14 саяси процестер және шиеленістер


Саяси процеске қатысу түрлері



бет3/3
Дата03.04.2023
өлшемі32,44 Kb.
#78904
1   2   3
Саяси процеске қатысу түрлері
Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады:

  1. саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы

  2. азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.
Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Бірінші, институтциолданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі-сайлауға қатынасу.
Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін-референдум. Бұл-заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында салушыларға жасалған тікелей үндеу.
Референдумның бір түріне плебсцит(латынның қарапайым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.
Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа, шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке жасау жатады.
Бұқаралық жиналыс-бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді.
Шеру(демонстрация)-белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады.
Ереуіл-саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты келеді.
Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген, ой-өрісі кең, әлемдегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның сааяси санасына зор ықпал етіп, белсенділігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға, бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қатысу, партияның, кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді. Олар азаматтық белсенділіктің, демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуді. Сонымен қатар қасыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуң және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.
Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ыққпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілуі деңгейіне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі- оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет