15сұрақ Балалар әдебиетіндегі шешендік сөздер



Pdf көрінісі
Дата26.12.2023
өлшемі155,13 Kb.
#144218


15сұрақ Балалар әдебиетіндегі шешендік сөздер
Шешендік сөз деген-белгілі кезеңдегі қоғам,әлеуметтік өмірдегі адам ойына нақты бір ой 
қалыптастыратын,біздің түсінігіміз бойынша қынаптан суырылған қылыштай өткір,анық.ойға 
қонымды сөз өнері.Қазақ шешендігі көбіне ауызша таралған деп жатады.Бұл оның өзіндік 
ерекшелігі.Шешендік өнер қазіргі біздің әдебиетіміздің қалыптасуына өз септігін 
тигізген.Шешендік өнер:шешендік дау,толғау,арнау деп үш топқа жіктеледі.Шешендік сөздер бұл 
халықтың даналығынан туған халық мұрасы.Шешендік сөздердің басты қасиеті-тапқырлығы мен 
әділдігі.Шешендік сөзді тағы термелі сөз,пернелі сөз деп жіктей аламыз.Қазақ шешендігін 2 
кезеңге бөліп қарасақ болады:бұрынғы жәнеде қазіргі.Тіл мәдениетінің бір бөлігі-шешендік 
өнер.Қазіргі таңда шешендік өнер тәрбиелеудің тәсілдерінің бірі.Шешендік сөз қазіргі таңда саяси 
істерде,мәжілістерде,жиындарда қолданылады.Егерде жастарымыз шешендік сөздің мән-
мағынасын түсіне алса,шешендік сөздерді оқыса,қазірге болып жатқан жағымсыз оқиғалар болмас 
еді.Шешендік сөзді оқыған әр адам өз бойын адамгершілікті,ажалдықты,ұлттық тәрбиені сіңірер 
еді.Шешендік сөздер қоғамдағы мәселенің қай-қайсысына да керек.Мектептегі шәкірттер,балалар 
мазмұнды,нақты сөйлей білу керек.Қазіргі таңдағы шешендік сөздің рөлі-тіл мәдениетін 
дамытумен тең.Балалар әдебиетінде шешендік сөз үлгілерін көбірек ьерілу керек.Бұрынғы 
шешендеріміздің:Майқы,Төле,Қазыбек,Әйтеке билеріміздің мән-мағынаға толы сөздерін бала 
санасына сіңіру қажет.
48сұрақҚазіргі балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері
Қазіргі балалар әдебиетінің көрнекті өкілдеріне:Мұқағали Мақатаев,Т.Айбергенов,Шерхан 
Мұртаза,Х,Бекхожин,Қадыр Мырза Әлі,О.Бөкеев,М.М.Шаханов, Қ.Баянбаев,тағы да басқа ақын-
жазушыларымызда жатқыза аламыз.Қ.Баянбаевтің шығармаларына тоқталсақ:ол балалар 
әдебиетіне үлкен септігін тигізген.Балаларды 
адалдыққа,адамгершілікке,сыйластыққа,еңбексүйгіштікке баулитын көп шығармалар жазып 
шығарды.Осы секілді Қасым Аманжоловта туған жер,отанға деген балаларлың махаббатын 
ашатын өз еңбектерін қалдырған.Балалар әдебиетінде орыны бар тағы бір өкіл Тұұманбай 
Молдағалиев.Ол адамның ішкі сезімдерін оятатын,сүйіспеншілікке шақыратын,табиғатты тануға 
арналған еңбектері бар.Жәнеде Қалқаман Әбдіқадыровты да айта аламыз.Оның Ұлы Отан 
соғысындағы өмір туралы повестері бар.Ақжан Машанов балаларға арналған фантастикалық 
поэма жазудың нағыз шебері десек артық болмас.Бүркіт Ысқақовтың “Қарлығаштың құйрығы неге 
айыр “атты өлең ертегісін білмейтін бала жоқ шығар бәлкім.Ә.Қайдаров осы шығарма желісімен 
мульфильм түсірген.Балалар әдебиетіне еңбегін сіңіруге талпынған жастардың шығармалары 
«Балдырған» журналы жарық көргелі өркендей бастады.
57 сұрақМ.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы
Өмірі
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Торғай облысында дүниеге келген.Әкесі 
оқыған,кішкене болсын шаруасы бар,етікші,шебер адам болған.Анасының әдемі даусы 
болған.Анасының есімі-Дәмеш.Дәмеш Міржақып 2 жаста болған да,дүние салған.Міржақыптың 
руы арғын.Әкесі Дулат балаларын жастайынан оқуға жетелеген.
Содан әкесі Міржақыпты оқуға береді.Міржақып ауылдағы молдадан білім алып,хат 
таныған.Кейіннен орысша дәріс алады.12 жасқа толғанда,әкесі өмірден озады.1904 жылдары 
Омбыға келіп,ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі.1905 жылы жазушылар қатарына 
кіреді.1913 жылы “Қазақ” газетінің өркендеуіне елеулі үлес қосады.Міржақыптың жұбайының 
есімі-Ғайнижамал,ол аққұба келген,әдемі,мінезі жайдары,жақсы адам болған.Міржақыпты ылғи 
қолдап,жанашыры болып жүрген.Міржақыпта Ғайнижамалды қатты сүйген,оны мынадан 
аңғарамыз:Міржақып түрмеде отырған кезде орыс досына хат жазып,жан жарымен бір рет 
кездесуді сұраған.Міржақыптың ұлы Әлібек жаман аурудан өз жұмған. Міржақып өз өмірінің отыз 
жылын қуғын сүргінде өткеріп,аурудан1935 жылы қайтыс болған.Артынан көп ұзамай жұбайыдан 
қайтыс болған.Артынан Гулнар атты қызы қалған.
Алаш арыстарының басында білімді,салиқалы,ақын,көсемсөзші Міржақып тұрары сөзсіз.1909 
жылы “Оян Қазақ!” деп қазақ жұртына жар сала ұрандаған еді.Міржақыптың шығармалары 
бірінен-бірі өткен өнеге тәрбиеге толы.Ең алғашқы роман “Бақытсыз Жамал”-дан түйер ой 
қаншама.Одан бөлее:”Азамат”,”Есеп құралы”,”Қирағат кітабы”,”Терме”,т.б. Деген сияқты сүбелі 
шығармалы бар.Өз шығармаларын:”Серке,Қазақ,Айқап,Ақжол,Ауыл тілі,Еңбекші Қазақ,Кедей 


сөзі”деген газеттерден шығарып жүрген.Халықтың төгілген көз жасы,тартқан азабы туралы: 
“Сайлау хақында”, “Жесір дауығалары хақында”, “Үйренген халықпыз ғой кемшілікке” деген 
шығармаларында көрініс табады. Шариғат,Дін туралы: “Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта”, 
“Мәсжід-медресе хақында” деген шығармарында толғана жазылған.Ақынның сөз 
саптауын,сөзінің көркемділігін “Айтыс”,”Таза бұлақ”, “Тағдырдан сұра қаскүнем”,”Шағым”,”Сұлу 
қызға” атты шығармаларында керемет суреттелген.Әйел теңсіздігі,қыздарды бас 
бостандығы,әділетсіздік,үкіметтік билік туралы:”Ақыл мен Ырыс” ,”Қымбат тай”,”Қызыл 
қашар”,”Үш құлақ”,”Кәкең,Сәкең”,”Қуанышты күн”,”Екі қыздың мұңы” атты шығармарында 
қозғалған.Мансапқорлық,жалақорлық туралы:”Біздің мақсатымыз”,”Жер мәселесі”,” Жер 
аудару”,”Апат төнгелі тұр”,”Қазақ жайлы”,”Біздің істер”,”Алашқа”,”Қайтсек жұрт боламыз” деген 
шығармарында айтқан.Ашаршылық жайлы:”Ел күйзеліс”,”Алашқа” мақалаларында ерекше 
айтылды.
Міржақып Дулатов қазақ халқының ұлы өкілі.Осы жылы Міржақып жайлы “Оян Қазақ” атты кино 
түсіріліп,халыққа ұсынылды.Кино мақсаты:жастардың рухын көтеру болды.Мен өзімде көріп, 
керемет әсер алдым.Міржақып өз өмірінің отыз жылын қуғын сүргінде өткеріп,аурудан қайтыс 
болған.
81 сұрақ
М.Жұмабаевтың
поэмасындағы батыр Баянның бей несін 
ашатын жолдардан мысал келтіріңіз
Поэмадағы батыр Баянның бей несі:жүрек жұтқан батыр,халқы 
үшін жанын беруге дай ын,14 жасында жері үшін жоңғарларға 
қарсы күрескен,халқының қамын жеген батыр.Жауға қатал 
болғанымен,жақынының қамын жеген,сабырлы 
бай салды,адамгершілігі мол ,адалдықтың туын көтерген адам 
болған.Сомен қатар өте намысқой адам болған,оны жырдв 
оқысақ түсіне аламыз.Шығармадан үзінді келтіретін болсақ:
“Қалың қол ортасында батыр Баян,Баянның батырлығы 
алашқа аян,Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,Аузынан көбік 
болып бұрқырап қан” осы жолдардан Баянның жауды 
ой рандауға деген ынтасын көреміз.Ал мына жолдардан 
Баянның Абылай хан үшін маңызды жан болғанын аңғаруға 
болады:
Баянның аруақты құр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Ал мына өлең жолдарынан Баянның батырлығын аңғаруға болады:
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,
Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,
Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?
Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр
Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет