуханов «Қазақ тілі», 1982
|
М.Серғалиев, Ш.Бектұров «Қазақ тілі», 1994
|
-ған
|
-ған өткен шақ есімше
|
-ған өткен шақ есімше
|
-ған өткен шақ есімше
|
-ған өткен шақ есімше
|
-ған өткен шақ есімше
|
-атын
|
-атын дағдылы
|
-атын ауыспалы.
|
-атын жалпы осы шақ ес.
|
-атын ауспалы шақ
|
-атын ауыспалы шақ
|
-ар
|
-ар келер шақ есімше
|
-ар келер шақ есімше
|
-ар келер шақ ес.
|
-ар келер шақ есімше
|
-ар келер шақ
|
-ушы
|
-ушы осы шақ есімше
|
-ушы осы шақ ес.
|
–
|
-ушы осы шақ есімше
|
–
|
-мақ
-мақшы
|
-мақ ниет есімше
|
-мақ мақсат мәнді келер шақ ес.
|
-мақ келер шақ есімше
|
–
|
–
|
Зерттеушілер арасында өткен шақ есімше (-ған/-ген), келер-осы шақ есімше (-атын/-етін), келер шақ есімшені (-ар/-ер) тануда бірауыздылық байқалады. Кейінгі шыққан еңбектердің Қ.Кемеңгерұлы топтастыруынан өзгеше тұстарының бірі -мақ/-мек, -мақшы/-мекші қосымшаларына байланысты. Қ.Кемеңгерұлы аталған қосымшаларды есімше аясында қарастырмайды. Ғалым -мақ/-мек жұрнағын тұйық етістіктің (неопределенная форма - Қ.К.) толық түрі деп, ал осы қосымшаларға -шы/-ші жұрнағы жалғанған түрін -ғанша, -ған соң‚ -ғаннан кейін, -ғанда, -ғаннан, -ғанды т.с.с. есімшенің өткен шағының түрленген түрімен қатар құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентіне байланысты сөз етеді: «Частица -шы прибавленная к полной форме неопределенного наклонения глагола означает цель действия и указывает, что действие в будущем должно совершиться» [8, 56]. Байқап отырғанымыздай, Қ.Кемеңгерұлының -мақшы/-мекші қосымшаларының мәнін анықтауы (мақсат, келер шақ) бүгінгі таңдағы тұжырымдарға ұқсас.
Ғалымның -мақ, -мақшы қосымшаларын есімше қатарына қоспауының бірнеше себептері бар сияқты. Ең алдымен, -мақ/-мек қосымшалары ол кезде тұйық етістік (инфинитив) көрсеткіші ретінде танылған. Қазіргі кезде де өзбек, әзірбайжан, түрікмен тілдерінде -мақ/-мек тұлғалы етістік инфинитив болып есептеледі. Сонымен қатар бұл қосымша, басқа есімше көрсеткіштері сияқты, еркін тәуелденіп, септеліп, көптік жалғауларын қабылдай алмайды, басқа есімшелерге еркін жалғанатын етістіктің болымсыздық жұрнағы -мақ/-мек қосымшалы сөзге жалғанбайды. Алайда тіл деректерін сараптай отырып, -мақ/-мек қосымшасының бірте-бірте есімшенің қасиетін бойына жинақтай бастағанын байқауға болады.
XX ғасыр басында тұйық етістік қосымшасы ретінде-ыу/-іу'> -ыу/-іу (қыcқа түрі) -мақ/-мек (толық түрі) танылды. Ғалым Р.Cыздықова «Әдеби тілдің тарихы» деген еңбегінде XYІ ғасыр ескерткіштерінің, атап айтқанда, Қадырғали Жалайыридың «Жами-ат-тауарих» атты шежіресінің тілін талдай отырып, -мақ/-мек, -ғу/-гу жұрнақтарының қатысуымен қимыл есімі жасалғанын айтады [Р.Cыздықова, 120]. Яғни -мақ/-мек қосымшаларының қимыл атауын білдіру тарихы өте әріден басталатынын көреміз. Алайда қазіргі кезде тұйық етістік ретінде -ыу/-іу тұлғалы етістіктер ғана танылып, -мақ/-мек зат есімдердің алдынан келсе, анықтауыш ретінде жұмсалып, сөйлем соңында баяндауыш қызметін атқарып жүр. Бұл форма келер шақ мәнінде жұмсалатын басқа есімшелермен жарыса қолданыла алады: айтылмақ сөз - айтылар сөз - айтылатын сөз, көрсетпек іс - көрсетер іс - көрсетілетін іс т.б. Ендеше, -мақ/-мек қосымшасы тілдің дамуы нәтижесінде тұйық етістік көрсеткіші болу қызметінен, яғни атауыштық мәннен есімше қызметіне, анықтауыштық мәнге ауысып келе жатыр деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |