14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу



бет41/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
6.Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу


Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатын контейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.


2.3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады деп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.
3.Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
4.Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.
5.Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

  • нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

  • ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.

6.Науқас қолғапты шешіп контейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.
7.Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).
Ескерту:

  • тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

  • клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет