білім, тәрбие беру, әрі дамыта оқытудың кешенді мақсатын жоспарлау. Оқыту мақсатын нақтылау;
берілетін білім мазмұнының логикалық жүйесін сақтай отырып, ең негізгі, түйінді дәнді бөліп ала білу, негізгі ұғымдарды анықтау, соны оқушыға игертудің жолдарын іздеу;сабақ құрылымының да нақты жағдайға байланысты нәтижелі деген түрлерін таңдап ала білу;жалпы сыныптық, топтық, жұптық, жеке оқу түрлерін үйлестіре пайдалану, нақты жағдайға байланысты саралап ала білу;
тиімді қолайлы оқу жағдайын туғызу;оқу қарқынын таңдап алу (тез, орташа, баяу);жіберілетін уақыт пен уақыт нәтижесін талдау (яғни уақыт тиімділігін анықтау; мұғалім тарапынан пайдаланылған ауқыт пен баланың оны қабылдау мүмкіндігіне барлау).
Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай – ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.