130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)



бет28/35
Дата12.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#100735
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
Цифрлық сауаттылық 3-сынып 1635158643

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу
«INSERT» әдісі
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

«V» «Білемін»

«-»
«Мен үшін түсініксіз»

«+»
«Мен үшін жаңа ақпарат»

«?»
«Мені таңғалдырады»

INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.




Жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін, оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін, әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

1- тапсырма
Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережесін құрастырыңдар. Ережені мәтіндік редакторға жазып сақтаңдар. Қағазға басып шығарып, сыныптастарыңа таныстырыңдар. Олармен пікір бөлісіңдер.


Дескриптор

  • Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу ережесін құрастырады.

  • Ережені мәтіндік редакторға жазып, сақтайды.

  • Сыныптастарымен пікір бөліседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет