14-билет ХХ ғасыр бас кезінде қозғалған тақырыптар


С. Торайғыров шығармашылығының ғұмырнамасы



бет2/3
Дата02.06.2023
өлшемі21,86 Kb.
#98093
1   2   3
Байланысты:
14-билет жауабы

С. Торайғыров шығармашылығының ғұмырнамасы

С.Торайғыров есімі, шығармашылығы қазақ қоғамдық санасына 1913 жылдардан жақсы таныс. «Айқап» журналындағы қызметі қаламгер қазақ қоғамы алдында тұрған келелі мәселелерге үн қосып, өткір тілді, ойлы мақалалар жазды. Шығармалары жиырмасыншы жылдардан жинақ, бөлек кітап түрінде шыға бастады.
Содан бері ақынның өмірі, жазушылық қызметі, саяси бағыты, дүниетанымы, әдеби шығармалары замандастарының, XX ғасыр басындағы қоғамдық сана, қазақ әдебиетін зерттеушілердің назарында.
С.Торайғыров дәстүрлі қазақ мектептерінде (молда, медресе) ғана оқыған. Өмір бойы жоғары оқуды армандап өткен. Қоғамдық-әлеуметтік, саяси білімді өз бетімен алған қаламгер. Ол араб-парсы әдебиетін жақсы білген. Ауыз әдебиеті мен Шығыс халықтарының фольклоры, әдебиетімен жақсы таныс. «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым» деген алғашқы шығармаларынан-ақ С.Торайғыровтың дүниетанымы, шеберлігі айқын көрінеді.
Қаламгер ағартушы-демократтық идеялары басшылыққа алған. Шығармаларының басты идеясы, мазмұны осы төңіректен табылады. Қазақ халқының ілгері дамуына бөгет болып отырған құбылыстарды сынайды. Оқу, білім, мәдениетке шақырды. 1917 жылға дейінгі шығармаларының басты бағыты осы. 1917 жылғы Октябрь Революциясынан кейін С.Торайғыров қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған, елдігі үшін кұрескен «Алаш» қозғалысын қолдап өлеңдер жазады. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Алаш» қозғалысынын қолдап өлеңдер жазады. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары терең ойларға толы. «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары қазақ әдебиетіндегі күрделі жанрдағы көркем шығармалардың алды. Ақынның «Айтыс» аталған шығармасы қазақ қоғамдық санасының ірі қайраткерлеріне арналған. Солардың ой-идеяларымен елді таныстырады, үндестікке барады.
С.Торайғыров негізінен сыршыл лирик ақын. Қаламгер өмірден сезген – түйгендерін, білгендерін, әсерін өзінің ішкі жан-дүниесі, жан-сырымен қабаттастыра бейнелейді.
Абай поэзиясымен дәстүрлі байланысты айқын.
С.Торайғыров поэзиясындағы насихат, үгіт, арнау өлендері де сырлы сөз, терең мазмұнмен араласып келді. Идеяны юмор, сатираға бөлей жеткізетін, бейнелейтін шығармалары да бар.
Жазушы шығармаларында қазақ тілінің бар байлығын, мақал-мәтел, шешен сөз тіркестерін шебер қолданды. Әдеби тілге ене бастаған жаңа сөздерді де батыл пайдаланады. Әдеби тілге ене бастаған жаңа сөздерді де батыл пайдаланады. Ақын тіліндегі татар, діни кітап, парсы-араб тілінен енген сөздерді зерттеу қажет.. С.Торайғыров – қазақ өлеңі құрылысына да көптеген жаңалықтар енгізген, дәстүрлі қазақ өлеңін жаңарта қолданған талантты ақын.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет