16. Білім беру жүйесінің басты сипаты. Жаңа үлгідегі мектептер



Дата01.06.2022
өлшемі50,75 Kb.
#36118
түріБағдарламасы
Байланысты:
Документ (5)



16. Білім беру жүйесінің басты сипаты. Жаңа үлгідегі мектептер.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, «келешектің иесі – жастар». «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі – жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.



17. Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі тетехнологиялары
Педагогикалық инновация – баланың жеке тұлғасының қалыптасу процесінің мәдени дәстүріндегі басқа концепциямен байланысты, білім беру процесіне деген басқа көзқараспен және жолмен байланысты білім беру іс-әрекеті.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді.
“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді.

– оқытудың мақсаты;


– білім берудің мазмұны;
– педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
– оқушы, оқытушы;
– әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
– ойын арқылы оқыту технологиясы;
– проблемалық оқыту технологиясы;
– тірек сигналдары арқылы оқыту;
– деңгейлік саралап оқыту;
– міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқытутехнологиясы;
– бағдарламалап оқыту технологиясы;
– оқытудың компьютерлік технологиясы;
– дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
– дамыта оқыту технологиясы;
– модульдік оқыту.
Оқытудың қазіргізаманғы технологиялары
– саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
Деңгейлік саралау-оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

  1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай ,еркін өмір сүруге бағыттау.

  2. Білімі мен білігне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге тәрбиелеу.

  3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.,дамыту.

4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
18. Қазақ әдебиетін топтық жұмыс арқылы оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп А. Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдердітиімді қолдану қажет. Ұстаздар өзінің іс-тәжірибесінде оқушыларға сапалы білім беруде өз білімін жетілдіріп, қиындықтар мен кедергілерді жеңуге ұмтылады.
Оқушылар оқу үдерісінің барлығынақатыса отырып, өз болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, мақсат қояды, нәтижелерін қадағалайды, эксперимент жасайды және оқушылар топтық жұмыста өзінің пікірі немесе ұсынысы қате болса, түзетуге мүмкіндік алады. Осы әрекеттер топтық жұмыста жүзеге асады. Топ жұмысына топ мүшелерінің әрқайсысы тең дәрежеде қатысуға тиіс. Қазақ әдебиеті пәні сабақтарында топтық жұмыс арқылы қалай оқытуға болады? Топтық жұмыс арқылы оқытудың бірнеше әдістерін қолдануға тоқталайын: Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін топтық жұмыс кезінде ашық сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып ынталандыра түсері сөзсіз.
19. Кейс стади: пікірталас сапасын арттыру
Кейс-стади» (ағыл. Case-study ‒ «уақиға, жағдаят» және «зерттеу») ұғымы «нақтылы жағдаятты талдау әдісі» деп атауға болады. Ол оқыту кезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Оқытушы да сол әдіске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен бағалауға байланысты қабілетін де көрсетеді және жетілдіреді.
CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын қабілеттер:
1. Аналитикалық қабілеттер. Оларға: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жетіспейтін ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б жатқызуға болады.
2. Тәжірибелік қабілеттер. Кейстік зерттеуге өмірдің өзінен алынатын өмірлік жағдаяттарды талдау әдістермен салыстырғанда, оқыту барысында пайдаланылатын басқа әдістер бас-аяғы нақтыланған теорияларға, әдістер мен принциптерге сүйенетін болғандықтан соңғылардың күрделілігі төмен.
3. Шығармашылық қабілеттер. Кейде мәселе CASE-тің бір ғана ережесі арқылы шешіле бермейді. Мұндайда бұрынғы дағдылы қисынды жолымен шешілмейтін, альтернативті шешу жолдарын табу (генерация) барысында шығармашылық қабілетті пайдалану өте маңызды.
4. Коммуникативтік қабілеттерге пікірсайыстарды (дискуссияларды) пайдалану шеберлігі, озі ұсынған пікірге өзгелердің көзін жеткізе білу жатады. Көрнекі материалдарды және басқа қажетті деректер мен құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.
5. Әлеуметтік қабілеттер. CASE-тік мәселелерді талқылау барысында, оған қатысушы адамдар өзін-өзі бағалау әдебіне, өзгені тыңдай білу дағдысына, пікірсайыстар кезінде бір пікірді қолдау немесе оған қарама-қарсы пікірдің қателігін дәлелдеу шеберлігіне, солармен бірге жұртшылық алдында өзін-өзі дұрыс ұстауға және т.б. әлеуметтік дағдыларға қалыптасады.
6. Өзін-өзі саралау қабілеті. Кейістік жағдаяттарды талдау кездерінде туындайтын пікірталастар келіспеушіліктер мен ортақ пікірлерге келу үдерістерін туындатады. Сол кездерде өзгенің ойын тыңдай білу мен адамның өз пікірін өзгелерге жеткізе алу қабілеттері ашылады. Адам өзінің ойын өзгелерге қалай жеткізе алғандығын немесе ондай қабілетінің жетіспей жатқан жақтарын аңғарып үйренеді.

20. Қазақ әдебиеті сабағындағы жазба жұмыстар.
Жалпы жазба жұмыстары тіл дамытумен қатар, балаларды ойлай білуге, ізденіске жетелейді. 5-7 сыныптардағы жазба жұмыстарының ең ауқымдысы – мазмұндама. Мазмұндама мынадай бірнеше түрге бөлінеді:
А) Мәтінге жуық жазылатын мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монолог, баяндау, суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады.
Ә) Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама.
Б) Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама.
В) шығармашылық бағыттағы мазмұндама.
Мазмұндаманың түрлері мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отырады.
Шығармашылық бағыттағы мазмұндамаларды 8-9-сыныптарда да жүргізу тиімді. Әсіресе, шешендік қақтығыстар. Сырым, Қазыбек би, жыраулар мұраларына байланысты мазмұндама оқушыларды шешендікке, көркем сөйлеуге баулиды. Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама оқушыларды шешендікке, көркем сөйлеуге баулиды. Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама күрделі болып келеді, себебі, олардан шешендік сөздердің дәнін сақтау, сұлбасын нақты беру талап етіледі.
Жоспар жасауға дағдыландыру, әсіресе, 5-7 сыныптарда күрделі де маңызды мәселе. Оған үйретудің тиімді деген әдіс-тәсілдерінен мұғалім де үзбей үйренуі керек. Көркем мәтінді оқу, мазмұнын меңгерту кезінде мұғалім ең басты мәселелерді бөліп алып, оқушы назарын үнемі соған аудартып отыру керек. Оған қысқа, тұжырымды тақырып қойып, тақтаға, не дәптерлеріне қолма-қол жаздырып отырады.

Негізгі, маңызды мәселелер баяндалатын абзацтарға көңіл бөліп, оған ат қойғызады.


Эпизодтарға бөлгізеді. Композициялық құрылысын анықтатады (байланыс, шарықтау шегі деген сияқты).
Оқиғаларды рет-ретімен жүйелеп, сол бойынша сұрақтар қойып, мазмұндатады.
Шығарманы оқу, талдау алдында оның ең негізгі түйінді дәні жазылған («Нені білу керек?» деген атпен жазуға болады) көмекші-нұсқауды кесте-плакатқа іліп қою тиімді. Себебі, жоспар жасауда оқушы оны басшылыққа алады.
Шығарма жазба жұмыстарының ең күрделісі. Шығармаға дайындық тіл дамыту жұмыстарында жүргізіледі. 5 сыныптан бастап шығарма жаздыруға дағдыландырады. Жазу дағдыларын қалыптастыру біртінділік әдісі бойынша дамып, күрделеніп отырады. 5-7 сыныптарда жай, 8-9 сыныптарда күрделі, 10-11 сыныптарда сыр, ой-толғау проблемалы шығармаларды жаздырады.

Шығармаға қойылатын негізгі талаптар: Өмірден көргенін көкірекке түйе біліп, қорытынды жасау; көркем туындыдан алған өнегесін өмірмен, өз ой-пікірімен ұштастыра білу; тақырыптың идеясын ашу, дәйектемелерді (қанатты сөздер, мақал-мәтелдер) орынды үйлестіру; шәкірттердің жазба жұмыстарына психологиялық әзірлігі.



Шығарма мазмұнына қарай: әдеби тақырыпқа байланысты; шығармашылық әңгіме; пейзаждық ой-толғау; инсценировка; поэзия негізінде; прозалық жанрға жазылатын шығармалар болып бөлінеді.
21. Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету».
Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.
Тірек плакаты – ақын-жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.
Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.
Диапозитив - арқылы сериялы материалдарды бөлшектеп, жеке-жеке кадрларға бөліп береді.
Диафильм – көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтап, қимыл үстінде көрсетеді.
Кинофильм мен теледидар. Оқушы өзі оқыған шығармаларын кинофильм арқылы көрсе, білімнің берік болуына мүмкіндік туады.
Дыбыстық құралдар - оқу үрдісінде екі міндетті шешуге көмектеседі: арнайы жазбаларды, диктордың көркем сөз шеберлерінің, қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға; оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға, талдауға мүмкіндік жасайды.
Радиохабарлар. Тыңдау арқылы танымдық қызығушылығын арттырып, сабақты жандандырып, шығарманың мазмұндау дәрежесінің эмоционалдық қатысын арттырады.
Күйтабақтағы жазба. Күйтабақты пайдалану сабақтың мақсатына, мұғалімнің жеткізбек идеясына, нені ойластыруына тікелей байланысты.
Магниттік жазба. Сабақ мақсатына қарай мұғалім магнитафонға жазып алып, сабақтың түрі мен дидактикалық ұстанымына сай байланыстыра пайдаланады.
22. Мектепте әдебиеттен білім берудің мақсаттары, міндеттері.
Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары:
1. Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пәні болғандығы әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
3. Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, жалғаспалық әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.
4. Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету.
5. Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын байыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру.
6. Әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.
7. ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
8. Тәрбиешілік мақсат. Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.

Әдебиет әдістемесінің міндеттері:



  • Білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;

  • Әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;

  • Әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;

  • Сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;

  • Сыныптан тыс оқу кітаптары;

  • Көрнекі құралдар: синтетикалық, синхроникалық кестелер, альбомдар, портреттер;

  • Техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.

23. Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары.
Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Көптеген ғалымдар, психологтар, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.


Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.
Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-тегі жасөспірімдер.
Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар.
Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді. Мысалы, (жазбаша тапсырмалар):
А) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;
Ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату; Бір кейіпкердің іс – әрекетіне мысалдар келтіру.
Б) жазбаша викторина жүргізу. Мұғалым ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі, қайда айтылған сөз?» деген сияқты сұрақтар қойып, жауап алады.
В) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;
Г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;
Д) әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру. Бұл жұмыста «көкпарға» екі баладан шығады. «Көкпарға» тартылатын өркем туындылардан құрастырылған сұрақтар, жазылған үлестірме қағаздар болады. Жауап өте тез айтылуы керек, ойлануға көп уақыт берілмейді. Тез жауап берген бала «жеңімпаз» атанады.

24. Көркем шығармаларды оқып-үйренудің негізгі әдіс-тәсілдері.
Көркем мәтіндердің тақырыбы мен идеялық мәні оқушылардың бірден дұрыс және жетік түсінбеуі, көбінесе сол тақырыптың ауыр- жеңілдігіне, яғни таңдап алынған мәтіндердегі сөйлемдердің молдығына тікелей қатысты болады. Сондықтан да осы сияқты нысандарды түсіндіруде, нақтылы әдістемелік жұмыс жүйесі талап етіледі.

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді игерту оқу және сабақ үдерісінің әр басқышында іске асырылады. Сондықтан да мәтін материалдарын оқыту үстінде түсініксіз сөздер мен жұмыс істеу мәтін оқу алдында, оқу тұсында және оқып болғаннан соң алып барылады. Осы тұста тіл мен әдебиеттің байланыстылығы айқындалады. Әдеби мәтіндерде кездесетін сөздердің мағыналық және тілдік мәні еске түсіріліп, оған талдау жасалады.

Мәтіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беру материалды оқыту үстінде жүзеге асырылады. Мұғалім түсініксіз сөздерге түсініктемені көркем шығармалардан алған үзіндіні немесе толық түрін оқу тұсында контекспен байланысты ұғындырылады. Мұнда мұғалім бір сөз бен екінші сөзді, бір сөйлем мен екінші сөйлемді, бірінші қайырым мен екінші қайырымды, бірінші бөлім мен келесі бөлімді, алғашқы тарау мен келесі тарауды үнемі қадағалап ұштастырып отырады. Көркем шығармалардан алынған үзіндіні оқу үстінде олардың алдымен жеңіл түрлері ғана бағдарланып, бірте-бірте ауыр нысандар түсіндіріледі.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру мәтінді оқып болғаннан соң іске асырылады. Мәселен, мәтінді мұғалім белгілейді де, оны оқушыға іштей оқуды тапсырады. Оқу үстінде түсініксіз сөздерді белгілеп, сөздік дәптеріне жаздырып қояды. Мәтінді толық оқып болғаннан кейін, дәптердегі жазылған немесе оқу тұсында белгілеп қойылған сөздерге түсініктеме беру жұмысын жүргізеді. Мәтіндегі түсініксіз сөздің мағынасы сол сөзге жуық сөздер мен тіркестерге және сөйлемдерге қарсы қою арқылы түсіндіруге болады. Айталық, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген нәфрәтлі, ғибратлы, ақын-мизам сияқты сөздер кездеседі. Нәфрәтлі – сөзін үлгілі, өнеге, ақын мизам- сөзін таразы, өлшеуіш деген ұғындырған абзал. «Қансонарда бүркінші шығады аңға» деген өлеңінде мына тәрізді түсініксіз сөздер ұшырайды: ғанибет, аңдағанда. Ғанибет – қызық, тамаша, көңіл көтеру мағынасында қолданылады да, ал аңдағанда болса, ол сөз түлкінің ізіне түсушілердің жүріс бағыты мағынасында жұмсалған деп бағдарланған.

Сөздердің синонимін табу жолымен түсіндіру; Мәселен, келбет сөзінің мағынасын ашу қиынға соғады. Себебі конкрет-абстракт сөз аралығын айыра алмау жағдаяттары кездеседі. Сондықтан бұл сөздерді дәл түсіндіру үшін сапалық сын есімдерге жалғап, тіркестіре отырып мағынасын анықтаған жөн.


Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауы үшін тиімді әдістердің бірі – интерактивтік әдіс. Интерактивтік әдіс бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді. Ол ең алдымен қатысымдық іскерлік пен дағдыны дамытады.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде ойын түрінде ұйымдастыру жақсы нәтиже береді.

25. Әдеби талдаудың негізгі тәсілдері, бағыттары.
Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту. Әдеби талдау үшін, ең алдымен, сол көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, Абайдың көп өлеңдерін, соның ішіндегі «Қалың елім, қазағым» өлеңін жазуға әсер еткен, мәжбүр еткен 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қауымының, қоғамының әлеуметтік жайы болған. Немесе Бұқар жырау толғауларының бәрі өз заманының тарихи айнасындай. Оның толғауларын сол өз заманындағы тарихи-әлеуметтік оқиғалар туғызған.
Көркем туынды композициясын талдау тәсіліне бас кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру; негізгі оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің көркем туындыдағы орнына тоқталу жатады. Мысалы, «Қорғансыздың күні» (М. Әуезов) әңгімесінің басында жолаушылар суреттеледі. Әсіресе, Ақан портреті оның нәпсіқұмар жан екенін аңғартады, әңгімедегі негізгі сұмдық оқиғаларды осы портреттеу алдын ала болжатқандай болады.
Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туында негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы

26. Әдебиет сабақтарында қолданылатын жұптық және жеке жұмыс түрлері
Жұптық оқыту технологиясы- бір қатысушы екінші (бір) қатысушыны оқытатын педагогикалық технология түрлерінің бірі. Бұл ретте серіктестерді жұппен ауыстыру мүмкіндігіне ие болу үшін кемінде үш қатысушы қатысуы керек. Жұптық оқыту технологиясыжұптық жұмыс технологиясының ерекше жағдайы болып табылады.
Жұптық жұмыс түрлері әртүрлі:

Студенттердің позициялары (рөлдері);


Мақсаттар;
Мазмұны;
Өзара әрекеттесу техникасы;
Нәтижелер.
Жұптық жұмыстың жемісті болуы үшін оқу тапсырмасын дұрыс құрастыру немесе студенттерді әңгімелесушіге шыдамды болуға шақыру жеткіліксіз. Студенттердің ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, олардың іс-әрекеттерінің нақты және бірізді тәртібін анықтау қажет.
Жұптық оқу жұмысының келесі түрлері ажыратылады: пікірталас, бірлескен оқу, оқыту, оқыту және тексеру. Басқа түрлер де пайда болуы мүмкін.
Оқытудың жеке формасымұғалімнің көмегін тікелей немесе жанама пайдалана отырып, оқушының өз жолдастарынан тәуелсіз өз бетінше тапсырмаларды орындауы болып табылады. Жұмыстың қарқыны оқушының оқу мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне байланысты. Осындай ұйымдаса отырып, оқушылар бүкіл сынып үшін бірдей тапсырмаларды орындайды. Егер оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес құрастырылған әртүрлі тапсырмаларды орындаса, онда оқытудың бұл түрі дараланған деп аталады. Педагогикалық әдебиеттерде оқытудың бұл түрін жүзеге асыру үшін арнайы тапсырмалар жүйесі жасалған: оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, есептер, мысалдар шешу, зертханалық жұмыстарды орындау, эссе, эссе жазу, т.б.. Сонымен қатар, дәреже Студенттердің жеке жұмыстарының дербестігі әртүрлі болуы мүмкін, бұл алдын ала фронтальды талдау, үлгі бойынша тапсырмалар, егжей-тегжейлі нұсқау карталары бойынша тапсырмалар және т.б.
27. Дарынды балалармен жұмыс түрлері
Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған.Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет – ақ.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт.Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.

  1. Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұткыр жоспарын құру;

  2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;

  3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;

  4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын жұмыс түрлері.
1.Берілген шығармадағы кейіпкерлер портретін жасау, оларды мінездеу.
2.Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.
3.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу.
4.Ұйқас ұсыну арқылы өлең шумағын құрастыру.
5.Берілген шығарманың мазмұны бойынша сурет салу.
6.Берілген тірек сөздер, сөз тіркестері арқылы әңгіме жазу.
7.Өлең жазу.
28. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық және психологиялық негізі.

29. Қазақ әдебиетін оқытудың дидактикалық негізі.

30. Көркем мәтінді оқып-үйрену және талдау жұмыстары.
Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды, сөз жоқ, ең алдымен, оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана, қайғыра біледі. Тіпті, сезімтал балалар сол кейіпкерлерге ұқсағысы келеді. Бұндай мәселелер – жаңалық емес, өмір тәжірибесінде анықталған дүниелер. Міне, осы көркем туындыны өз беттерімен оқу кезеңдерінде ең басты мәселе оқушылар назарынан тыс қалады, яғни шығарма авторы, оның туындыны жазған кездегі ойы, мақсаты оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетінің көлеңкесінде қалып қояды. Мұғалім мақсаты – талдау кезінде шығарма негізінде жатқан проблема, оның басты ойы, тілі сияқты сол көркем туындыны құрып тұрған көркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады: 1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.
Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби талдауға баулу жүйелі де сабырлы еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға қандай әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді ұйымдастырғаны ғана шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем туындыны оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде, талдау мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы оқушыларға да тікелей байланысты (көркем туындыны қабылдауы, дүниетанымы мен ой өрісі, сезім дүниесіне де байланысты).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет