Мәтінді оқып болған соң, төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер
1. Музыка түрі интеллект дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер етеді
2. Мұңайып жүретін рок сүйгіш адамдар мейірімді мен ақылды жандар болып шықты
3. Өзіне сенімді, көңілді жандар блюзды тыңдамайды.
4. Классика жанрындағы музыканы жоғары талғамды адамдар тыңдайды.
Егер расында Жер бетінде тек 100 адам өмір кешсе, оның 57-і Азиядан, 21-і Еуропадан, 14 кісі Американың екі континентінен, 8 адам Африкадан болушы еді. 52 әйел мен 48 ер кісінің 30-ы христиан, 23-і мұсылман болмақ. 100 адамның тек алтауы әлем байлығының 59%-ын иеленсе, 80 кісі нағыз кедей атана алар еді. 100 адамның 70-і жазу танымай, 50-і күнделікті аштықты көріп өмір сүрмек. 100 адамның тек біреуі жоғары оқу орнында оқыған болса, басқа 1 адам компьютерден сауатты болушы еді.
Таңертең аман-есен, сау болып ояндыңыз ба? Ендеше сіз апта сайын көз жұматын миллион адаммен салыстырғанда бақыттысыз. Егер сіздің күнделікті тұратын баспанаңыз, киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыз болса, сіз әлемдегі тұрғындардың 75%-ына қарағанда бақытты жансыз. Осы ақпаратты өз бетіңізбен оқи алсаңыз, сіз жазу танымаған 2 миллиард замандасыңызға қарағанда, әлдеқайда бақыттысыз.
Достарыңызбен бөлісу: |