14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет90/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін.
Іс- әрекет алгоритмі
1.Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді.
2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
3.Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек.
4.Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз.
5.Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз.
6.Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың медициналық картасына тіркеңіз.
7.Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз.
8.Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады.
9.Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз.
10.Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілген толтырылған құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз.
11.Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егер де туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз.
12. Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі.
13.Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады.
14.Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Ескерту:
- паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады,
- Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімнің клиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді.
- Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.
Білім алушының қолы ________________
2020 ж. "маусым" 22
________________________________________________________________________________
(«Әдістемелік жетекші») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет