15 дәріс. Жарылыстың негізгі параметрлері, факторлары. Қарастыратын сұрақтар



бет2/2
Дата19.06.2023
өлшемі18,95 Kb.
#102218
1   2
Байланысты:
дәріс 15

Жарылыс пен өрт қауіпі бар өндірістердің сенімділігін қамтамасыз ету шаралары және апат әсерінен болатын материалды және адамдар шығынын төмендетуге бағытталған шаралар.

Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар:
1. Ғимараттардың сыртқы қорғандарын СНиП 2.09.02-85 пен сәйкес жеңіл тасталатын құрылыстық материалдардан салу. Жеңіл тасталатын материалдар ретінде терезелерді әйнектеу, шамдарды қорғаныштауды қарастыруға болады.
2. Апаттық желдетуді қолдану. Негізгі желдетудің мақсаты- технологиялық үрдіс қалыпты өтуде бөлмедегі өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автоматты апаттық желдету негізгі желдету істен шыққанда іске қосылады, ал технологиялық үрдіс бұзылғанда негізгі желдетуге көмектеседі.
3. Өнеркәсіптік бөлмелердегі атмосфераны флегматизациялау. Флегматизация мақсаты жарылыс қауіпі бар ортаның қалыптасуының алдын алу. Флегматизацияның екі әдісі мүмкін, олар жарылыс қауіпі бар өнеркәсіп орындарындағы ауаны араластыруға негізделген. 1. инертті еріткіштермен (азот, су буы) 2. жану ингибиторлары
4. өнеркәсіп орындарындағы ауада жарылыс қаупі бар және жанғыш газдар мен булардың жиналуын бақылау. Бұл мақсатта газоанализаторлар, газды дабылқаққыштар және индикаторлар қолданылады.
5. Жарылыс және өрт қаупі бар ортада жану көздерін жою. Бұл мақсатта келесі әдістер тиімді болып саналады.
- апаттар кезінде түзілетін булар мен газдардың жану көздермен байланысын болдырмау;
- жарылыстан қорғалған электр жабдығын қолдану;
- түзілген заттардың өздігінен жану температурасына дейінқызуын шықтау;
- соқтығысқанда ұшқын шығармайтын материалдарды пайдалану.
Материалды және адам шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар:
1. Жұмысшыларды қорғану құралдарын пайдалануға, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттке, құтқару қызметтеріне үйрену;
2. Үлкен ғимараттарды жанбайтын қабырғалармен, секцияларға бөлу;
3. Ғимараттардың арақашықтығын көршілес екі ғимараттың биіктіктерінің орташа шамасына сай етіп алу;
4. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды бөлек блоктарға орналастыру;
5. Аласа нысандарды топырақпен жауып, қауіпсіздігін арттыру;
6. Биік нысандарды жан-жағынан бекіту;
7. Жарылыс қауіпі бар, жанғыш заттар қорын азайту.
Апат болжамы бар кәсіпорын жұмысын сенімді қылуға бағытталған шаралар.
1. Электрмен қамту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
2. Газбен қамыту сенімділігін қамтамасыз ету;
3. Сумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
4. Бумен және жылумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
5. Өндірістік және шаруашылық канализациясының сенімділігін арттыру;
6. Басқару пунктерін, диспетчер пунктерін, АТС радиотораптарды сенімді қорғау;
7. Жергілікті билік органдарымен, АҚ және олардың штабтарының жоғары бастықтарымен сенімді байланыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет