№130 Бұйрығына 10-қосымша



бет2/2
Дата26.01.2023
өлшемі39,14 Kb.
#63112
1   2
Байланысты:
Тарбие жоспары 2022

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты адам

Орындау













мерзімі

1

18 қазан рухани келісім күні.

Әлеуметтік желі

Сынып жетекші

14.10.2022




«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық пен бірліктің

бейнеролик










кепілі»










2

«Тиым сөздер, ырымдарды біліп жүрейік»

Сайыс

Сынып жетекші

25.11.2022

3

«Қазақстанның жеті кереметі»

Сурет байқауы

Сынып жетекші

14.04.2023




  1. Бағыты: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу



Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.





Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты адам

Орындау













мерзімі

1

Ұлы даланың ұлық тұлғасы-Әл – Фараби

бейнеролик

Сынып жетекші

20.10.2022
















2

Жыр алыбы – Жамбыл ата

Дастандар үзінді

Сынып жетекші

24.02.2023







(челлендж)







3

«Қыз қылығымен көркем»

Сайыс

Сынып жетекші

05.04.2023































  1. Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты



Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.





Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты адам

Орындау













мерзімі

1

«Салауатты өмір салты-ғасыр ұраны» 

Cайыс

Сынып жетекші

09.12.2022































2

«Нашақорлық пен маскүнемдіктің себептері мен

бейнеролик

Сынып жетекші

03.02.2023




салдары»








































3

Денсаулығыңды ойласаң ауырмайтын жол іздейік

Волейболдан жарыс

Сынып жетекші

10.03.2023































4

«Денсаулық зор байлық»

Cайыс

Сынып жетекші

19.05.2023


















34 көп салалы мектеп-гимназия


Бекітемін: «Келісемін»
Мектеп директоры: Директордың тәрбие ісі жөніндегі
__________ О.Х.Хуандыкова орынбасары: Н.А.Сундеткалиевна
« » тамыз 2022ж __________
« » тамыз 2022 жыл
Тәрбие жұмысы жоспары
(Орта, техниқалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған) 2022-2023 оқу жылына
Педагог: Мағзомова Ардақ Әнуарбекқызы
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тобы/сыныбы: 9 «б»
(топтың/сыныбын атауын көрсету)



Сынып жетекшісінің міндеттері

1. Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.


2. Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы.
3. Тәрбие жұмысын жоспарлау.
1. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті – ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті – оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері – әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері – диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
• балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
• өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
• оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
• сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
• ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
• өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
• тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
• оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
• ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
• мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
• ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
• әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
• оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
• әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
• оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
• оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
• оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;
• өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
• көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
• қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• “оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
• баланың денсаулығы;
• отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
• баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
• мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
• үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
• моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
• еңбекке көзқарасы;
• әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
• интелектуалдық дамуы;
• саяси сауаттылығы, т.б.
2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:
• тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;
• талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
• тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
• сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;
• тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
• тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;
• оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
3. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.


Сыныптағы сынып жұмысын ұйымдастыру үрдісінде сынып жетекшісі келесі міндеттерді жүзеге асырады:

  • білім беру үрдісіндегі және сыныптағы қарым-қатынасты талдау, үйлестіру мен түзетуді;

  • сынып оқушыларымен жұмыс істейтін педагогтардың білім берудегі жұмыстарын үйлестіру;

  • сынып ұжымындағы өмір тіршілігінің және сыныптың іс-шараларын, сынып сағаттарын, ақпараттық минуттар мен пікірлесулерді, ұжымның шығармашылық жұмыстарын, байқауларды жоспарлау, дайындау, өткізу және қорытындысын жасауды ұйымдастыру;

  • оқушыларды әлеуметтік қорғау;

  • оқушылардың ата-анасымен жұмыс;

  • сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету;

  • оқушылардың күнделігі мен мен сынып журналын жүргізуді ұйымдастыру.



Сынып жетекшісі өз міндетін жүзеге асыру барысында
А) оқу жылының басында:

  • сынып тізімін жасайды және сынып журналы мен тәртіп дәптерін толтырады;

  • мектеп кітапханасынан оқулықты алуды ұйымдастырады;

  • оқушылардың отбасындағы тәрбиесімен танысады;

  • сыныптың әлеуметтік паспортын жасайды;

  • сынып оқушыларының қосымша білім мекемелеріне қатысуы туралы толық ақпарат жасайды;

  • оқушылардың бейімділігін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, шараларға тарту жұмысын жүргізеді;

  • сынып өмірінің қызметін ұжымдық жоспарлауын ұйымдастырады;

  • сынып жетекшілерінің ӘБ жетекшісімен келісе отырып, сынып жұмысының тәрбие жоспарын жасап, тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасарына бекітуге тапсырады.

Ә) күнделікті:

  • оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады;

  • сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқару органына педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

  • оқушылардың сырт пішінін бақылауды жүзеге асырады;

  • іс-шаралар өткізу кезіндегі сынып оқушыларының тәртіп мәдениетін бақылауды жүзеге асырады;

  • асханада оқушылардың ыстық тамақпен тамақтануын бақылауды жүзеге асырады;

  • оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды;

  • оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау дәптерін толтырады.

Б) әр аптада:

  • оқушылар күнделігін тексереді;

  • пән мұғалімдерінің сынып журналын толтыруын қадағалайды;

  • сынып сағатын және жарты сағаттық ақпарат және пікірлесуді жүргізеді;

  • сыныптарға бөлінген жер үлескілерінің тазалығын бақылауды жүзеге асырады.

Г) ай сайын:

  • мектеп жұмыстарына сынып ұжымының қатысуын ұйымдастырады;

  • жол жүру ережелері, құқықтық жалпыға міндетті оқу туралы сабақтар, өмір мен техника қауіпсіздігі бойынша жоспарланған нұсқаулықтар өткізеді;

  • мектеп жоспарына сәйкес жалпы мектептік кештерде және басқа да іс-шараларда кезекшілік атқарады;

  • ерекше педагогикалық қадағалауды қажет ететін өз сынып оқушыларының үйірме, секция, клуб т.б. бірлестіктерге қатысуын бақылайды.

Тоқсан аралығында:

  • оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің ұсынысын орындауды ұйымдастырады;

  • сынып жетекшілердің ӘБ-не, семинарларға, тәрбие жұмысы жөніндегі жиналыстарға қатысады;

  • ата-ана жиналысын өткізеді;

  • педагогикалық консилиум өткізеді

Тоқсан соңында:

  • оқу-тәрбие жөніндегі мектеп орынбасарына сыныптың үлгірімі туралы есепті және сынып журналын тапсырады.;

  • оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын ұйымдастырады және ұйымдастыру есебін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады.

Каникул кезінде:

  • сынып жетекшілердің ӘБ-ң демалыстағы жұмысына қатысады;

  • оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекеттерін тексереді;

  • әлеуметтік педагогпен рейдке шығады.

Жартыжылдық аяғында:

  • сыныптың тәрбие жұмысына есеп береді (мәтіндік есеппен қоса фото коллаж тапсырады).

Оқу жылының аяғында:

  • оқу жылындағы сынып жұмысының қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;

  • сыныптың оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық сараптама жасап, оны ТЖЖ мектеп орынбасарына өткізеді:

  • сынып кабинетін жөндеуді ұйымдастырады;

  • мектеп кітапханасына оқулықтарды өткізуді ұйымдастырады;

баласының жазғы демалысы туралы ата-анасынан мағлұмат алады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет