14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Кезекшілікті қабылдау және құжаттарды толтыру



бет16/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102
1.Кезекшілікті қабылдау және құжаттарды толтыру

  1. медициналық пунктте болуға; қызмет істері бойынша кеткенде өз орнына медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшіні қалдыруға және оған қайда және қанша уақытқа кететінін хабарлауға;

  2. медициналық пунктте стационарлық емделудегі науқастардың санын, сырқаттану сипатын, әрбір науқасқа тағайындалған ем мен тамақтануды білуге, дәрігердің тағайындауларын орындауға;

  3. белгіленген уақытта асханаға берілетін азық-түліктердің дұрыс сапасын айқындау және оларды ас тарату мәзіріне сәйкес қазандарға салу үшін келуге;

  4. тамақты таратар алдында оның сапасын, тағамдардың температуралық режимін, тамақтануды ұйымдастыруға, сондай-ақ асхананың санитарлық-гигиеналық жай-күйін тексеруге, ол туралы тамақ дайындау сапасын есепке алу кітабына жазба жазуға;

  5. амбулаторлық қабылдау басталғанға дейін рота бойынша кезекшілерден қабылдауға жазылған әскери қызметшілердің медициналық кітапшаларын жинап алуға және науқастардың температурасын өлшеуге;

  6. медициналық пунктке кенеттен сырқаттанған әскери қызметшілер келіп түскен кезде оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, жұқпалы сырқаттарды оқшаулау жөнінде шаралар қабылдауға және медициналық пункт бастығына баяндауға;

  7. рота (бөлімше) бойынша кезекшінің немесе бөлім бойынша кезекшінің шақыруы бойынша сырқаттанғанға медициналық көмек көрсету үшін дереу келуге, ал шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуді талап ететін жағдайларда сырқаттанғанды медициналық пунктке дереу жіберуге және бұл туралы кезекші дәрігерге баяндауға;

  8. демалыстан, іссапарлардан келген, қарауыл және асхана бойынша нарядқа тағайындалатын жеке құрамды, сондай-ақ рейске шығар (парктен шығар) алдында жүргізушілерді (механик-жүргізушілерді) медициналық тексеруді жүргізуге;

  9. медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілерден сырқаттанғандарды мұқият бақылауды және қарауды талап етуге;

10. тағамдардың сапасын, температуралық режимін, сырқаттанғандар үшін тағам тасымалдау ережелерін сақтауға және оны уақтылы таратуға, медициналық пункт үй-жайларын жинауға және залалсыздандыруға, олардағы температураны және оларды уақтылы желдетуге бақылауды жүзеге асыруға;
11. кезекшілікті қабылдау (тапсыру) кезінде улы және есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды және олар сақталатын шкафтардың кілттерін қол қоюмен қабылдауға (тапсыруға) және күзет дабылдамасының ақаусыздығын тексеруге;

  1. кезекшілікті қабылдаған кезде шұғыл медициналық көмек көрсетудің санитарлық техникалық көлік құралының әзірлігі мен медициналық жабдықтармен жабдықталуын тексеруге;

  2. оны бөлімнің медицина қызметі (медициналық пункт) бастығының және бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен тікелей арналуы бойынша қолдануға;

  3. кезекшілікті қабылдағаннан кейін бөлім бойынша кезекшіге медициналық пунктте

  4. стационарлық емделудегі сырқаттардың саны туралы мәліметтерді ұсынуға;

  5. медициналық пунктке медициналық пункт бастығы және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі келген кезде оларға өзін таныстыруға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет