13 САЯСИ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ШИЕЛЕНІСТЕР
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды.Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді.Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.
Шиелініс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, қөзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады. Шиеленіске адамзат өте ертеден ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б 7-6 ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң жане теріс бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген-марксизм. Маркс пен Энгельс Коммунистік партияның манифесінде: ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антогонистік болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы жане қозғаушы күші деп есептеді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.
60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф қоғамның дау-дамайлық үлгісін алға тартты. Ол “Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер” деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К.Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол бермейді делінген.
Американдық әлеуметтанушы Кеннет Баулдинг шиеленістің жалпы теориясын жасады.Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын тітіркендіргіштер қозғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды жке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда.Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп оның алдын алуға бағытталды. Соған орай, ол саяси жане қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әртүрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: ”Бұл қайшылық әрқашан болған жане бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз” дейді.
Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың талап-тіректің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады.
Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік этникалық, діни бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды.Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды жане өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канадағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер жане т.с.с.
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді.Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылық туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т.б.
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған, дау-дамайларды уақытында ушықтырмай асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылармен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі жане т.с.с. арасында кездеседі. Олар әртүрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларға антогонистік жане антогонистік емес, негізгі жане негізгі емес, шындыққа жататын жане жатпайтын, ұзақ уақыттық жане қысқа мерзімді, т.т. етіп те бөліп жүр.
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп,өз еріктерімен орындағанда билік.Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынандай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әртүрлі қылмыстары, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап. Дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шесілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абзах шиеленістері сияқты.
Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді.Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін.Сондықтан шиеленісті шешу керек.Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін.Біріншісі, қоғамның таза даму қисынына сәйкес келмегендігі өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді.Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып- жансып құрту, жою арқылы құтылғысы келді.Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамша түсінік туады.Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.
Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады.Оның екі жолы бар.
- Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады.Онда екі жақ бір-юірін ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
- Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдайда бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі-келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін жане т.б. зерттеп білген жөн.
Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне заңды оппозицияның бар-жоғына байланысты. Бұрынғы кеңес заманында көппартиялық пен оппозияцияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажет шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозияцияда әр топтың талап-тілектері, қөзқарастары ескеріледі.Сондықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура қалады деп тегін айтпаған.
Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуі тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі-араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғузу. Екіншісі- барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты туғызады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.
Америкалық саясатшы Г.Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі тиіс деген. Батыстың тәжрибесі жеке адамның еркіндігіне, қоғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын.Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар тағдыры үшін маңызды шарттар.
Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелегентүрі ғана қиратып, бүлдүруге әкеледі. Олай болиау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси жане қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан америкалық саясатшы Сеймур Липсет(1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды. Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы-халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету.Оған қоса қоғамның сая мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім артса, беки түседі.Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.
Біраз жағдайларда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағыларға әр түрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынандай жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін.Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.
1.Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
2.Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, не істесең соны істе деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
3.Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылыбейбіт жолмен шешу.Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімшілік білдіріп, ымыраға келуін айтады.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып өзара кешірімдік жасап, ортақ келісімге келісуге тырысады.
4.Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
5.Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз епіктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конститутциялық тәртібін жане т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы дау-дамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі жане шешілу жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия,Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің(Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда християндар мен мұсылмандар), әр түрлі ұлттар(бұрынғы Кенестер Одағында), әр түрлі нәсілдер(Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай қақтығыс әр түрлі этникалық топтардың арасында елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының өкілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүріп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-топтық сатыда жоғары деңгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдері мен салыстырғанда артықшылықтарымен, жеңілдіктермен пайдаланады.Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлтаралық жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі-этникалық ұлтшылдық.Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу тұтастығын жане өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:
-автономия мен өзін өзі басқаруды қамтамасыз ету;
-белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
-өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі- түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату.Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті.Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштер арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы жане т.с.с. жанжалдар.Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси жане азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық- мемлекеттік құрылым мәселелерінің жане т.б. жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептердің бірі- этностың өз тілі, мәдениеті, діні, әдет ғұрпының тағдырына қалыптан тыс аса қауіптенішілік. Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану. Мысалы, біздің республикамызда 90 жылдардың орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің мәртебесі жөнінде бірталай әңгіме қозғады. Оларға «Лад», «Русская община»ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым көруде, орыстарды басқарушы қызметке аз алуы, олардың арасында жұмыссыздық көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінің тең қолданылатындығы, өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі барлық ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп отырмағандығы, басқарушы органдарға қызметке ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы жане т.б. олардың қауіптерінің орынсыз екендігін дәлелдеді.
Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланылады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып кетуге бейім келеді жане ұзақ сипат алған дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді. Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан назардан тыс қалдырмауы тиіс. Алайда экстремистік пиғылдағылар елмізде кездеседі. Мысалы, 1990жылы Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдары дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады.Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді.Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты , отан сүйгіштікті республика тұрғындарының бойына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай еңбек етуіміз керек.
Саяси жүйеге ықпал жасау үшін көтеріліс те жасалады. Оны ұйымдастырушылар алдында белгілі бір мақсат қояды. Ол саяси немесе саяси емес те болуы мүмкін. Революциямен салыстырғанда оның көбіне ауқымды тарырақ, мақсаты нақтыланған болып келеді. Кейде саяси билікті қолға алу үшін қарулы көтеріліс ұйымдастырылуы мүмкін.
Саяси өмірде бүлікшілік(бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетінде жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалылығымен, сезім ірекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады.
Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекетін бүлік(путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және оның жағдайды жақсы есептеп, терең ойленған бағдарламасы болмайды.
Олардың өзіндік мақсат-мүдделіктері, талап-тілектер, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіліктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздаққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікке дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қасыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с. Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала-өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен дилікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауға және оны іске асыруда. Саяси процесс-күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси жүйені түтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |