16 билет. Сөйлем, оның құрамы



Дата29.10.2022
өлшемі15,33 Kb.
#46081
түріҚұрамы

16 билет. Сөйлем, оның құрамы. Жай сөйлем, оның айтылу мақсатына , мағынасына қарай меңгеру
Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория.

Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері - сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді жəне оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тəн, ал модальдылық əр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық жəне грамматикалық тəсілдер арқылы жүзеге асады, объективті жəне субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тəртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады.


Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті (мектеп бағдарламасынан сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері туралы алған білімді еске түсіріңіз); құрылысына қарай жай жəне құрмалас болып бөлінеді.


Бастауыш білім беру жүйесінде сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері грамматикалық тақырып ретінде 2-сыныпта қарастырылады. Бала сөйлемді интонациямен айта алады, бірақ оның грамматикалық сипатына мəн бермейді. Тілдік грамматикалық білімді өздіктерінен меңгеруге бағыттауда
«Ақылдың алты қалпағы», «Диалогтік əңгіме», «Интервью» əдістерін қолданған тиімді.
Бастауыш сынып оқулығынан «Хабарлы сөйлем», «Сұраулы сөйлем», «Лепті сөйлем» тақырыптарының тапсырмаларын, бағдарламалық мазмұнын, көлемін, оқыту əдістемесін қарастырыңыздар. Тақырыптың ағылшын тілінде қалай оқытылатынын зерделеңіздер, салыстырыңыздар.
Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тəртібі сақталады.

Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлемнің құрамы мен құрылысына қарай түрлері: баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды жəне болымсыз; тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай жалаң жəне жайылма; бастауыштың қатысына қарай жақты жəне жақсыз; сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы.


Бастауыш білім беруде жай сөйлем туралы практикалық білім сауат ашу кезеңінде берілгенімен, грамматикалық түсінік 4-сыныпта оқытылады. Жеңілден күрделіге қарай оқыту ұстанымы бойынша жай сөйлемнің «Жалаң жəне жайылма» түрлері алдымен қарастырылады. Тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем «жалаң сөйлем», тұрлаулы мүшелермен бірге ойды жеткізуге қажетті тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі қатысқан сөйлем «жайылма» екенін топтық тапсырма орындату арқылы өздіктерінен түсініп алатындай оқыту ортасын құрылымдаған дұрыс.

Мағынасына қарай түрлері


Жақты сөйлем-бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі.Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.


Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды.Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б.
Жалаң сөйлем -тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б.
Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.
Толымды сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды.Мысалы:Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б.
Толымсыз сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі.Мысалы:Қарлығаштар тағы келді.Қайта-қайта келе берді т.б.
Атаулы сөйлем-кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады.Мысалы:Дала.Егін даласы рақат құшағында т.б.

Мақсатына қарай


Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.


Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.

Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.


Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет