15 соөЖ Әдебиеттермен жұмыс істеу



бет4/5
Дата09.05.2022
өлшемі0,99 Mb.
#33376
1   2   3   4   5
Байланысты:
№15 СОӨЖ

Аннотация (аңдатпа) дегеніміз - мақаланың (баяндаманың) негізгі мәселелерінің тізімін қамтитын жұмыстың қысқаша сипаттамасы.

Аннотация жазуда келесі мәселелерге назар аударған жөн:

Сөз шегі. Аңдатпа жазуда сөздің белгіленген шегін сақтауыңыз керек.

Негізгі ойдың түсініктілігі. Аңдатпа белгілі бір білім саласындағы кең ауқымды мамандар үшін қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Барлығы білетін, жалпы терминдерді қолдану ұсынылады.

Нақты деректердің болмауы. Аңдатпада артық мәліметтер мен нақты сандардан аулақ болу керек.

Түйінді сөздер. Авторлардан жұмыстың түйінді сөздерін көрсету сұралады. Бұл іздеу жүйелері мен мақалаларды тақырып бойынша санаттарға бөлу үшін жасалады. Автор іздеу жүйелері арқылы мақаланы табу мүмкіндігін арттыру үшін қажетті түйінді сөздердің санын көрсетуі керек.




Аңдатпаны жазуға арналған нұсқаулық:

Есте сақтау керек бірінші нәрсе: аңдатпа - бұл қайталама емес, баспа жұмысының қысқаша сипаттамасы. Кез-келген аңдатпаның басты мақсаты - әлеуетті оқырманға мақаланың мазмұны туралы түсінік беру. Аңдатпада осы жұмыста не жазылғаны және оның оқырманды қалай қызықтыруы мүмкін екендігі нақты түсіндірілуі керек.

Аңдатпа жаза бастағанда, оған негізгі мақала мәтінінің үзіндісін жазуға тырыспаңыз. Сіздің міндетіңіз - оның мәнін қысқаша және нақты баяндау. Аңдатпа көлемді болмауы керек екенін ұмытпаңыз.

Аңдатпаны төрт әмбебап сұрақ негізінде дайындаған дұрыс: «Кім?», «Не?», «Не туралы?», «Кім үшін?». Яғни, аңдатпада авторы кім, оның кәсіби біліктілігінің деңгейі қандай, мақала не туралы, оның ішкі мазмұны қандай, кімге қызықты немесе пайдалы болуы екендігі туралы түсіндіруіңіз керек. Ғылыми мақаланың аңдатпасында осы жұмыста көрсетілген негізгі ойды сипаттғаныңыз жөн.

Есіңізде болсын, ғылыми мақаланың аңдатпасында жұмыста пайдаланылған дереккөздер туралы, мақаламен жұмыс істеу процесін сипаттау немесе жеке бөлімшелердің мазмұнын баяндау қажет емес. Аңдатпа – мақала (баяндама) туралы жалпы әсер қалдыруға мүмкіндік беретін сипаттама. Тиісінше, аңдатпа объективті болуы керек және тек фактілерді қамтуы керек.

Аңдатпа жазу барысында жазу мәнеріне мұқият назар аударыңыз. Ұзақ әрі күрделі сөйлемдерді қолданбауға тырысыңыз. Сіздің ойларыңыз мүмкіндігінше қысқа әрі нұсқа жазылғаны абзал, өйткені бұл оқығанды тез түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми мақалалар ешқашан бірінші жақта жазылмайтындығын ескеріңіз, сондықтан аңдатпада «осы мақалада мен ...» сияқты тіркестер болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет