14 тақырып: Ақша ағынын талдау



Дата25.05.2023
өлшемі53,5 Kb.
#97186



14 тақырып: Ақша ағынын талдау
Дәріс сұрақтары
1.Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі.
2.Компанияның ақша қаражаттарын талдаудың мақсаты.
3.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.
1. Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Оның мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.
Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Бұл ретте онда түзетулерге жол берілмейді. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады. Атаулы /алушының тегі көрсетілген/ және ұсыным /ұсынушыға берілетін/ чектері болуы мүмкін.
Нақты акша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы
2. Ақшалай қаржыларды талдау үшін ақпараттардың қайнар көзі ақшалардың қозғалысы туралы есеп болып табылады.
Ағымдағы активтерді басқарудың мәні оперативті қызметке қажетті ақшалай қаржылардың минимальды сомасын шотқа сақтау болып табылады. Жақсы басқарудағы қажетті ақшалай қаржылар сомасы - бұл қысқа мерзімді балансталмаған ақшалай қаржылар сомасын жабуға арналған қамсыздандыру қоры. Шоттағы сома кәсіпорынның барлық бірінші төлемдеріне жететіндей болу керек. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы ақшалар кіріс әкелмейді, оларды қауіпсіз минимум деңгейінде қолда бар ақшамен ұстау керек. Ұзақ уақыттар бойы ақшалар қалдығының көп мөлшерде бұл айналым капиталын дұрыс пайдаланбауы нәтижесінде болуы мүмкін.
Ақшалардың кәсіпорынға жұмыс істеу үшін оларды табыс табу мақсатында айналымға жіберу қажет:
- оларды айналым капиталы циклында айналдыруда өз өндірісін кеңейту;
- басқа ұйымдарға пайыздар алу мақсатымен табыс жобаларын инвестициялау;
- қызмет көрсету қарызы бойынша шығындарды қысқарту мақсатымен кредиторлық қарыздардың мөлшерін азайту;
- негізгі құралдарын жаңарту, жаңа технологиялар сатып алу және т.б.;
Ақшалардың ағымы айларға бөлініп табыстар мен шығындар жоспарын құру үшін, ал жедел басқару үшін - декадалар, бес күндіктер бойынша жоспарланады. егер ақшалай қаржылардың он қалдығы ұзақ мерзімге жоспарланатын болса, онда олардың пайдаланатын неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек. Жекелеген кезеңдерде ақшаның жетіспеушілігі болуы мүмкін, ондай жағдайда қарызды қаржыларды тарту жоспарланады. Банк шотындағы ақшалай қаржылардың қалдығының өсуі немесе азаюы ақшалар ағымының балансталмауы деңгейімен, яғни келумен және кетумен шартталады. Келіп түскен ақшалардың шыққан ақшалардан артуын бос ақшалай қаржылардың қалдығын көбейтеді, және керісінше, шығындалған ақшалардың келіп түскен ақшалардан артуы ақшалай қаржылардың жетіспеушілігіне және несиеге қажеттілікке әкеледі.
Талдау процесінде банктегі шоттағы ақшалай қаржылардың қалдығының динамикасын және осы активтер түрінде капиталды табу кезінен зерттеу керек. Қолда бар ақшамен капиталды табу кезінде келесідей түрде анықталады:
Пд.н.=Бос ақшалай қаржылардың орташа қалдығы *Кезең күндері /
Ақшалай қаржылар шоттары бойынша несие айналымдарының сомасы.
Ұйымның өндірістік, қаржылық қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жағдайы тек қана капиталдың бар болуынан ғана емес, оны пайдаланудың тиімділігінен де тәуелді.
3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
Ақша қаражаттарының қозғалысына баптар, ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары баламаларының құрамында бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржы қызметінің бөлігі емес, компанияның ақша операцияларын бақылаудың және реттеудің бөлігі болып табылады. Ақша операцияларын бақылауға және реттеуге ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады. Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады. Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі және төлемдері кіреді. Мысалы, кредитті ақшалай өтеуге пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені ол болашақ кіріс пен ақша қаражаттарын молайтуға арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген тиісті шығындар туралы айғақтайды. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады:
Қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашудың зор маңызы бар, өйткені бұл ақпарат компанияға капитал беретін инвесторлардың ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне қатысты талаптарын болжау үшін қажетті.
Компания операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді:

  • тікелей әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады;

  • жанама әдісті пайдалана отырып беруі тиіс,

бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле отырып түзетіледі.
Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерден алынып тасталуы тиіс. Операциялар қаржылық есептілікте олар осындай инвестициялық және қаржы қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты беруді қамтамасыз ететіндей түрде ашылады.
Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар компания капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:

  • тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;

  • борыштық міндеттемелерді акцияларға конвертациялау.

Операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіретін ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері және операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті түсімдері мен төлемдер туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға компанияның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсағанын анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауға жеткілікті қаражат бөлмейтін компания ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайдаларын қиюы мүмкін.
Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ашу пайдаланушыларға тұтастай алғанда компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы және оның құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ сегменттердің ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің болуы және өзгермелілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет