14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан



бет5/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

Ресурстар:

Педикулезге қарсы жинақ: медициналық халат, үшкіл орамал (полиэтилен, маталық), сірке қышқылының 6%-дық ерітіндісі, тістері жиі тарақ, педикулицидтердің біреуі
(«Ниттифор», «Антибит» лосьондары, «Педилин» сусабыны), марлілік тампондар, лупа, ұстаралық жиын, киімді дезинфекциялық камераға жіберуге арналған қапшық, клеенка, резеңке қолғаптар, мырышталған шелек пен тұғырық, медицинская карта стационарлық науқастың медициналық картасы, инфекциялық ауру туралы төтенше хабарлама (№058/у нысаны), инфекциялық ауруларды есепке алу журналы (ф- 060/у).



  1. Құжаттандыру

  1. Пациенттерді педикулезге, қышыма, дерматомикозға қарап-тексерулерді есепке алу журналы.

  2. ҚР ДСМ-нің 11.03.2004 ж. № 236 бұйрығы.

  3. Инфекциялық ауруларды есепке алу журналы (060/у нысаны).

  4. Инфекциялық ауру туралы төтенше хабарлама (№058/у нысаны).



3. Емшара
1. Пациентпен сенімгерлік құпия қарым-қатынас орнатыңыздар.
2. Емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіздер.
3. Қосымша халат, үшкіл орамал, қолғаптарды киіңіздер.
4. Пациентті (егер оның жай-күйі мүмкіндік берсе) клеенка жабылған ағаш төсекшеге немесе орындыққа отырғызыңыздар. Иығын сүлгімен жабыңыздар.
5. Пациенттің шашын педикулицидтердің бірімен ылғалданған тампонмен бастың шашты бөлігінің шеттерінен бастап өңдеңіздер (мол ылғалдаңыздар).
6. Басты полиэтилен үшкіл орамалымен, оның үстінен мата үшкіл орамалмен байлаңыздар, ұстап тұру уақыты қолданылатын педикулицид түріне байланысты.
7. Шашты жылы ағын сумен, одан кейін сусабынмен немесе сабынмен жуыңыздар, сүлгімен құрғатыңыздар.
8. Шашты сірке қышқылының 6%-дық жылы ерітіндісімен өңдеңіздер, басты қайтадан 20 минутқа полиэтилен үшкіл орамалмен, үстінен мата үшкіл орамалымен байлаңыздар.
9. Шашты жылы ағын сумен жуыңыздар, сүлгімен құрғатыңыздар.
10. Пациенттің басын ақ қағаздың үстіне еңкейтіп, шашты 10-15 минут бойы тістерінің арасына сіркемен мол ылғалданған жіп өткізілген, тістері жиі тарақпен мұқият тараңыздар.
11. Мәрлілік тампондарды, қағазды өртеу үшін шелекке тастаңыздар.
12. Пациент киімі мен медициналық бикенің киімін қапшықтарға салыңыздар және дезинфекциялық камераға жіберіңіздер, ал тарақ, қайшыны дезқұралы бар сыйымдылыққа салыңыздар.
13. Стационарлық науқастың медициналық картасының титулдық парағына айқындалған педикулез туралы «Р» белгісін қойыңыздар, өңдеу күнін, уақытын және оны жүргізген медбикенің қолын көрсетіңіздер.
14. Педикулезі бар пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіндегі инфекциялық ауруларды есепке алу журналына 060/у нысаны бойынша тіркеңіздер.
15. Бұдан кейін 058/у нысанындағы жолдаманы толтырумен науқастың айқындалған жері бойынша санэпидстансаға телефон арқылы педикулез туралы шұғыл хабарлама беріңіздер.
16. Пациентті емдеу бөлімшесінде күн сайын қарап-тексеріңіздер және биттер айқындалған жағдайда санитарлық өңдеуді қайта жүргізіңіздер.
Ескертпе:
шаш қырқуды және қырып тастауды қажет болған жағдайда жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет